Жаратылыстану-математика кафедрасы жылды? жоспары
Н. К.Киікбаев атындағы орта мектептің жаратылыстану кафедрасының даму жоспары Мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдерді және оқыту үшін бағалауды іс- тәжірибеге енгізізе отырып, тәжірибе бөлісу мен алмасуға бағытталған орта құру және сапалы білім жүйесін дамытуға арналған оқу кеңістігін ұйымдастыру
Міндеттері:
Кафедра мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру, қауымдастық ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру, кәсіби қызығушылықтары бойынша мұғалімдердің жұмыстарын жандандыру, кәсіби-әдістемелік біліктілігін жетілдіру;
Жаңа әдіс-тәсілдерді және «Оқыту үшін бағалауды» тәжірибеге енгізуге әдістемелік қолдау көрсету;
Жаңа әдіс-тәсілдерді және «Формативті бағалауды тәжірибеге енгізу» бойынша тәжірибесін тарату;
Күтілетін нәтиже: Оқытудағы жаңа идеяларды ұсынады, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді және оқыту үшін бағалауды іс- тәжірибеге енгізізе отырып, оқушы мотивациясын арттырады.
Жаратылыстану кафедрасының тиімділігін бағалау критерийлері:
Мақсат –міндеттерге сәйкес іс- әрекеттің әр түрлілігі;
Белсенді қатысушылардың санын арттыру, жас мамандарды тарту;
Іс- шаралар бойынша кері байланыс ұсыну;
Сауалнамаларды диагностикалау;
Сұрақ- жауапқа тарту арқылы қоғамдастық мүшелерінің оң пікірлері.
Кафедра құрамы: әр түрлі санаттағы мұғалімдер
Жұмыс істеу қағидаттары: сенімділік, жауапкершілік, өзара қолдау
№ Жұмыс мазмұны Жұмыс түрі Ресурс МерзіміЖауапты1 Кафедра отырысы Пікір алмасу Кафедра мүшелері қыркүйек Аманова С.
2 ҚМЖ және ОМЖ таныстыруӘріптеске кеңес мұғалімдер қыркүйек Нүсіпаева Р.
3 « Оқытудағы кедергілер мен қиыншылықтарды шешу жолдары» Пән мұғалімдері қазан Серекова Ғ.
4 «Оқу мен тәрбие егіз» Дебат /пікірталас/ Ата- аналар, мұғалімдер, сынып жетекшілеріқараша Ыдырысова А.
5 «Өзін –өзі реттеу» КоучингПән мұғалімдері желтоқсан Мержанова Г.
6 Ашық есік күні: «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер және оқыту үшін бағалау» Жаңа форматта ашық сабақтар Оқушылар, деңгейлік курс бітірген пән мұғалімдері қаңтар
Аманова С.
7 Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту Ой бөлісу Кафедра мүшелері ақпан Нүсіпаева Р.
8 Оқушы белсенділігін арттыруда АКТ- нің роліКоучингМұғалімдер наурыз Серекова Ғ.
9 «Талантты және дарынды балаларды оқыту» КоучингПән мұғалімдері сәуір Ыдырысова А.
10 Қорытынды: "Не істедік, неге қол жеткіздік?" жаңа оқу жылына ұсыныстар, жоспарлар
Дөңгелек стол Кафедра мүшелері мамыр Мержанова Г.