Саба? жоспары математика11саныны? бір ж?не екі санына жіктелуі(2-сынып)


11 санының екі бір таңбалы
сандарға жіктелуі мен азайтудың сәйкес жағдайлары
Сабақтың мақсаты: қосу және азайтудың сәйкестік жағдайларымен 11 санының құрамын оқып-үйрену; үйренген есептеу тәсілдерін пысықтау.
Тірек білімді пайдалану.
1.Ауызша жаттығулар:
-«Тізбек» мысалдарды шешу.
3200400251460002743200251460002971800137160002743200251460003886200137160?
00?
342900013716000297180013716000251460013716012
0012
365760025146000800100251460003429002514600057150013716000342900251460001485900137160?
00?
102870013716000571500137160001143001371602
002
+5 +3 +2 -4 -2 -5
12573007620000
2.Математикалық диктант.
Мұғалім тапсырмаларды оқиды, оқушылар жауабын ғана жазады.
Ағашта 5 қарға отыр, тағы 2 қарға ұшып келді. Ағашта барлығы қанша қарға болды?
Шыршаның қылқандары 12 жыл, қарағайдың қылқандары одан 10 жыл кем тіршілік етеді. Қарағайдың қылқандары неше жыл тіршілік етеді?
Сәуледе 2 алма болды, оған тағы бірнеше алма берді. Осыдан кейін Сәуледе барлығы 8 алма болды. Сәулеге неше алма берді?
- Болатта 10 қоян мен аю бар. Егер Болатта 4 аю болса, қоянның саны нешеу?
Бауыржанның 19 төсбелгісі бар, ал Маратта одан 9 төсбелгі кем. Маратта қанша төсбелгі бар?
- Бірінші күні Серікбол 4 бет оқыды, екінші күні 3 бет, ал үшінші күні оқыған беттерінің саны бірінші және екінші күні оқыған беттерінің жалпы санына тең. Серікбол үшінші күні неше бет оқыды?
- Арсен 4 «бестік» алды және осыншама «төрттік» алды. Арсен барлығы қанша баға алды?
3. «Шырша өсір» ойыны. 10 көлеміндегі сандар құрамын білуді дамытуға арналған.
Мұғалім тақтаға сандардан «шырша» салады. Шыршаның басына құрамы қайталанатын санды жазады. Оқушылар бұтақтарға қосындысы шыршаның төбесіне жазылған қосынды шығатындай сандарды жазады.
4. Қалып қойган санды жаз:
6 + 4 + ٱ = 158+ ٱ+7 = 177+ ٱ+ 2 = 12
12 – 2 - ٱ =517 - ٱ- 3 = 716- ٱ- 2 = 8
Жаңа тақырыпты меңгеру.
Жаңа тақырыпты таныстыру кернекі құралдардың көмегімен жүргізіледі. Екі қатар қалталары бар тақтайша ілінеді. Әрбір қатарда 10 қалтадан бар. Мұғалім балаларға қосу және азайтудың жаңа мысалдарын шешетіндіктерін айтады. Ол 9 шаршы және 2 деңгелек көрсетеді. «Барлығы неше фигура көріп тұрсындар? Фигуралардың жалпы санын қалай есептеуге болады?». «Жоғарғы қатарға 9 шаршы қоямыз. Бұл қатарға тағы қанша дөңгелек қоюға болады? Бірінші қатардағы қалтаға 1 доңгелек қоямыз. Онда фигуралар саны қаншаға жетті? Тағы қанша фигура қосу керек? Оларды төменгі қатарға қоямыз. Барлығы қанша фигура болды? Біз неге алдымен 1 дөңгелек қостық? Біз 2 санын қалай қосқанымызды тақтаға жазамыз». Мұғалім бірінші жолды жазады, оның астына екінші жолды жазады. Жазу барысында түсінік беріп кетеді:
9 + 2 = 11
9 + 1 + 1 = 11
«9-ға 2-ні қосу қажет. Біз бөлшектеп қостық. Алдымен 1-ді костық. Сонда 10 шықты. Содан кейін тағы 1-ді қостық, 11 болды. 9-ға барлығы 2-ні қостық. Яғни, 9-ға 2-ні қосса, 11 болады».
«11-ден 2 санын қалай азайтуға болады? Алдымен нешені аламыз? Неге алдымен 1-ді алдық? Тағы неше алу керек? 11-ден барлығы неше санды алып тастадық?» Мұғалім тақтаға мына өрнектерді жазады:
11 – 2 = 9
11 – 1 – 1 = 9
«11-ден 2-ні аламыз. Бөлік бойынша аламыз. Алдымен 1-ді аламыз, 10 болады. Содан кейін тағы 1-ді аламыз. 9 қалады. Осы мысалдарды дәптерге жазып, есте сақтаңдар».
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу тақтада жан-жақты түсіндіріліп орындалады. Мұғалім тақтада 11 санының құрамы жазылған үйшікті алдын ала дайындап қояды (ал кейін кестелік жағдайдың қалғандарын) және оқушылармен бірге орындайды.
Алғашқы пысықтау үшін 2 және 3-жаттығулар ұсынылады. Қалған тапсырмалар мұғалімнің қалауына қарай орындалады. 10-нан аттап өтуге берілген мысалдарды шығару кезінде оқушылар есептеу амалдарын айта отырғаны жөн. 7-тапсырманы орындау үшін мұғалім әрбір оқушыға үлестірмелі материал өзірлейді.