Сынып са?аты Мені? Отаным ?аза?стан (4 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
Мақсаты:
Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген   сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету  Тәуелсіз, бейбіт еліміздің конституциясына 20 жыл, Ұлы Отан соғысына 70 жыл туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,   саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.  Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер.  қаз. картасы. Сабақтың барысы:  Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы  Бүгін саған әлем түгел қарайды  Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның  Бейбітшілік таңы әр кез арайлы   Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы   «Менің Отаным Қазақстан»Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.   
Оқушылар1. Қазақстан дейтін менің бар елім  2. Жатыр алып жарты дүние әлемін  3. Бұл даланы анам жаспен суарған  4. Бұл далада атам қолға ту алған  5. Бұл далада жылап келіп уанғам  6. Бұл даланы көріп алғаш қуанғам  7. Бұл далада өскен жанда жоқ арман  
Міне, көрдіңдер ме, балалар елімізді мақтан етіп жырлайтын біздің шежірелі тарихымыздың айтары көп.
Келесі кезекте сөз жұмбақ шешіп көрейік. Сөз жұмбақта бірінші әріпті алу арқылы құрастырамыз. Сұраққа жауап беремізде сол жауаптың бірінші әріпін алып тақтаға ілеміз.
Әуезовтің есімі (Мұхтар)
Әнші Хасанғалиевтің есімі (Ескендір)
ҚР президенті (Нұрсұлтан)
Өзіңнен кіші ұл баланы кім дейміз (іні)
Қасқыр аю, түлкі, қоян нелер (аң)
Нені сүю отбасынан басталады (Отанды)
16 желтоқсан қандай мереке (тәуелсіздік күні)
Елордамыз (Астана)
Ұлыстың ұлы күні қай айда болады. (наурыз)
Ырыс алды - (ынтымақ)
Білім мекені (мектеп)
Қазақтың үш биі Әйтеке би, Төле би және (Қазыбек би)
Биыл құрылғанына 20 жылдығы аталып жатқан қандай мейрам (ассамблея)
Абайдың әжесі кім (Зере)
Қазақтың бас ақыны (Абай)
Суретші Әбілхан ..... (Қастеев)
Ақан .... (сері)
Қойдың құмалағынан жасап шығарған ұлттық ойын (тоғызқұмалақ)
Төрт жыл мезгіліне өлең жазған кім (Абай)
Қасиетті киелі.тағам, (нан)
Бүгінгі біздің білім күніне арналған білім министирлігінің бұйрығымен бүкіл мектептерде «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өткізіліп жатыр.
Ендеше, кәне, балалар айта қояйық ел тарихынан не білеміз.
-дұрыс айтасыңдар тарихта қалған осы жылдардың азабын біз білеміз.
Десек те біздің білмейтінімізде бар шығар.
Қазір біз ойын ойнап, озып көрейік. Мына сандар артында суреттер жасырылған сол суреттер тарихын айтып береміз.
Елтаңба
Ту
Батырлар
Соғыс
Тәуелсіздік құрбандары
Ақындар.
-Жарайсыңдар, балалар.
Келесі ойынымыз суреттегі Қазақстан картасын көріп тұрмыз ия. Енді мен сіздерге парақшалар таратам сіздер сол парақшадағы елдің атын картаға апарып түсіріп көріңіздер.
-міне, Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы. 
Еліміз жеріміз туралы өлең шумақтарын оқып жіберейік
Көгінде күн нұрын төккен  Жерінде гүл жұпар сепкен  Неткен сұлу неткен көркем  Осы менің туған өлкем  Алтын дәнді даласы бар  Ақ күмістей қаласы бар  Неткен сұлу неткен көркем  Осы менің, туған өлкем!  Ер еңбегі шалқып тасқан  Ел еркіндей бақыт тапқан  Неткен сұлу, неткен көркем  Осы менің туған өлкем!  
- Балалар мына өлең жолдарында не туралы айтты?
- Көк аспанда алтын күн.
Көк аспанда жас қыран,  Естілгендей біздің үн.
Сол ғарыштың астынан.  Қыран құсым көк аспанда самғасын  Желбіресін көк байрағым сан ғасыр  Жас ұландар, берік ұста туыңды  Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.   Еліміздің рәміздерін атайық.   (Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)  1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.   Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.   Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков   Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.   Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.  Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.   Біздің еліміз  Қазақстан Туымен тұғырлы  Елтаңбасымен еңселі  Әнұранымен айбатты  Ән. Елтаңбасы елімнің  Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.   Ақын – жазушыларымыз   Қандай сұлу, қандай көркем,   Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.   Р.Ш. Әйнегі күн – шатыры аспан  Л.А.Кең дала, төсі толқыған егін.  Р.Ш.Көлдері көкке күмістер шашқан  барлығы бірге: Қазақстан – Республикам менің!  Р.Ш. Айқаста жаудың алқымын сыққан  Л.А.Ажалға қимай намысты елін  Р.Ш.Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан  барлығы бірге :Қазақстан – Республикам менің   Р.Ш. Абай туған, Сәкен Туған  Л.А. Құрметте досттым қазақтың жерін  Р.Ш.Қамбаға жылда мол астық құйған  барлығы бірге: Қазақстан – Республикам менің!  Ляззат А.- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген   Жөргегімде таныстым мұң тілімен  Жылағанда жүрегім күн тұтылып  Қуанғанда күлкімнен түн түрілген  Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.  
Роза апай Біз, қазақ – мал баққан елміз  Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз  Басымыздан құт-береке қашпасын деп  Жеріміздің шетін жау баспасын деп  Найзамызға үкі таққан елміз  Ешбір дұшпан басынбаған елміз  Басымыздан сөз асырмаған елміз  БіргеЖелдей еркін, түздей кең, таңдай азат  «Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.   оқушылар өлеңдері:Көк байрағын көтеріп  Желбіреткен қазақпыз  Түбі бірге бауырды  Елжіреткен қазақпыз  Бостандықты сағынып   Қолына алған қазақпыз   Жұлдызымыз жарқырап  Жолы болған қазақпыз  
Хормен:
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат  «Мен қазақпын» деген де қандай ғажапкәнеки балалар ортаға шығып «Қара жорға»  биін билейікБайтақ дала – жерім менің  Арта берсін жерің сенің  Көк байрағың желбіресін  Егеменді елім менің  
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
Алғашқы оқу күні құтты болсын!!!
Лозовое орта мектебі

Сынып сағаты

Өткізген: Алиева Л.А.
Курмашева Р.Ш.
2015-2016 оқу жылы