Д?ниетану п?нінен саба? жоспары. Ауыл 2 класс


Мұхтарова Гулмира
Қараой мектеп –бала бақшасы
Ақтөбе облысы ,Ойыл ауданы
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауыл
Сабақтың мақсаты: а) Ауыл, ауылдың шаруашылығы, адамдардың өмірі туралы түсініктерін
қалыптастыру. Ауыл өмірінің ерекшеліктерімен таныстыру.
ә) Ауыл адамдарының еңбегін құрметтеуге баулу.
б) Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Түсінгендерін сұрау.
2.Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Жаңа материалмен жұмыс.
а) Өткен сабақта оқыған фермер шаруашылығы туралы алған білімдерін қайталау.
ә) Қалалықтардың ауылдықтарға көмегі туралы әңгіме өткізу.
б) Ауыл сөзіне ассоциация жасату.
379476010350500104203518923000305181010350500 Фермер Адамдар Мал
шаруашылығы шаруашылығы
130683017399000Ауыл
1089660165100002632710165100003404235165100003794760165100005086353175000Тұрмыс
Еңбек
Техника Егіншілік Құнарлы Жер
2.Оқулықпен жұмыс.
Қ.Нығметованың әңгімесін оқу, сұрақтарға жауап беру.
3.Пікіріңді білдір.
- «Адамдар – ауылдың басты байлығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ауылдың көркейіп, тұрмысының жақсаруы үшін не істеу керек?
4. «Телекөпір» іскерлік ойыны.
Сынып телестудия болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Біреулері – қалалықтар, біреулері – ауылдықтар. Тілші ауыл тұрғындарына сұрақ қойып, әңгіме жүргізеді.
- Ауылдарыңызда еңбектің қандай түрлерімен айналысасыздар?
- Соңғы жылдары ауылдарыңызда не өзгерді?
- Ауыл тұрғындарының тұрмысы қандай?
- Шаруашылық өнімдерін қайда жібересіздер?
- Қала тұрғындары сіздердің өнімдеріңізді пайдаланбай өмір сүре ала ма?
Енді тілші қала тұрғындарынан сұхбат алады.
- Қалада қалай тұрасыздар?
- Ауылға қандай көмек бере аласыздар?
- Ауыл тұрғындарының өндірген өнімдері сіздерге қажет пе?
5. Пікірталас.
«Туған жерге ештеңе жетпес» дегенді қалай түсінесіңдер?
VI.Сабақты бекіту. Қорытынды.
«Менің ауылымның болашағы» тақырыбында эссе жазу.
Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
V.Үйге тапсырма беру. Бағалау.
Мәтінді оқып келу.
«Қазақстандағы ауыл, қалалар. Онда мекен ететін адамдардың тұрмысы қандай? Экономикамыз дамып жатыр ма?» деген сұрақтар көлемінде зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Бағалау.