Разработка по воспитательный час на тему Келі?із, ке?есейік!


Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі: Нургалиева С.М. Кулагино орта мектебі Сабақтың мақсаты: Денсаулық мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтау туралы түсініктерін бекіту. Ұялы телефон,теледидардың адам өміріне зияны туралы айту.. Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу. Сөздік қорын молайту, ойын жинақы, толық айта білуге машықтандыру. Ұқыптылыққа, денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу. Ұялы телефон балаларға екі есе зиян келтіреді Компьютердің зиянынан қалай қорғану керек  Компьютер тұрған бөлменің ауасын жиі тазалап тұру керек. Сонымен қатар күн сайын ылғалды тазалық жұмыстары жүргізілу керек. Монитормен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 70 см болуы қажет. Ересек адамдар үшін әр екі сағат сайын, ал балалар үшін әр жарты сағат сайын 15 минут үзіліс міндетті түрде қажет. Оқуға тиісті болған құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз, көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы бар. Теледидар балаларда қатерлі ісік қаупін арттыруда Мамандардың айтуынша теледидарды көп көретін балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлер: қатерлік ісік ауруы, аутизм (сыртқы ортадан оқшаулану) және ерте ер жетілу болып табылады. Америкалық Педиатр Академигі «Теледидар және Балалар» атты зерттеулерінің нәтижелері бойынша, 2 жастан төмен балаларға теледидар көруге болмайды. Ұйқы тынық болу үшін » Кешкі ас ауыр болмауы керек. » Таңертең ерте және бір уақытта тұру керек. » Ұйқы кеткенде тұрып, келгенде жату керек. » Салқын, қараңғы және тыныш жерде ұйықтау керек. » Күннің жоспарларын төсекте ойламау керек. » Бегілі уақытта емес, қажет болған уақытта жату керек. » Спортпен шұғылдану маңызды, бірақ жатар алдын болмауы керек. » Жатудан бұрын дене және ақыл белсенділігін азайту керек. » Ұйқы шақыратын дәріні өте қажет болмайынша қолданбау керек. Назарларыңызға рахмет!