?.?астеев атында?ы м?ражай?а саяхат


Күні: 9 «А» 9 «Б» 26.12 9 «В» Уақыты: 9 «А» 9 «Б» 9 «В»
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9 сыныптар
Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев атындағы мұражайға саяхат
Сабақтың типі: интербелсенді
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, диалог, дарынды балалармен жұмыс
Талантты және дарынды балалар: Үсенова Амина, Болдырева Дарья, Ли Анастасия
Сыни тұрғыдан бағалау үшін зерттеуге алынған: Киманович Анна, Ким Виктория, Сбитнева Юлия
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет
Негізгі түсініктер:
Сурет галереясы, портрет, қылқалам, қылқалам шебері, көркемсурет
Өткен сабақпен байланысы:
Сурет галереясы туралы алған білімдерін бекіту Бағалау:
*жұмысты бағалау (формативті бағалау)
*сапалы білімді бағалау Көрнекіліктер:
ноутбук, флипчарт, суреттер, фишка, стикер
Өлшемдік ойлау қабілеті: 9 сыныптар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: суретшілер, сурет көрмесі , картиналар туралы мәтіндермен танысу. Белгілі қылқалам шеберлерімен танысып, олардың бізге қалдырған мұраларын білу. Әртүрлі жағдаяттарға әңгімелер құрастыру, топтық жұмыстар орындау
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын сыни тұрғыда ойлау арқылы арттыру, логикалық ойлауларын, сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелік: өз елінің сенімді, білімді, сауатты, заман талабына сай білікті, ізденімпаз азамат болуға тәрбиелеу
Формативті бағалау нормасы:
- тапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық)
- тапсырманы жақсы орындаса (жақсы)
- тапсырманы толық, нақты орындаса (өте жақсы)
Оқушыларды жеке бағалау кестесі:
Оқушы тегі: 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 4 тапсырма Жалпы балл Бағасы
Көрнекіліктер: флипчарт, суреттер, ноутбук, фишка, стикер
Уақыты Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Басталуы:
5 минут Сыныппен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, беске дейін санату, біркелкі сандар бірлесіп, үш топ құру. Мұғалім сабақты бастайды.
Оқушыларды топқа бөледі. Оқушылар тыңдайды.
Топқа бөлінеді.
Түсіну
10 минут Бүкіл сыныптың жұмысы:
Топтарға бөлінген оқушылармен әртүрлі жұмыстар жүргізу. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Үй тапсырмасын бекіте отырып, жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу. Сыни тұрғыдан ойлану үшін әр топқа суреттер тарату, сол суреттерге қарап отырып, қысқаша әңгіме құру, сұрақтар даярлау
Дарынды және талантты балаларға
«Ә.Қастеев атындағы мұражай » деген тақырыпқа слаид, баяндама дайындау Мұғалім сабақты жалғастырады: фишка арқылы бағалауды түсіндіру, оқушыларды топтарға бөліп, топтар арасында сұрақ –жауап жүргізеді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Тапсырма 20минут Тапсырмаларды түсіндіру
1.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу
2. Аударма ( орыс тілі, ағылшын тілі)
Өздеріне таныс емес сөздерді аудару
3. Шығармашылық тапсырма. Диалогтік әдісті пайдаланып, «Ә.Қастеев атындағы мұражайға саяхат» деген тақырыпқа диалог құрастыру
4. Диалогта қалау рай тұлғасындағы етістіктерді қою
5. Қалау рай етістікте тұрған сөздерді жіктеу
6. Жас ерекшеліктеріне қарай осы тақырыпқа сызба немесе жоспар дайындау
7. Осы сызба немесе жоспар арқылы қысқаша берілген тақырыпты баяндап беру Мұғалім түсіндіріп болған соң, оқушылардың жауаптарын талдап фишкамен бағалап жүреді.
Сөздік жұмыс беру. Тапсырмаларды орындайды.
Берілген сөздерді орыс, ағылшын тіліне аударады.
Талдау
5 минут Өткен сабақ бойынша қысқаша талдайды. Ең көп фишка жинаған оқушы көшбасшы болады. Мұғалім тыңдайды. Көшбасшы сайланады. Оқушылар талдайды.
Бағалау
5 минут Өздерін фишкалар арқылы бағалайды. Мұғалім бағалайды. Оқушы өздеріне баға береді
Қорытынды Сабақ бойынша алған білімдерін сұрақтар қойып қорытындылау. Үйге тапсырма:
Диалог дайындау Мұғалім тыңдайды. Оқушылар қорытады.
Рефлексия Бүгінгі сабақ оқушыларға түсінікті, әрі қызықты өтті. Фишкамен бағалау оқушыға жоғары баға алуға мүмкіндік берді, қызығушылықтарын оятты. Мұғалім оқушыдан не білдің? Не түсіндің?деп сұрайды. Оқушы өз әсерлерін айтады.