Т?рбие са?аты Елі с?йген, елін с?йген -Елбасы


49663352152650 «Елі сүйген, елін сүйген -Елбасы!»
Ниязова Жанаргуль Турдахуновна
«Қуаныш» балалар бақшасы-мектеп
білім беру комплексі» мекемесінің
ІІ санатты тәрбиешісі, Семей қаласы
Тақырыбы: «Елі сүйген, елін сүйген -Елбасы!»
Мақсаты:балаларға еліміздің жеткен жетістіктері туралы Елбасының аянбай еңбек етуі арқылы келгендігін ұғындыру;Елбасының өмірі мен еңбек жолы жайлы қысқаша мәлімет бере отырып балаларға өлеңдер жаттату; сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.
Құрал-жабдықтар:Елбасының фото суреттері, слайд. «Үш қоңыр» ән
Қостілділік компонент:Елбасы-президент,ел ардақтысы-уважаемый в народе человек,туған ел-родная страна,дамыту-развивать.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балаларды шеңберге тұрғызып, өлең арқылы балалардың зейінін аудару.
Бір шаңырақ астында
Тату- тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан
Бірлік –асыл мұрамыз. Балалар шеңберге тұрып өлеңді іс-қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастыру-іздестіру -Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
-Осындай кең байтақ еліміз бен жерімізді кім басқарып отыр?
-Біздің Елбасымыз кім?
-Еліміздің астанасы қай қала?
-Былтырдан бастап 1-желтоқсан «Елбасы күні» болып жарияланғанын білеміз.Осыдан 22 жыл бұрын дәл осы күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Елбасы болып сайланды.
Нұрсұлтан атамыздың өмірі мен еңбек жолына арналған шағын бейнекөрсетілім.
Кәне, балалар, назар аударайық./Бейнекөрсетілім/
-Мына суретте Елбасымыздың ата-анасы бейнеленген.
Кәне, балалар, көріп-білгендеріміз жайлы әңгімелейік.
-Елбасы мектепте тек «бестікке» яғни тек жақсы оқыған екен.
-Ол сол кезде-ақ біліммен қатар өнерді бойына сіңіріп өскен. Домбыра тартып, ән салған, спортпен шұғылданған.
Өте мейірімді, үлкенге де, кішіге де әркез көмектесе кететін елгезек, ұқыпты бала болған екен. Елбасы болып сайланғаннан бері осы жылдар ішінде ол еліміз үшін, сендер сияқты бүлдіршіндер үшін, ана, ата, әжелеріміз үшін аурухана,балабақша, мектеп, тұрғын үйлер салдырып көптің алғысына бөленді.
Сергіту сәті.
Туған өлке-кең далам,
Мәңгілік бақыт орнаған.
Сайрандаймыз саяңда,
Ерікті ұлан-біз балаң.
-Балалар, елбасы жайында тақпақ,өлең білесіңдер ме?
Теледидардан Президент туралы слайд көру «Елі сүйген, елін сүйген -Елбасы»
-Қазақстанда.
-Президент.
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Астана қаласы.
Балалар слайд көруге дайындық жасайды.
Балалар да Елбасы сияқты тек «беске»оқығыла келетіндерін айтады.
Балалар Елбасы сияқты тіл алғыш, елгезек болуға уәде береді.
Балалар сергіту жаттығуларын орындайды.
-Білеміз.
Балалар:
Елбасымыз ол біздің
Нұрлы жолға бастаған.
Болашаққа жол ашып
Бүлдіршінді қолдаған.
Теледидардан елбасы туралы слайдты тамашалайды.
Рефлексивті-түзету -Балалар, біздің жарқын болашақта өмір сүруіміз,ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, еліміздегі ұлтаралық татулық,бейбіт өміріміз-осының бәріне біздің Елбасымыз өзінің үлкен үлесін қосып, бізді осындай дәрежеге жеткізіп отыр.Мына өлең жолдарын Елбасымызға алғысымызды айта отырып жаттайық.
«Біздің Елбасы» өлеңі
«Елбасы» деп ең дана
Мақтанамыз біз, аға.
Жүрек сөзін жеткізді
Мақтанышпен бар бала.
Жайнатамыз даланы,
Әсем қала саламыз.
Танытатын өз елін
Бізде сіздей боламыз.
«Үш қоңыр» әні баяу орындалып тұрады
Балалар осындай жақсы өмірге жеткізген Елбасы екенін айтады.
Балалар өлең шумағын жаттап,Елбасыға деген құрмет сезімдерін жеткізеді.
ҰОІӘ барысында әнді тыңдайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Елбасының өмірімен,еңбек жолымен танысты.
Қандай түсініктерді игерді:Отанға, Елбасыға деген құрмет сезімдері оянды,түсініктері кеңейді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Елбасыға арналған өлең шумақтарын жаттады,сөздік қорлары көбейді.