Саба?тан тыс ж?мыс: Ша?ырады к?ктем!
Бозай ауылындағы Сергиополь жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Наширбекова Гүлім Мұратбекқызы
Сабақтан тыс жұмыс
Шақырады көктем!
Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.
Халық әндері тәрбиенің тамаша ескерткіштері бола алатының түсіндіру.
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын, дос-жарандар,
Бір сәт тынып, қане бізге қараңдар!
Аналардың ән байқауын тамашалап,
Өнерлерін қол соғып, бағалаңдар!
2-жүргізуші: Армысыздар, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән байқауын бүгінгі ауылымда
Той – думан жатыр бүгін ашылғалы!
1-жүргізуші: Армысыз, салтанаттың қонақтары,
Бүгінгі қуаныштың шуақтары.
«Жақсылық аты өлмейді» - дейді халық
Қалдырған ұрпағына мұралары.
2-жүргізуші: Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін!
Хош келдіңіз қонақтар, сергісін ой! - дей отырып кезекті бүгінгі кешті «Шақырады көктем» әнімен ашуға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Армысыздар, әділ-қазы әз жандар,
Өнерлерін әділғып бағалаңдар.
Болмасын алыс – жақын деп, алаулау
Туған – туыс, дос деп те қарамаңдар!
Бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
2-жүргізуші: Әділ – қазылар алқасының төрағасы:
Мектеп директоры Жанғали Мырзағалиұлы Мадымов
Тарих пәнінің мұғалімі Әділбек Баймоллаев
Музыка пәнінің мұғалімі Айым Нахысбекқызы Қалқашева
1-жүргізуші: Бүгінгі кешке қатысатын Аналарды ортаға шақырайық.
Алдыңызда ән салар
Аяулы біздің аналар
Тамылжытып, ән салар
Бәрімізді тамсантып! – дей келе ортаға Нүрия апайды шақырамыз.
2-жүргізуші: Ән шырқайды қалықтатып
Жұртты өзіне қаратып
Гүлназ апай әнсалар
Бәрімізді тамсантып!
1-жүргізуші: Әніменен тербетеді
Сезім сыйлап біздерге
Бұлбұл құстай ән салады
Меруерт, Айдана, Жұлдыз бізге енді.
«Жан досым» әні.
2-жүргізуші: Гүлназ апайдын орындауында «Қара өлең» халық әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Нүрия апайдын орындауында «Су самыр» халық әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Кел қане достар келіңдер!
Кеш қызығын көріңдер
Ойын ойнап тағы да
Құрбылар, қонақтар ойнап күліңдер!
Көрермендерден екі ата-аналар шығып екі түрлі өленнің 1 шумақ, 1 қайырмасын бірге айтып жарысады. Қай ата-ана шаталасып аяғына дейін айта алмаса, сол ата-ана жеңілді деген сөз.
1-жүргізуші: Бұл еште жаңа әуен тербетілген,
Бақытты күндер келген ертегіден
Әсем ән бойды баурап,мәпелеген
Әсемсаз көңілдерді жетелеген
2-жүргізуші: 6-сынып оқушылары Айзере мен Айнұрдың орындауында ән «Мұңайма» қарсы алайық.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар, әнді қадір тұтатын ағайын!
Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан таңға ән салдырған,
Өзін әңмен қарсы алдырған,
Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған
Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар, әнді қадір тұтатын ағайын!
Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан таңға ән салдырған,
Өзін әңмен қарсы алдырған,
Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы айналған Шәмші Қалдаяқовтың қазақ халқына сіңірген еңбегі орасан зор.
Шәмші Қалдаяқов «Табиғи дарынымның ана сүтімен келгеніне қуанбасам ренжімеймін» дейді екен. Құдіретті композитордың алуан түрлі тақырыптағы әндерін тындағанда алыста қалған балалық шақ , жастық дәурен, бала махаббат, сағынышқа толы сезімдер, тәтті арман, тағысын тағылар көз алдыңнан тізіліп өтеді, қайтадан бастан өткергендей күй кешесің.