Урок по казахскому языку на тему Жыл мезгілдері (5 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.
Сабақтың міндеттері: білімділік – «Жыл мезгілдері» көріністерін сипаттау арқылы оқушыны байланыстырып сөйлеуге үйрету;
Дамытушылық – түрлі тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік – оқушыларды жыл мезгілінің әр уақытын сүйіп, қадірлеуге баулу. Туған жердің табиғатын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жыл мезгілдері туралы толық түсінік алу; топта қарым-қатынас жасай білуді үйренуі; қазақ тілінде оқып , сауатты жаза білу жұмыстарын жандандыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ:
Сабақтың әдісі: жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау; «Ақылды доп» әдісі; диалогтік оқыту әдісі; топпен, жұппен жұмыс;
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: «Жыл мезгілдері» тақырыбына арналған суреттер, плакат, маркер, АКТ, слайдтар, доп.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, шаттық шеңберін құру, топқа бөлу. Жыл мезгілдерінің суреттері бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу, топ көшбасшысын тағайындау.
Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ – жауап «Ақылды доп» әдісі арқылы.
Бір жылда неше ай бар?
Бір айда неше күн бар?
Бір айда неше апта бар?
Бір аптада неше күн бар?
Бір тәулікте неше сағат бар?
Бір сағатта неше минут бар?
Бір минутта неше секунд бар?
Бір жылда неше күн бар?
Қызығушылықты ояту.
1.Бір жылда неше мезгіл бар?
2.4 мезгілді атаңдар.
3.Қазір қандай мезгіл?
4.Күз айлары қандай?
5.Күзден кейін қандай мезгіл?
IV. Мағынаны тану.
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. Ассоциация әдісі бойынша жыл мезгілдерімен таныстыру.
Топтарды жаңа сөздермен таныстыру.
жыл мезгілдері – времена годаканикулда – на каникулах
Жаңа сөздерді оқушылар оқып, сөз тіркестерін құрастырады.
Топпен жұмыс.
4 топтың оқушылары плакатқа жыл мезгілдерінің суреттерін түсіріп, әңгімелеп береді.
топ жаз мезгілін сипаттап айтып береді
топ күз мезгілін
топ қыс мезгілін
топ көктем мезгілін
Тапсырманы әр топтың топ басшылары бағдаршам арқылы бағалайды. Толық жауап берген топты «жасыл» түспен, орташа жауап берген топты «сары» түспен, төмен жауап берген топты «қызыл» түспен бағалайды.
3-тапсырма бойынша сөйлемдерді толықтырып жазады. Тақтамен жұмыс. Әр топ өз мезгіліне байланысты сөйлемдер құрастырып жазады. Мысалы: Көктемде мен саябаққа барамын. Жазда мен лагерьге барамын. Күзде мен мектепке барамын. Қыста мен стадионға барамын.
Мұғалімнің тарапынан формативті бағалау беріліп отырады.
Сергіту сәті.
тапсырма. Төрт сөйлем құрап айт. «Қашан ?» - сұрағына жауап береді.
Маусымда ,шілдеде, тамызда күн ыстық . Қыркүйекте , қазанда, қарашада күн салқындайды. Желтоқсанда, қаңтарда, ақпанда күн суық болады. Наурызда ,сәуірде, мамырда күн жылы.
«Ойнайық та, ойлайық»
Тапсырма жыл мезгілдерінен болады. Әр слайд шығар алдында бір жыл мезгілі туралы өлең шумағы оқылады. Қай мезгіл екенін оқушылар табу керек.
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда топ бала.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
(қыс)
Тапталады табанға,
Судыр – судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
(күз)
Көктен тартып күн нұрын,
Жерден тартып жылылық.
Әнін тыңдап бұлбұлдың.
Бәйшешектер тұр күліп.
(көктем)
Тамыз жомарт бұйырды,
Пісті қауын, алма, өрік.
Жүзім ,алмұрт үйілді,
Дастарқанға сән беріп.
(жаз)
Сөзжұмбақ шешу.
Ай аттары.
1.Үшінші ай аты. 2. Тоғызыншы ай аты. 3. Екінші ай аты. 4. Қыстың бірінші айы. 5. Бірінші ай аты.
6. Бесінші ай аты. 7. Он бірінші ай. 8. Үшінші жаз айы.
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
Знай – біл, Совесть –ар,
Язык - ... Есть - ...
Берег – жаға, Прибавь – қос,
Оценка - ... Друг - ...
Расческа – тарақ, Вода – су,
Урок - ... Флаг - ...
Белка – тиін, Шаг – қадам,
Одежда - ... Человек - ...
Ой толғаныс сәті. Оқушыларға мұғалім тарапынан рефлексия парақтары таратылады, ал оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады. Екі жұлдыз , бір тілек.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 4-тапсырма.