Дамыту ойындары: Кім ?алай ша?ырады?
Білім беру саласы: Вариативтік.Бөлімі: Дамыту ойындары.Тақырыбы: "Кім қалай шақырады ?"Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, жануарлардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.Дамытушылық: Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік: Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Демонстрациялық материал (күшік, мысық, лақ, қозылардың суреттері).Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.Сөздік жұмыс: қозылар, күшіктер.Билингвальды компонент: қозы - ягненок, күшік - щенок.
Әрекеттер кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері.Амансың ба, алтын Күн!Амансың ба, Жер - ана!Амансың ба, достарым!Сендерді көрсем қуанам. Балалар шеңберге жиналып , өлеңді қимылмен айтады .
Ұйымдастырушы ізестірушіДемонстрациялық материалмен жұмыс.- Балалар, сендерді ата - әжелерің, ана - әкелерің ботақаным, қошақаным, құлыным деп еркелетеді ма?- Сендерді үлкендердің жақсы көретіні соншалық, төрт түлік малдың төлдерінің аттарымен еркелетеді екен.- Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?- Олардың төлі қалай аталады?- Бірнеше қозыны қалай атаймыз?- Бірнеше күшікті ше?Үй жануарларының суретін бояу.Билингвальды компонент: қозы – ягненок, күшік - щенок.Сергіту сәті:Құлыншағым, құндызым,Құлдырайды, шабады.Жылтыңдаған жұлдызымҚұстай қанат қағады.«Не қалай дыбыстайды» дидактикалық ойыны.Шарты: үлестірмелі суреттерді пайдалана отырып, жануарлардың қалай дыбыстайтынын қайталайды.Педагог жануарлардың суретін көрсетеді.- Бұл не?- Сиырдың төлі қалай аталады? Ол қалай дыбыстайды?- Мынау не?- Қой төлін қалай атаймыз?- Қой мен қошақан қалай дыбыстайды? Иә
Ботақан , құлыншағым , құндызым , т.б. еркелетеді.
Сиыр , ат , қой , ешкі .
Бұзау , құлын , қозы , лақ .
Қозылар деп атаймыз .
Күшіктер .
Балалар бояйды .
Қайталайды .
Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды .
Балалар жануарлардың даусын салады .
Сиыр
Бұзау , мө- мө - мө .
Қой
Қошақан .
Мә - мә - мә .
Рефлекстік - коррекциялаушыЖеке жұмысты қажет ететін балалармен үй жануарлары және оның төлдерін атап, қалай дыбыстайтынын сұрау. Төлдердің аттарын және қалай дыбыстайтынын айтады.
Күтілетін нәтиже
Біледі : Үй жануарларының және төлдерінің аттарын атауды ;
Игереді : Үй жануарларының төлдерін қалай шақыруды ;
Меңгереді : Жануарлардың суретін біркелкі бояуды ;