Бірінші сыныптарда Х дыбысы ж?не ?рпі атты ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Х әрпі мен дыбысы туралы білім беру,сөз ішінен х әрпін табу.
Дамытушылығы: Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту. Көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, тазалыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,  тізбектей оқу, сұрақ-жауап, түсіндіру, сурет арқылы сөйлем құрау.
Сабақтың көрнекілігі: Х дыбысынан келетін сөздер,асхана, дәріхана cуреттері. 
Пәнаралық байланыс:дүниетану,  математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа   аудару.
 Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздергеҚұрметпенен біз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Ю дыбысы қандай дыбыс?
-а ю дыбысы бар сөздерді айту:
-ю дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу.
-А - ю, о - ю, то - ю, қо - ю, ү - ю.
-«Жарыс» мәтінін үш, төрт балаға  оқыту. Түсініктерін сұрау.
Үй тапсырмасын бекіту:
«Кім зерек?» ойыны.
Үш дыбыстан құралатын 10 сөз айту.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жұмбақ жасыру.Аяғы жоқ жүреді,
                                   Аузы жоқ сөйлейді.
-Балалар,  кәне менің осы жұмбағымның жауабын кім айтады?
-Хат. 
-Дұрыс ал енді айтыңдаршы, бұл сөзде қай дыбыс біріеші естіледі?
-Х дыбысы.Бүгінгі  сабағымызда   біз Х х дыбысы  мен әрпімен танысамыз.
-Х дыбысы дауыссыз дыбыс.
-Х дыбысы сөздің басында(хат),  ортасында (асхана)  соңында келеді (шах)
-Х дыбысынан келетін қандай сөздерді білесіңдер? Дәрігерлердің үстінен көреміз, үйде аналарың киеді.
Сурет бойынша жұмыс жүргізу.
Балалар мына суретте  кімді көріп тұрмыз? Кім әңгімелеп береді?
Дұрыс Марат ауылдағы атасына хат жазып отыр.
Оқулықпен жұмыс.
«Кітапхана» мәтінін оқып беріп,  мағынасын түсіндіру.  Балалардың өзіне тізбектей оқыту.
Сергіту сәті.
Тақтамен жұмыс   жұмыс.
Х х әрпін  әдемі, көркем жазу.  Ауада жазу,  тақтада жазу.
 «Кім шапшаң?» ойыныКөп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.
Ша... мат, ас... ана,... алам,... абар,... алық, /қ, х.
 
V. Дәптермен жұмыс
 Х әрпінің емлесімен танысу. Х әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу.
Жоғалған буын ойыны:
1. -------- лық
Ха ------- мит----------- бар
 
2. Кітап -
Ас -
Дәрі - ------ хана
Шай -
 
3. Асыл -
Гүл ----- хан
Темір -
 
Сабақты қорытындылау:
- Х дыбысы қандай дыбыс?
- Х қатаң дауыссыз дыбыс.
- Х дыбысы сөздің қай жерінді кездеседі?
- Сөздің алдын да, ортасында да кездеседі.
 
Үйге тапсырма:
Х дыбысы мен әрпі.  «Кітапхана»  мәтінін оқып келу.
Бағалау:  Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Күні:  12.04.2014.
Пәні:  Дүниетану  ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы:  Өсімдіктерді қорғау – адамның  міндеті.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерді қорғау  және күтіп баптауға
Үй тапсырмасын сұрау-Біз кеше қандай әріп өттік?-Ю қандай дыбыстардан тұрады й+у-Ю дауысты ма, дауыссыз ба?«Сөз ойла, тез ойла» ойыныЮ әріпі бар сөздер айту.Неше әріп,неше дыбыс бар?-Аптаның екінші күні қалай аталады? Сейсенбі-олай болса сейсенбінің тапсырмасын орындайық.Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтауЖеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.«Жарыс» мәтінін әңгімелету.-Аптаның үшінші күні қалай аталады? Сәрсенбі-олай болса сәрсенбінің тапсырмасын орындайық.^ Жаңа сабақМақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау-Балалар,қазыр мен жұмбақ жасырам сендер жұмбақтың шешуін айтындарЖұмбақ шешу:Аяғы жоқ жүреді,Аузы жоқ –сөйлейді.(хат)-Жақсы,олай болса мына суретке назар аударайықСурет бойынша әңгіме құрастыру-Бала не істеп отыр?-Кімге хат жазып отыр деп ойлайсыңдар? Балалар әңгіме құрайды^ Хат –сөзін талдау(Х дыбысын айту, сипаттау)- Балалар, біз Х дыбысынқайкездеайтамыз? ( тамақшайғанда, тамағымыздабірдеңетұрыпқалғандат.б.) - Х дыбысы-дауыссыз, ауакедергігеұшыраптұр.   Буындық талдау жасату. Х дыбысын дыбыстап қандай дыбыс екенін анықтау. Әрпімен таныстыру.Әрбір сөздің мағынасын ашу.Пікір алысу стратегиясы.- Балалар біздің мектепте кітапхана бар ма?- Кітапханада нелер бар?- Кітапханада газет –журнал,қызықты кітаптар бар.- Сенің үйінде кітап бар ма?- Саған қандай кітап ұнайды ?- Кітапханада кітапты кім береді?- Ендеше, біз қазір мен «Кітапхана» мәтінін оқимын, сендер тыңдандар..^ 1) Мәтінді мәнерлеп оқу.2) –Мәтінде неше сөйлем бар?-Бірінші сөйлемде неше сөз бар?-Екінші сөйлемде неше сөз бар?-Соңғы сөйлемде неше сөз бар?-Аптаның төртінші күні қалай аталады? Бейсенбі-олай болса бейсенбіның тапсырмасын орындайық.^ Жаңа білімді тексеру.«Шатасқан сандар» ойыны12345678Хат келді-Бұл сөз ба,сөйлем бе? Неше сөзден тұрады? Х әріпі қай буында тұр?-Аптаның бесінші күні қалай аталады? Жұма-олай болса жұманың тапсырмасын орындайық.^ Дәптермен жұмысДәптерімізді ашайық,Қолға қалам алайық,Салақтықтан қашайық,Әдемі етіп жазайық.Жазуды бастар алдында ережені ескерту.Жазу кезінде дұрыс отыру керек.Дәптерді қиғаш қоямыз. Әріпті ауада жазып көрсету,тақтаға жазу.-Аптаның алтынші күні қалай аталады? сенбі-олай болса сенбінің тапсырмасын орындайық.^ Сергіту сәті-Балалар, хайуанаттар бағында қоян арыстанның торына түсіп қалыпты.Арыстан қоянды жеп қояйын деп жатыр.Қоян бізден көмек сұрап тұр. Көмектесеміз бе?-Көмектесу үшін қоян туралы тақпақ айту керек.Сендер білесіңдер ме? «Сұр қоян» өлеңін -Аптаның жетінші күні қалай аталады?жексенбіқимылмен айту.-Аптаның жетінші күні қалай аталады?жексенбі-олай болса жексенбінің тапсырмасын орындайық.^ Жаңа сабақты бекіту«Жоғалған әріптер» ойыныХат, халат-Балалар,терезеге қарандаршы? Ағаштардың жапырағы қайда кеткен?Олай болса , жапырақтарды жинайық.-аптада неше күн бар? -Қандай әріп өттік-Х қандай дыбыс?-Әріп деген не?-Дыбыс деген не?-Х дыбысы көбнесе қай буында келеді?^ Сабақты қорыту.-ал, Аңсар атанның неге күлгенің енді түсіндін бе? –Ия,жеті шал деген апта күндері екен. Достар,сендерге көп рахмет,сендердің арқаларында апта күндерін білдім.Енді мен кетейін.Сау болыңдар?-Балалар, бүгінгі сабақта не білдіңдер? не ұнады? на правах рекламы
Х дыбысы мен әрпі
Автор: Кульпан от 6-10-2013, 19:55
0
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпіМақсаты:Білімділік: Оқушыларға Х дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.Дамытушылығы: Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту.Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрауСабақтың көрнекілігі: Слайдтағы cуреттер, буындар, сөзжұмбақ, ойындар.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:а) Оқушылардың назарын сабаққааудару.ә) Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз,Сәлем бердік сіздергеҚұрметпенен біз.ІІ. Үй тапсырмасы: Ю дыбысы мен әрпі« Сөз ойла, тез ойла» ойыныа) ю дыбысы бар сөздерді айту:ә) ю дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу.А - ю, о - ю, то - ю, қо - ю, ү - ю.б) “Асыл мұра” мәтінін әр қатардан 3 – 4 балаға оқыту.ІІІ. Жаңа сабақ: “Х дыбысы мен әрпі”.Жұмбақ жасыру.- Бұны сендердің әжелеріңіз, аналарыңыз, апаларыңыз үйде киеді.- Кейде оны дәрігердің үстінен де көруге болады. Бұл - киім.- Халат сөзінде неше дыбыс бар?- Ол қандай дыбыстар?- Бірінші дыбыс қандай?- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Х дыбысы мен әрпімен танысамыз.Жазылуы – Хх, баспа түрі – Хх«Хх» дыбысы – дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген сөздің барлық жерінде кездеседі.- Біз Х дыбысын қай кезде айтамыз?- Х дыбысы – дауыссыз, ауа кедергіге ұшырайды.- Х дыбысымен біз өлең айта алмаймыз.2. «Кім шапшаң?» ойыныКөп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.Ша... мат, ас... ана,... алам,... абар,... алық, /қ, х /ІV. Оқулықпен жұмысХор хабар кітапхана асханаХат халат шеберхана дәріхана- Спорт алаңына келдік.- Мынау не?/Мынау - мұз айдыны.//Суретпен жұмыс./Суретке қарап, сөйлемдер құрастыру.«Балалар хоккей ойнап жүр. Олар - нағыз хоккейшілер. Бір бала - қақпашы, ал екіншісі - шабуылшы.»Мәтінмен жұмысСұрақ - жауап:- Хасан мен Хамит қандай ойын жақсы көреді?- Хасан ойында кім? /Хасан - шабуылшы./- Хамит ше? /Хамит - қақпашы./- Ойын қалай өтті? /Хасанның тобы жеңіл шықты./- Кім хоккей ойынын ойнап көрді?«Хоккей» сөзіне талдау жасау.- Хоккей сөзінде неше буын бар?- Хоккей сөзінде неше к әрпі бар? /2/- Хоккей сөзі - басқа тілден енген сөз- Хасан мен Хамит біздердің келгенімізге разы болды.V. Дәптермен жұмыс● Х әрпінің емлесімен танысу. Х әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу.● Сергіту сәті● Жаздық, жаздық бәріміз,Талып қалды қолымыз.Сәл ғана дем аламыз,Сосын қайта жазамыз.«Кім тапқыр»1. Көп адам қосылып айтады2. Қасиетті тағам.3. Мемлекеттік рәміздердің бірі1. Мұзда ойнайтын ойын2. Үй құстарының бірі3. Тәтті жеміс4. Балық аулайтын құрал5. Тамақтың дәмін келтіредіЖоғалған буын ойыны:1. -------- лықХа ------- йуан----------- бар2. Кітап -Ас -Дәрі - ------ ханаШай -3. Асыл -Гүл ----- ханТемір -Сергіту жаттығуы:Дыбыстарды ажырата білеміз бе?Сабақты қорытындылау:- Х дыбысы қандай дыбыс?- Х қатаң дауыссыз дыбыс.- Х дыбысы сөздің қай жерінді кездеседі?- Сөздің алдын да, ортасында да кездеседі.