М??гілік елді? м??гілік тілі


Мәңгілік елдің, мәңгілік тілі
Сөз бастаймын туған тілде нарланып,
Біреу жүр ғой тілім деуге арланып.
Тілсіз ұлттың болмайтынын тереңнен
Шын ұғынып түсінсе екен бар халық.
Шұбарала болып кеткен тілдерің,
Айтатұғын келді бүгін күндерің.
Тілің кетсе күнің қоса кетерін,
Қайран елім қалай ғана білмедің.
Кім сүймесе ана тілін, өз тілін,
Өзге де оны қадірлемей, сүймейді.
Туған тілдің күнәсі мен қасіреті,
Перзентіне, ешкімге оңай тимейді.
Ана тілім, таза тілім айбыным,
Сен барыңда жарқырайды ай-күнім.
Сен арқылы адамзатпен тілдесем,
Сенсің менің бақытым да байлығым.
Ана тілі- бақыт жыры, ар тілі,
Ана туған бар адамзат, балаға.
Ананың жан жарқылы мен жылуы,
От тұтатар жүректерде, санада.
Ана тілін, асыл тілін анадан,
Жүрегімен қабылдайды әр адам.
Анадағы бар қасиет, ар, санадан,
Суарылып, сусындайды барша жан.
Ана тілім- аруақты айбаттым,
Қадіріңді айналайын, қайраттым.
Сенің мерей, беделіңді көтерем,
Ана тілім, мені осылай сайраттың.
Ей,халайық,былғама баба тілін,
Үзіп алма еліңнің аражігін
Дарыта бер,таныта бер бұл тілді
Жаңғырта бер қазақтың асқақ үнін!
Серікбекова Динара
Қармақшы ауданы
Жосалы кенті
Қ.Қазантаев №23
16 жаста
87029705106