Внеклассный открытий урок на тему Жыл он екі ай
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің гимназияға театр келді. Билет алыңыздар, қалып қоймаңыздар!
Өгей шеше қызымен: Ертең сіңліңнің туған күні. Сен орманнан бәйшешек жинап кел.
Қызы: Мына себетті ал. Гүлсіз қайтпа!
Даша: Ух, шаршадым! Ұйқым келді!
( 12 ай келіп қыздың қасына отырады)
Даша: ой, ой сіздер кімсіздер?
Қыс-қаңтар: Даша біз сені білеміз. Сондықтан саған көмекке бәріміз келдік.
Қыс – Ақпан: Күн суықта, аязда орманда не істеп жүрсің?
Қыс – желтоқсан: Саған не керек? Қолыңдағы не нәрсе?
Даша: Себетке бәйшешек толтыру керек
Қыс (күліп): Қаңтар айында бәйшешек қайдан болсын! Бұны сен бе ойлап тапқан?
Даша: Жоқ, Өгей шешем ойлап тапты! Бос себетсіз қайтпауды бұйырды
(12 ай бір – біріне қарап таңырқайды) (музыка табиғаттың)
Қыс: Гүл таппасаң не істейсің?
Даша: Орманда қаламын ( жылайды)
Наурыз: Қаңтар аға өз орныңды маған бер
Қыс – Желтоқсан: Наурыздан бұрын Ақпан болу керек
Қыс – Қаңтар: Жақсы, мен өз орнымды саған берейін, Айтқандарыңыздай болсын! Енді сенің кезегің Ақпан
Қыс-ақпан: Енді сенің уақытың Наурыз бауырым.
Наурыз: Жылғалардан су ағып,
Құмырсқалар шығыңдар!
Әнші құстар ән салып,
Бәйшешектер өсіңдер.
Даша: Қандай керемет уақыт! Қар, аяз, боран жоқ!
Наурыз: Неге тұрсың Даша, тез бәйшешекті жинап ал. Ағаларым 1 сағат қана уақыт берді.
Даша: ( барлық гүлдерді теріп жинап алады, келген кезде 12 ай жоқ)
Өгей шеше: Бәйшешек қайда?
Даша: (себетті береді)
Қыз: Сен қайдан алдын?
Даша: Орманда мен 12 айды кездестірдім. Олар маған бәйшешек сыйлады.
Өгей шеше мен қыз: Бізде 12 аймен кездескіміз келеді. Сұрайтынымыз көп.
Мамыр: Көктемді бәрі асыға күтеді, көктемді бәйшешек, қызғалдақ шығады, ағаштар бүршік жарады
Сәуір: Сәуір келіп жетті енді,
Дала гүл – гүл жайнайды.
Жырға қосып көктемді,
Әнші құстар сайрайды.
Маусым: Мен жаймашуақ жазбын. Мен барда адамдар көп еңбек етеді.
Шілде:Шілде келді. Бұл бір ай-
Жаз айы ғой ең ыстық.
Апамызға құлпынай
Алша, шие терістік.
Тамыз: Мен ең ыстық жайдары мезгілмін. Жазда адамдар суға шомылады, балық аулайды.
Қыркүйек: Мен күздің бірінші айымын. Мен байлық әкелемін.
Қазан:Қазан келіп, көсілді
Аяқтап жұрт жұмысты.
Тал – дарақтар шешінді,
Қыс қамына кірісті.
Т. Әубакіров атындағы жеке меншік гимназия
Ертегі
«Жыл он екі ай»
2 -сынып
Өткізген: қазақ тілі мұғалімі
Ногайбекова П.М