МБББ 2016 — ?а с?йкес мектеп жасына дейінгі балаларды а?ылшын тіліне ?йретуді? негізгі к?з ?арасы


Мектеп жасына дейінгі жас – жеке тұлға дамуының ең маңызды кезеңі. Сондықтан мектепке дейінгі білімнің кезеңі түрлі саланың мамандарының көңілін алады.
Егер қазіргі білім берудің міндеттерін толығымен қарастырсақ, соңғы кездері түрлі құзіретті дағдылануға: әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени, коммуникативтік және т.б. білімнің икемі, ептілігі және меңгеруін қалыптастыру көрінісінен алғашқылығын орнынан жылжығанын белгілеуге болады. Әрине, мектеп жасына дейінгі құзіреттілікті қалыптастыру ерте, дегенмен негізін дәл осы кезеңде белгілеп қою керек. Сондықтан мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мәдениет аралық кеңістікте жөн таба алуға ерік беретін, жеткілікті кең ойы бар, адамға үйір, басқа мәдениет өкілдеріне төзімділік, әлеуметтік батылдық сияқты ерекшеліктері бар өзекті мәселе болып табылады.
Осындай тұлғаны қалыптастыруда нақты үлесін мектепке дейінгі жастағы шетелдік тілін үйрету, соның ішінде ағылшын тілі кіреді. Мектепке дейінгі жас шетелдік тілін меңгеру үшін бірегей болып табылады. Бала басқа мәдениет өміріне, тіліне және тілдесуіне кіреді. Шетел тіліне оқыту коммуникативті функцияны дамыту, естерін дамыту, шығармашылық қиялдарын, ойларын, ой-өрісін кеңейтуіне мүмкіндік туғызады. Балабақшада шетел тілін оқытудың басты міндеті – балаларға ауызша тілдің қарапайым дағдыларын әдеттендіру, яғни шетел тілін есту кезінде түсінуге және өтілген тақырыпқа оңай әңгіме жүргізуге. Осының барлығы соңғы қорытындысында баланың ақыл-ой дамуында қолайлы білінеді. Ағылшын тілін үйрену балабақшада тәрбиелеудің барлық жүйесімен ажырағысыз байланысты болуы керек. Бұл байланыс тілдік материалдың тікелей меңгеруіне және балалардың байқағыштық, ұғымталдық, шапшаңдық сапалығын дағдылануына мүмкіндік туғызады.
Үлкен нәтижелілікті тәрбиеші балалармен барлық күн бойына айналысса, сонда ғана қол жеткізуге болады. Алайда, ол әрдайым мүмкін емес. Бұл жағдайда мұғалім сабағының бөлігін тек қана топтық бөлмеде ғана емес, сонымен бірге кәдімгі жағдайда киінетін бөлме және жуынатын бөлмеде, серуен кезінде өткізуге тырысуы керек. Сабақ орнын таңдау оқытылатын тақырыппен анықталады.
Белгілі болғандай, ата-аналар балаларына жан-жақты тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз етуге тырысқан және тырысады да.
Біздің бақшаның негізінде “Английский язык для дошкольников” үйірмесі жұмыс істеді. Ата-аналар балалары осы тіл айрықша танымал, таралған және түрлі салада пайдаланатын болғандықтан, оқығанын тілейді. Бұдан басқа, балаларға да ұнайды. Ағылшын мазағы, санамағы тентектігі, ағылшын дыбыс тіркесі мен дыбысқа еліктеуі жанды айрықша әр алуандығы - осының бәрі мектеп жасына дейінгі балаларды немқұрайлы қалдырмайды. Ағылшын тілін үйрену үшін жоғары жастағы балалар алынады, аптасына бір сағат, жылына 36 сағат. Тілдік материалды сапалы меңгеру үшін бұл аздық етеді, дегенмен, жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Сабақтар аптасына бір рет мемлекеттік және орыс тілінде жоғары топ балаларына өткізіледі. 15 баладан артық топты топшаға бөлеміз. Жоспарлау кезінде келесі әдістемелік құралдар пайдаланылды: “Английский для малышей” авторлары Шишкова И.А. и Вербовская М.Е. (Н.А. Бонк редакциясы бойынша), “Hippo and friends” Cambridge University Press баспасы, сайт – The many Educational Benefits of play with Finger Puppits, HYPERLINK "mailto:info@mapleleaf.jp" info@mapleleaf.jp, englishhobby.ru , An introduction to fingerplays and Action verses(Ruth I.Dowell) интернет ресурстары және “105 занятий по английскому языку для дошкольников” И.В.Вронская.
Сабақты жоспарлауда мынадай тақырыптар қосылды: “Приветствие”, “Знакомство”, “Игрушки”, “Цвета”, “Счет”, “Домашние животные”, “Дикие животные”, “Семья”, “Мое тело”, “Одежда ”, “Продукты. Еда.”, осы жылы бірінші рет жаңа бағдарлама бойынша “Драматизация сказок” тақырыбы пайда болды.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқыту жүйесін ұйымдастыру кезінде мынадай мақсаттар мен міндеттер қойылады:
-Баланы шетел (ағылшын) тіліне және ағылшын мәдениетіне араластыру.
-Қарапайым диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету.
-Ақыл-ой және физикалық; эмоциялық күй және сезім; күнделікті әрекет; мереке және тойлар; таңғажайыптық және ертегі өмірі қабілетін дамыту.
- Машықтарын қалыптастыру:
- балаларды театрландырылған ойындарға оң қатынас;
- таныс сюжет бойынша ертегілерді драматизациялау;
- Театрландырылған өнердің әртүрлі түрі мен жанры тәсілін меңгеру (драмалық, музыкалық, қуыршақ, жануарлар театры және басқа);
- кейіпкерлердің өзгешеліктерін беру үшін айқындық әдісін пайдалану;
-тұлғаның өз ойын білдіру үшін жеке шығармашылық қабілетін анықтау.
Балаларды үйрету:
- театрландырылған қызметтің әртүрлі жанры және түрлі тәсілдеріне (драмалық, музыкалық, қуыршақ, клоундық және басқа);
- фонетикалық естуін дамытуға.
-психологиялық дамытудың құнды және уақытылы шарттарын құру.
Осы міндеттерді шешу үшін тәрбиеленушілердің ата-аналарымен міндетті түрде қызмет істеу керек, өйткені олардың жағынан шетел тілін оқыту жүйесін қолдауы табыстың кепілі болып табылады. Осы мақсатпен әр ай сайын ата-аналар ата-аналарға арналған кеңес және қажеттілік бойынша жеке әңгімелер жоспарланады.
Сабақтар қолжетімді және қызықты түрде өткізіледі. Көбінесе балалардың жасына, олардың қызығушылығына, мектеп жасына дейінгі балалардың туған тілі сөздік тәжірибесі есебіне сәйкес ойын әдістерін қолданамыз. Сонымен бірге сюжеттік, дидактикалық, қозғалмалы, театрландырылған сияқты ойын қызметі қолданылады.
Міндеті сөйлеу және тіл қызметі түрлеріне үйрететін дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Мысалы: ”Чего не стало?” (What is missing?) тілдік ойындар, есте сақтау және зейіндерін дамытады. “Чудесный мешочек” сөйлеу ойыны – түйсінуін. Мистер Тан – тіл туралы ертегі дауысқа еліктейтін фонетикалық ойындар сөйлеудің айқын жағын көзге түсерліктей жақсартады. “Веселая рыбалка” – балаларды табысқа бағыт көрсететді. Сабақта анықталған тақырыптар бойынша түрлі-түрлі жаңылтпаштар, мазақтамаларды кеңінен пайдаланамыз. Сондай-ақ балалар өлең айтқанды жақсы көреді, әр сабақта балаларға ұнайтын және қызықты, қиын емес өлеңдерді айтамыз. Әр сабақта балалардың дұрыс айтылатын дағдыларының қалыптасуына көңіл аудару керек. Барлық сабақтарды ағылшын тілінде өткізуге ұсынылады, бірақ кей кезде туған тілде өткізу керек. Өйткені, кейбір балалар туған тілге сүйенеді.