Т?рбие са?аты. Д?рыс тама?тану денсаулы?ты? басты кепілі.


Тақырыбы: Дұрыс тамақтану денсаулықтың басты кепілі.
Мақсаты: 1.Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, дұрыс тамақтана білуді үйрету.
2.Оқушылардың ой-өрісін дамытып, дүниетанымын кеңейту, мәтіннің мазмұнын айтуға үйрету.
3. Оқушыларды тазалыққа, денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтана білуге үйрету.
Көрнекілігі: постер, слайдтар, видео, маркерлер.
Сабақ барысы:
Жұмбақ жасыру.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі (денсаулық)
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.
Эпиграф«Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» С.Назарбаева
Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін боламыз.
Ендеше бүгінгі сайысымызды бастайық. Оқушыларды екі топқа бөлемін.
Жоспары.
Таныстыру.
«Кім шапшаң» айдары (сұрақ-жауап)
«Жағдаяттарды шешу»
«Тауып көр» (дастархан басында сақталатын ырым тиымдар)
«Тапқыр болсаң-тауып көр» (постер қорғау)
«Жалғасын тап» айдары (мақал-мәтелдер)
«Ойлан тап» тамақтану пирамидасын құру.
Әр топ өздерін таныстырып шығады.
«Кім шапшаң» айдары (сұрақ-жауап)
1 топ.
1. Адам ағзасына пайдалы тағамдар.
2. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
3. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?
2 топ.
1. Адам ағзасына зиянды тағамдар.
2. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?
3. Біз не үшін тамақтанамыз?
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
«Жағдаяттарды шешу»
I-топ: Қанат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп:” Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?”-деді. Қанат анасына : «Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша? -деді.
-Қалай ойлайсыңдар Қанаттың айтқаны дұрыс па?
Жауабы: Қанаттың айтқаны дұрыс емес. Деніміз сау болуы үшін ең алдымен тиімді тамақтану қажет.
II-топ: Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін “Денсаулық “ жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша “Денсаулықты сатып алуға болады “ деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол “Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз “ деді .
-Сендер не деп айтқан болар едіңдер.
«Тауып көр» (дастархан басында сақталатын ырым тиымдар)
1.Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.3. Ас үстінен аттама Астан үлкен емессің4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.5. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды6. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды7. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.8. Ертеңгі асты тастама. Кешкі асқа қарама. Балаға ми жеуге болмайды. Ми жемейді жас бала, Миды ұсын басқаға, Былжыр болып өсеміз, Ынжық болу масқара.9. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйлағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.10. Дастарханнан аттауға болмайды.11. Өле жегенше, Ағайынмен бөле же.12. Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.- Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады
«Тапқыр болсаң-тауып көр» (постер қорғау)
Түскі ас
Таңғы ас

«Жалғасын тап» айдары (мақал-мәтелдер)
1.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.2.Өзі тоймастың көзі тоймас.3.Ет етке, сорпа бетке.4.Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама!5.Өле жегенше бөле же.6.Ауру астан, Дау қарындастан.7.Тәні саудың жаны сау.8.Көзің ауырса, қолыңды тый.9.Ішің ауырса, аузыңды тый.10.Ауру азығымен.
11.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Тамақтану пирамидасынын құрастыру.
Сайысты қорытындылауДана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық» деп білген. Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау.Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділ бағасын беретін әділқазыларға береміз.
«Естай Есжанов атындағы № 9 орта мектеп» КММ
Дұрыс тамақтану денсаулықтың басты кепілі.
Сынып жетекшісі: Шишимбаева Г.Б