?аза? тілі 8 сынып Та?ырыбы: Салалас ??рмалас с?йлемді ?айталау
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Салалас құрмалас сөйлемдер туралы білімдерін арттыру, түрлерін ажырата білуге үйрету, сауаттылыққа баулу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, білімге деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау
Көрнекілік құралдар: компьютер, интерактивті тақта, презентация
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа даярлықтарын тексеру.
Сынып 2 топқа бөлінеді.Әр топтың басшысы сайланады.
ІІ Ой сергіту
Әр топ басшысы сұрақтың түсін таңдайды.
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай
Сұрақтар:
Сөйлем деген не?
Құрмалас сөйлемнің түрлері?
Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
Сұрақтар:
Құрмалас сөйлем деген не?
Қандай сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз?
Қандай салаласты ыңғайлас салалас дейміз?
ІІІ Құпия алаң
Екі топтың оқушылары санмен (түрлі-түсті) берілген ұяшықтарды таңдап, жасырылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауаптар ұпаймен бағаланады.
Сұрақтар:
Қандай салаластың түрін ыңғайлас салалас дейміз? 10 ұпай
Қандай саластың түрін қарсылықты салалас дейміз? 15 ұпай
Қандай салаластың түрін түсіндірмелі салалас дейміз? 5 ұпай
Қандай салаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз? 10 ұпай
Қандай салаластың түрін кезектес салалас дейміз? 10 ұпай
Қандай салаластың түрін талғаулы салалас дейміз? 20 ұпай
Себеп-салдар салаластың жалғаулықтары қандай? 15 ұпай
Қандай салаластың жалғаулықтары: я, яки, не, әлде, немесе, болмаса, әйтпесе, мейлі? 15 ұпай
“Компьютер” деген сөзді тәуелде? 20 ұпай
+5 ұпай
“Дәптер” деген сөзді септе 25 ұпай
Сөйлем ішіндегі қаратпа сөздердің тыныс белгілері? 15 ұпай
Сөйлем мүшесінің неше түрі бар? 5 ұпай
“Оқушы” деген сөзді жікте? 15 ұпай
+15 ұпай
Бір өлең шумағын жатқа айтып бер 30 ұпай
Сондықтан, өйткені, сол себепті, себепті қай салаластың жалғаулықтары? 15 ұпай
-5 ұпай
ІV Ғажайып алаң
Екі топ басшылары берілген сөйлемдерді қай салаластың түрі екенін анықтап, сөйлемге кешенді талдау жасайды.
Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
Менде әрі құжат жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің мекенжайы жоқ
V Жұмбақ шешу
Жасырынған жұмбақты таңда. Дұрыс жауапқа 5 ұпай
Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.
(әріптер)
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты.
(өшіргіш)
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған
(бор)
Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң сөйлем бітпейді.
(үтір)
Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр.
(сұрақ белгісі)
Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.
(леп белгісі)
VІ Сабақты қорытындылау
Оқушыларға 10 сұрақтан құралған тест беріледі.
VІІ Бағалау
Жеңімпаз топ анықталып, әр топ оқушылары берген жауаптарына байланысты бағаланады.
VІІІ Үй тапсырмасы
Үш салалас құрмалас сөйлем құрап, оған кешенді талдау жасау. Ережелерді қайталау.
«Восточный жалпы орта білім беретін» ММ
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:
Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау
Пән мұғалімі Е.Сутибаев
Арқалық қаласы, Восточный селосы