Класс са?аты Т?уелсіздік — т?у етер жал?ыз кие?


Тақырыбы: «Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз киең».
Мақсаты: Оқушыларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патроиттық сенімдерге баулу. Тәуелсіздікті сақтап, Отанды , елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту. Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы білгендерін ортаға салу. Жарқын болашаққа деген сенімдерін қалыптастыра саналы да, білімді азамат тәрбиелеу. Көрнекілігі: Рәміздер, Отан туралы қанатты сөздер, слайд, желтоқсан құрбандарының суреттері (буклет). Өтілу барысы: Психологиялық дайындық. Өсіреміз орманын, Ей, қазақтың ұланы, Біз соңынан ереміз. Болғайсың қала ұланы. Елбасының арманын Жер- суын қорғау бабаның, Жерге гүл ғып егеміз. Емес пе еді ұраны! Оқушыларды топқа бөлу. І-топ: «Бәйтерек» ІІ-топ: «Ту»; ІІІ-топ: «Елтаңба» Кіріспе: -Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең» демекші Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз. Биыл Тәуелсіздігіміздің неше жылдығы тойланып тоыр?
Ия, Тәуелсіздік жолы бізге оңай жолмен келген жоқ. Көптеген қан төгіспен, зор күштің арқасында егеменді ел болып отырмыз. Қазір біраз тарихқа тоқталайық. Сонау 18 ғасырдан бастап Қазақ хандығы басынан қилы замандарды өткерді. Қазақ атамыз басынан қилы замандарды өткере отырып, бүгінгі арайлы таңға қол жеткізді. Сұрақ- жауап: - Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? Желтоқсан оқиғасы не үшін болды? Кімдер қатысты? Құрбандары кімдер? Желтоқсан құрбандарына 1 минут үнсіздік. Слайд көрсетіледі. Қасымжомарт: Қабірден хат. Әділбек К. Желтоқсан өлеңін оқиды. - ҚР- ның тәуелсіздік алған күні қай жылы ? 16-желтоқсан күні 1991 жылы Тәуелсіздік туралы Заң қабылданған күннен бастап бұл күн тарихта елеулі оқиғалардың бірі болып саналады. Осы күннен бастап жас егеменді елдің тарихы басталды. Қазақстан Республика болып жарияланып, жаңа тарих беттерін ашты. – Ақмола қаласы қай жылы Астана деген атқа ие болды? Егеменді Қазақстан Республикасының тарихында Елордамыздың тарихы ерекше. 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстанның ресми астанасы болып жарияланады. 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола Астана деген атқа ие болады. 1998 ж. 10 маусымынан бастап жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті. Сол күннен бастап Есілдің сол жағалауында жаңа қала бой көтерді Тәуелсіздік туралы кім тақпақ айтады? (оқушылар білетін тақпақтарын айтады). Рәмәздерді ата. - ---Тудың авторы кім? Елтаңба Авторы кім? -Әнұран авторлары кім? Оқушылардың жауабы тыңдалады.
Олай болса, Астана қаласына ойша саяхат жасайық. Оқушылар өз білгендерін айтады.
Сергіту сәті.
Ассоциация құру. Бас қала ұлы қала әсем қала
Астана


Елорда астанасы Жас қала Олай болса Астананың көрікті жерлерін қарайық. (слайд)
Үш топқа тапсырма: І-топ: құрастыру. Өз топтары туралы не білетіндерін ортаға салу. ІІ-топ: Өз топтарының атауын қорғайды суретін салады. ІІІ-топ: Өз топтарының атауын қорғайды, 4 жол өлең құрастырады. Қорытынды: Барлық оқушылараға естелік ретінде Сыйлық таратылады. Әнұранмен аяқталады.
Ақтөбе қаласы №57 жалпы білім беретін орта мектебі


Тақырыбы: « Тәуелсіздік –тәу етер жалғыз киең».
Өткізген: Кузембаева М.Б.

2016-2017 оқу жылы