Мені? елім — ?аза?стан сыныптан тыс шара


Менің елім - Қазақстан Мақсаты: Қазақстанның физикалық географиясы бойынша алған білімдерін тереңдету, толықтыру, жүйелей отырып, танымдық қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске баулу. І кезең. «Лездеме сұрақтар»Ойын шарты: 10 сұраққа жауап береді. Әр сұрақ 10 балл 1. Қандай белдеумен белденуге болмайды? 2. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? 3. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады Ал 28 саны қай айда кездеседі? 4. Қазақстандағы түсті өзендерді ата? 5. Қазақстанда қандай географиялық объектілер адасып немесе жоғалып кетеді? 6. Қазақстан аумағындағы Орал тауының жалғасы 7. Қазақстанда қанша облыс бар? 8. Геохронологиялық кестеді неше эраға бөлінген? 9. Адамның пайда болуы қандай эраға жатады? 10.Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? ІІ кезең. «Самғау» Сайыс шарты: Әр топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады, егер жауап бере алмаса қосымша көмек алуға болады. Бірақ қосымша көмек алған жағдайда жарты ұпай кемиді, бір сұрақ 20 балл Бұл жер Құрманғазының әсем күйіне арқау болған. Өлке негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ шоқылары аласа таулардан тұрады.   Бұл жазық Қазақстан жерінде Орал тауынан Алтайға дейін ені 200-250 км жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Бұл өлке Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатыр. Қазақстанға оңтүстік бөлігі кіріп жатыр. Ұзындығы – 200 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. ІІІ кезең "Бұл мәлімет шындық па, әлде жалған ба?" 1. Қазақстанның астанасы – Алматы қаласы 2. ҚРастанасы 1998 жылы Алматыдан Ақмолаға көшірілді 3. ҚР өзендері негізінен 4 алапқа жатады 4. Каспий теңізінің суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр 5. ҚР 5 елмен шекаралас 6. Ертіс өзенінің бойында Қапшағай су қоймасы орналасқан 7. Ебі желін сипаттап жазған Ш.Уәлиханов 8. Ің алғашқы Қазақ Ғылым академиясының президенті Қ.Сәтбаев 9. Қазақстанның физикалық географиясы Қазақстанның экономикасын оқытады 10. ҚР территориясын 2 сағаттық белдеу кесіп өтеді IV кезең «Кім тапқыр?»Ойын шарты: берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстыру арқылы жаңа сөздер құрастыру, яғни географиялық объектілердің аттарын табу./1 мин/ Арарақсы - ... Хнаірәтің – ...Ықлааррқа – ...Сліе – ... Лллмеатоип – ...Йзооайкн – ...Уқмзат - ... V кезең «Синквейн»Ойын шарты: бес жолдан тұратын өлең құрастыру. Тақырыпқа байланысты сөз беріліп, сол сөзді төмендегі үлгі бойынша өлең құрастыру 1-жол Сөз – зат есім2-жол 2 сөз - сын есім3-жол 2 сөз – етістік4-жол мағынасын ашатын сөйлем5-жол сөз – синоним «берілген сөздің синонимі бір жол жазылады.