?ыс?а мерзімді жоспары «Отбасы алтын ді?гек» ашы? т?рбие са?аты.
Қысқа мерзімді жоспары
«Құрық селосының №1 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Өзін-өзі тану мұғалімі Атшыбаева Г
Тақырыбы: «Отбасы алтын діңгек» ашық тәрбие сағаты.
Мақсаты: Жаңашыл әдіс тәсілдерді қолдана отырып жанұя құндылықтарының маңыздылығын оқушы бойына сіңіру, өз жанұясына, Ата-анасына деген сүйіспеншілігін,сенімін арттыру.Адам өміріндегі отбасының орны мен маңызын айшықтау.
Міндеті: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.Бағыты: Отбасы тәрбиесі бағыты
Табыс критерийлері: Оқушы ата-ана, жанұя, ата –әже ұғымдарының маңыздылығын біледі,түсінеді. Оқушы өз жанұяларын, ата-анасын, сыйлайды дәріптейді. Болашақ отбасы жайлы өз көзқарастарын қалыптастырады. Сүйіспеншіліктің маңызын түсінеді.
Әдіс-тәсілдер: Топпен жұмыс, суретті болжау стратегиясы «Қарттар үйі» «Ата-ана алдындағы қарызың» видео-ролигі бойынша ой-қозғау, «Бақытты отбасы»постері, «Берік шаңырақ» ассоциациясын құрау, сұрақ –жауап.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, плакаттар,маркерлер,үлестірме қағаздар, үлестірмелі суреттер.
№ Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті
Ұйымдастыру
Амандасу, оқушының назарын сабаққа аудару Оқушылар орынан тұрып амандасады.
Суретті болжау стратегиясы Оқушыларға суреттер үлестіріледі,Ата-анаға байланысты мақалды табуға, ойын еркін айтуға мүмкіндік беру Оқушылар Ата-анаға байланысты отбасын бейнелейтін мақалды табады
-Әке –асқар тау
-Ана –бауырындағы бұлақ
-Бала –жағадағы құрақ
Топқа бөлу
Өлең айту І топ: «Үлгілі жанұя»
ІІ топ:«Бақытты жанұя»
ІІІ топ«Бәйтерек жанұя»
Оқушылар топқа бөлінеді
Ой қозғау. Видео роликті ұсыну:
«Ата -ана» алдындағы қарызың. Тамашалайды. Өз ойларын айтады
Бекіту. Отбасы туралы
Ой түйеді.
Ой толғаныс. Видео роликті ұсыну:
«Қарттар үйі» Сұраққа жауап береді
Қорытындылау. Топтық тапсырмалар Тапсырмаларды ұсыну:
І топ: : «Үлгілі жанұя»
«Ата-анам алтын тұғырым» шығарма
ІІ топ: «Бақытты жанұя» «Бақытты отбасы» постері
ІІІ топ: «Жанұя моделі »
Оқушылар тапсырма орындайды.
Кері байланыс « Берік шаңырақ» сөзіне ассоциация құрау.