Математикадан ашы? саба? Та?ырыбы: Онды? б?лшектерді азайту


Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді азайту.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектерді азайту жөніндегі білімдерін кеңейту, толықтыру, өзіндік ізденсітерін қалыптастыру
Ә) дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету, ой қабілеттерін дамыту.
Б) тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: жеке және ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материал, оқу құралдары, деңгейлік тапсырмалар, компьютер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аударту.
ІІ Үй тапсырмасы бойынша: Сұрақтар:
І слайд
1) Ондық бөлшектер қалай қосылады?
2) Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
ІІ слайд.
ІІІ Жаңа сабақ
1 мысал:
-6096034925-
00-

Ондық бөлшектерді азайту үшін:
1) азайғыш және азайтқыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек;
2) ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп жазу керек;
3) разрядтар бойынша азайтып, айырмадағы үтірді азайғыш пен азайтқыштағы үтірлерге тура келтіріп қою керек.
2˚ мысал 17,23 – 8,45 = 8,78.
272415128905-
00-

3˚ : ондық таңбалар саны әртүрлі болса, нөлдер тіркеп жазу.
мыс: 32,85 - 3,675 = 32,850 - 3,675 = 29,177.
4˚. Егер азайғыш натурал сан болса, онда натурал саннан кейін үтір қойып, қажетті нөлдер санын тіркеп жазамыз.
мыс: 49 – 44,72 = 49,00 – 44,72 = 4,28.
28194060960-
00-

ІІ слайд.
ІҮ І.Жаңа сабақты пысықтау: «Кім жылдам? Кім білімді?»
А А А
В В В
С С С
А-деңгей: Шапшаңдық гимнастикасы (ауызша есептеу)
№1: 0,8 - 0,3 = ж/бы: 0,5
№2: 15,3 – 0,3 = ж/бы: 15
№3: 1-0,8 = ж/бы: 0,2
Ү слайд:
В-деңгей «Қане, есептейік!»
№1 Теңдеуді шешіңдер: x + 11,6 = 22,56.
№2 Азайтуды орында: 24,09 – 17,616.
№3 Өрнектің мәнін тап: 6,2 – (a+b), a=2,25, b=3,7.
ҮІ слайд.
С-деңгей: Оқулықпен жұмыс.
1) №1033 2) 1034 3) №1035
ІІ Логикалық тапсырма:
Кестедегі бірінші қатардағы сандардың арасындағы заңдылықты анықтап, екінші қатардағы бос орынды тап:
0,8 1,5 2,3
1,7 x 2,5
2,4 6,6 4,2
3,4 x 7,8

Ү Сабақты қорытындылау
ҮІ Оқушылар білімін бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма. §33, № 1031, 1032.