?аза? тілі п?нінен?з отбасымны? шежіре а?ашын жасаймын та?ырыбында ?ыс?а мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспарПән
Қазақ тілі
Тақырыбы: Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын.
Дауыссыз п мен б. Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Күні, айы: Мұғалімнің аты-жөні:Мухамбетжанова С.О.
Сынып: 2 а Қатысқан оқушылардың саны: Қатыспаған оқушылардың саны:
Осы сабақтың оқу мақсаттары 2.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
2.4.1.3 дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу.
Табыс критерийлеріБарлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап беруді біледі.
дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратып, дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазуды түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі: мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.
дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратып, дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазады.
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып,жауап беріп,өз ойын дәлелді түрде түсіндіре алады.
дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратып, дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазып, өз ойынан мысалдар келтіреді.
Тілдік мақсат Дағдыларды дамыту:
Дауыссыз п мен б дыбыстарының ерекшелігін түсіндіру; диалогке белсенді қатысу;
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Дауыссыз дыбыстар, отбасының шежіре ағашы.
Үш тілде тірек сөзді айту.
Шежіре-генеалогия-genealogy
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Отбасыңда қанша адам бар?
– Олар кімдер?
–Олар үйде қандай жұмыстар атқарады?
Пәндік лексика және терминология: п, б дауыссыз дыбыстар; б дыбысы сөз соңында жазылмайды, тек басқа тілден енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: клуб, штаб, куб, араб.
Алдыңғы білімДауыссыз дыбыстардың түрлері
ЖоспарЖоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс РесурстарБасы (Ұ) Жағымды көңіл күй туғызу.
Бүгінгі сабақта сәттілік! Сәттілік!Сәттілік!Сәттілік!
Мұғалім оқу мақсатын хабарлап, күтілетін нәтижемен таныстырады. Ортасы
Тақырыпты ашу.
(Ұ)«Ойлан, тап!» ойыны
С Ы О
А Т Б
Алдымен қай әріп қандай таңбамен өрнектелгеніне назар аудар. Төменде берілген таңбалар тізбегіне сәйкес келетін әріптерді орындарына қойып оқысаң, бүгінгі сабақта не туралы үйренетінімізден хабардар боласың.
Шешімі: отбасы. Ендеше бүгін сабағымызда отбасы шежіресі туралы, отбасы мүшелері туралы, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйласымды қарым-қатынасы жайлы болмақ.
(МК) Диалогке түсу.
Слайд арқылы отбасы суреті көрсетіледі. Оқушылар суреттегі отбасы мүшелерін атап шығады;
-Отбасында қанша адам бар екенін сана?
-Олар не істеп отыр?
Суретке қарап достарыңа сұрақ қой.
(М.К)Әр адам өзі отбасының шежіресін білуі керек.Қазақта халқында жеті ата деген ұғым бар. Жеті атасын білу әр адамның парызы. Ата,әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,немене.
Өздік жұмыс
Отбасының шежіре ағашын толтыру.
Топтық жұмыс.
Оқушыларды 4 топқа бөліп, қима сөздер таратып беремін.(ата, әже, әке, ана)
Топ ережесін еске түсіру.
Отбасы мүшелері туралы сөйлемдерді толықтыру.
Атам бізге бата береді. Әжем ертегі оқып береді. Әкем ағашты жарады. Анам тамақ дайындайды.
Жариялау: Әр топ өздерінің құрастырған сөйлемдерін оқып береді.
Сергіту сәті: «Бармақ» ойыны.
Қызығушылығын ояту.
Ребус шешу.
Араб,қолғап.
Сөз соңында б естілгенімен п әрпі жазылады.
Клуб, штаб, куб, араб тәрізді сөздердің соңында б әрпі жазылады.
(МК) «Сауатыңды тексер» тапсырмасын орындау.
Тақтаға соңғы әрпi түсiп қалған сөздер жазылады. Көп нүктенің орнына п немесе б әрпінің тиістісін қой.
Қа..., клу..., кәуа.., қалы..., та..., ара... .
Сөздердi бiрнеше балаға дауыстатып оқыту.
Өздік жұмыс.
Дәптердің 22-бетіндегі 1-тапсырманы орындау.
– Балалар, осы сөздердiң соңында б дыбысы естiлiп тұр. Ал сендер нелiктен кейбiр сөздердiң соңына п, ал кейбiр сөздердiң соңына б әрiптерiн жаздыңдар?
Сөз соңында б дыбысы естiлгенiмен, п әрпi және кейбiр басқа тiлден енген сөздердiң соңында б әрпi жазылатындығы еске түсiрiледi. П мен б дыбысына аяқталатын сөздерге мысалдар келтiрту.
– Б мен п дыбыстары туралы не айтуға болады?
– Б – ұяң дауыссыз дыбыс, ал п – қатаң дауыссыз дыбыс.
Қалыптастырушы бағалау.
Суреттің ішінен п мен б әріптеріне аяқталатын сөздерді тауып, астына жаз.
185420141605
Санамақ арқылы тіл жаттықтыру.
Бас бармағым - атам,
Атам - үйдің данасы.
Балаң үйрек-әжем,
Әжем - үйдің анасы.
Ортаңғы терек - әкем,
Әкем - үйдің панасы.
Шылдыр шүмек - анам,
Анам - үйдің ажары.
Кішкене бөбек – мен,
Мен – бәрінің базары. Ойынға арналған тапсырманы интербелсенді тақтада орындауШежіре ағашы
Қима сөздер
Слайд №7
Слайд №8
Слайд №9
Жұмыс дәптері
Саралау тапсырмалары.
Слайд №10
Сабақтың соңы
-Қандай сөздерде б әрпі сөздің соңында жазылады?
-Сенің отбасыңда неше адам бар?
-Анаңның туғандары саған кім болады?
Кері байланыс.
-Отбасы бөлімі бойынша "Мәңгілік ел" идеясының құндылығын ашу.
Қарындашты боя.227788117563
Қосымша ақпарат
Дифференциация Бағалау Пәнаралық байланыс
Оқушыны тапсырмалар барысында қосымша сұрақтар қою арқылы жауабын тыңдаймын. Өз бетімен және топта жұмыс істеу білігі.
Қалыптастырушы бағалау.
Өнер сабағымен, АКТ-ны байланыстыру.
Рефлексия