?ызым — ?ыз?алда?ым, ?лым — ізгі арманым


Қызым- қызғалдағым, ұлым- ізгі арманым.
Мақсаты: Оқушыларды қазақ жігіті мен қызының бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт- дәстүр, әдет- ғұрыптармен байланыстыра білу және тәрбие сағаты арқылы қазақ жігіттерімен қыздарының бұрынғы өмірі мен олардың киген ұлттық киімдерін таныстыру.
Көрнекілігі: Қазақ қызымен жігітінің суреті, ұлағатты сөздер, буклеттер.
Бағдарлама:
1.Тәрбие сағатын ашу.
2. Тәрбие көзі –халықта.
3.Қазақ қыздарымен жігіттерінің киім үлгілері.
4.Мақал- мәтел мен жұмбақ жарысы.
5.Көрнекілікпен таныстыру.
6.Қорытындылау.
Ұлағатты сөздер:
1.Қыз ауылдың көркі, жігіт ауылдың серісі.
2.Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
3.Қыз өссе елдің көркі, гүл- өссе жердің көркі.
4.Жеті атасын білген ұл, жіті жұрттың қамын жер.
Барасы:
- Қамбар. Құрметті ұстаздармен оқушылар! «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей халқымыз жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген. Сол сияқты бүгінгі өтетін «Қызым- қызғалдағым, ұлым- ізгі арманым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер.
2 - жүргізуші: Райгүл. «Адам болар ұлыңның арқа- басы кең келер, ана болар қызыңның ақыл-есі тең келер» дегендей жас ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың ерекше қасиеті отбасындағы әр баланың өз бойындағы жеке қасиеттерін байқап, сол қасиеттерін әрі қарай дамытып шыңдаған.
1-Қамбар: Халықтық тәрбиенің өзекті бір саласы жас ұрпақты имандылыққа, қаиырымдылыққа тәрбиелеу. Мысалы, Жас үлкен кісіге сәлем беру, үлкеннің сөзін бөлмеу ұл қызымыз үшін бұлжымас заң болатын.
2- Райгүл: Қазақ халқы үшін өтірік айту, ұрлық істеу жат қасиет. Сондықтан жас жетеншекті «Өтірік өрге бастырмайды», «Ешкімге қиянат жасама» деп адалдыққа тәрбиелеген.
- Қамбар: Халқымыздың салт дәстүрі, әдет- ғұрыптары біздің ұлттық болашағымыздың асыл мұрасы.
2-Райгүл: Қыз баланы ізетті, инабатты, шебер етіп тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың ханына сінген қасиет. «Қыз өссе- елдің көркі, гүл өссе- жердің көркі» дегендей халқымыздың қыз құрметтеп, киімнің сәндісін, бұйымның жақсысын тарту ете отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» деген мақалдыда естен шығармаған. Қыз бала тәрбиесі қашанда халық назарында. Көрсін біздей балғынды, көңілденсін ел енді шырқатайық өлеңді,- деп келесі кезекті әнге берейік.
Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» орындайтын Ілес:
– Қамбар: Халқымыз «Жігіт сегіз қырлы бір сырлы» болсын деген.
Мұның түп-төркіні жігіт барлық жердеде әр қырымен танылып, бірақ оның сыры біреу ғана болсын деген сөз.
Омар: «Жігіттерге өсиет»
Жақсы бол жігіт болсаң ел көргендей,
Досыңа қосылғанда дем бергендей.
Пайдаңды жақсы болсаң тигез көпке,
Тұйғынға қапастағы жем бергендей.
Жігіт бол, жігіт болсаң бұлғақтамай.
Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай.
Еліңе жақсы сөзді жаса әуелі,
Халыққа көңіл бөліп тыңдатқандай.
- Қазақ халқында жігіттің үш жұрты бар дейді, соны кім айтар екен?
Абай: Жігіттің үш жұрты бар:Өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.Халық арасында мұны өз жұртың күншіл,қайын жұртың міншіл, нағашы жұртың сыншыл деп мәтелдейді.
- Ер қаруы бес қаруды кім біледі?
Сұлтанбек: Жігіттің бес қаруы бар:Садақ,найза, қылыш, мылтық,айбалта.
- Жігіттің жеті қазынасы дегеніміз не?
Гүлімхан: Жігіттің жеті қазынасы мыналар- ақыл білім, өнер, сұлу әйел, жүйрік ат,берен мылтық, құмай тазы, қыран бүркіт.
- Халқымның әні қандай, жыры қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай.
Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын,
Ал күйі нәзік жанды балқытқандай.
Күй: Балбұрауын: Орындайтын Ілес:
3 - Біз бүгінгі «Қызым қызғалдағым,ұлым-ізгі арманым» атты тәрбие сағатында қазақ қыздарымен жігітерінің ұлттық киімдерімен таныстырғымыз келіп отыр. Сонымен сіздердің алдарыңызда қазақ жігіттерімен қыздарының ұлттық киім түрлері.
1 - Сәукеле- қыздардың бас киімі, оны ұзатылатын қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылары киетін болған. Сәукеле әр түрлі ұлттық ою- өрнектермен, моншақтармен әшекейленеді.
- Камзол- әйелдердің ұлттық киімінің бір түрі,оны көйлек сыртынан киеді. Қыздармен жас келіншектер киетін комзол өте сәнді болады.
- Тақия- ерлердің жеңіл бас киімі. Ерлер тақиасында теңге, моншақ болмайды тек өю-өрнекпен кестеленеді.
Енді мақалшыларды қарсы алайық.
Алуа: Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Мөлдір: Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Дариға: Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
Махамбет: Жаман жігіт жолдасын жауға алғазар,
Өзін ұятқа қалғызар.
Жадыра: Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.
Енді жұмбақтар шешеміз.
Берік: Төрттен қосқан басы бар,
Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Салпылдайды сабағы. (Жауабы:тымақ)
Бибінұр: Бір нәрсе менен биік,
Кейде менен аласа.
Мұндай қызық дүниеде,
Көріппе едің тамаша. (Бөрік)
Қорытынды: 2-Райгүл: Ата баба дәстүрін ұмытпайық,
Ұл, қызымыз салтымызға болсын лайық.
Болашағы елімнің жарқын болсын,
Ұрпағы бүгінгінің бас қосайық .
Сабақтың тақырыбы: Астана –мерейім,мәртебем, беделім!
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жас астанасы - Астананың тарихын,
елдің айнасы ұлттың келбеті еліміздің кіндік қаласы
екенін жастарға жеткізу.
Тәрбиелік максаты: Жастарды өз Отанын сүюге,ел жандылыкка, еліміздің
рәміздерін дәріптеу және окушыларга эстетикалык тәрбие
беру.
Көрнекілік: Ел рәміздері, астана туралы суреттер,баспа
басылымдары.
Сабактаң барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу және
амандасу.
Жаңа оқу жылымен құттықтау.
2.Сабақтың негізгі бөлімі.
Әрбір каланың белгілі бір уакыт аралығында ондаған, жүздеген, мыңдаған жылдар бойа қалыптасатын өзіндік тарихи аймағы болады.
Қазақстанның жас астанасы- Астананың маңдаған жылдардан астам тарихы бар. Бұл жеті жыл бойы орта ғасырлық Бозоқ қалашығанда қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан Есіл стационарлық археологиялық экспедициясанаң жұмыстарымен дәлелденген.
Астананың бас жоспары бойынша Бұзұқты көлінің арғы жағынан қаланы сыртынан айналатын дөңгелек жол өтеді. Қаланын диаметрі 32 км. Ескерткіштің территориясы қаланың бас ты остерінің бірінде болып, архитектуралық құрылысына керемет үйлесіп тұр.
Бозоқ қалашығының Қазақстан астанасы үшін аның ертедегі дерегі ретінде маңызы өте зар. Мыңдаған жылдар бұрын қазіргі Астананың орнында әскери бөлімшелердің пайда болуы геостратегиялық фактормен байланысты.Ол далалы Жібек жолының керуендерін бақылауға арналған болуы мүмкін. Бозоқ қалашығы оның аумағындағы кесенелер концентрациясына қарағанда орта ғасырлық Нұра-Есіл ауданы халқы үшін рухани Мекке қызметін атқарады деседе болады.
Астана! Не деген асқақ сөз, не деген асыл сөз! Бүкіл бір мемлекеттің миллиондаған халқы құмарта көз тігетін, жүректің жылы лүпілімен сезінетін барлық арман- мүддесін зор үмітпен телитін ұлы сөз ғой, Ол!
Өз Астанасын мақтаныш етпейтін жан баласы болмаса керек. Өйткені әр азаматтың өмір- өрісі, тыныс- тіршілігі, ұрпақ жалғастығы- сол Астанадан тарап жататын мемлекеттік маңызды жобаларға байланысты.
Сондықтан да астана белгілі бір халықтың оның мемлекетінің тынымсыз соғып тұрған жүрегі тәрізді.
Біз қайта жаңғырған, тәуелсіздік алып ұлттық өрлеудің жаңа жолына түскен жас мемлекетіміздің Ел басы он ойланып, жүз толғанып, батыл да батыр шешімге келіп халқының болдашаққа қаймықпай, тайсалмай, еркін адымдауына лайық деп тауып,
Елорда – Астанамызды ежелгі ұла даламыздың нақ ортасына әкеліп орналастыруын тарихымыздағы ұлы шешендердің бірі деп қабылдадық.
Астана- елдің айнасы, ұлттың келбеті, еліміздің кіндік қаласы. Сондықтан оның өзгеге ұқсамайтын өз бет – бейнесі бірден-ақ аңғарылды.
Бір кездегі облыс орталығы болған қаланың, міне, енді өндірісі жан-жақты дамыған, мәдени-тұрмыстық жағдайы кеңінен өркендеген орталықтардың біріне айналуы Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының жемісі екендігіне дау жоқ.


Астана туралы күнделікті баспасөз бетінде жиі жазылып жүр. Оның алып құрылыстар алаңы екнін жақсы білеміз. Астана – шын мәнінде, мемлекеттің үлкен ядросы. Біз тәуелсіздігімізді қалай қадірлейтін болсақ, Астанамызды солай қадірлеуіміз керек. Астана саяси орталық балуымен қоса үлкен руханияттық орталыққа да айналды.
Астанада ең алдымен көзге түсетін биіктігі 97 метрге жететін заңғар « Бәйтерек» ғимараты. Оған көтерілсең бүкіл қала келбеті алақанында тұрғандай болып көрінеді екен. Мұнанда басқа «Нұр Астана» мешіті, ислам орталығы басқа да сәнді де сәулетті ғимараттар сырт келбетінің көріктілігімен таңдай қақтырады. Президент сарайы, Парламент үйі архитектуралық әсем келбетімен есте қалады.
Астанада қай көшеде, қай бұрылысқа , қандайда бір көрнекті орындарға барсақ та, мемлекетіміздің рәміздері алдымыздан шығады. Сәулетті сарайлардың қабырғасында қазақтың ою-өрнектері, өзіндік ұлттық ерекшеліктерін бейнелейтін көріністер байқалады.
Қаланың орталық алаңының бірінде әр түрлі гүлдермен көмкерілген алып жер сағаты уақытты дәл көрсетіп тұр. Бұл сағат күн батареясымен жұмыс жасайды.
Қаланың орталық және ең ұзын көшесі Манас батыр көшесі. Осы көше бойында мемлекеттік аса маңызды нысандар орын алған. Әсіресе, осындағы жаңадан төселіп жатқан асфальт жолдар, жаңадан отырғызылған жас көшеттер сан алуан көрнекіліктер өз алдына бөлек әңгіме боларлықтай. Астаналықтар қаланың жаңа әкімі Иманғали Тасмағанбетов келгелі бір қатар жанды өзгерістер болып жатқанын ауыз толтыра әңгімелейді.
Біздің бір білгеніміз қаланың бас жоспарын 1998 жылдың өзінде-ақ байқау жеңімпазы болған жапондық Кисе Куракаво жасаған екен. Ол – осы қаланың бүтіндей жобасын жасаған атақты сәулетші. Мұнда экологиялық аспектілер мен нарықтық жағдай сәулеттік- жобалау идеялары қатал ескерілген көрінеді.
Сөйтіп, Астана қаласын салуда әлемдік сәулетшілердіңі озық идеялары іске асырылуда.Астана – бұл жастар қаласы.Қала халқының орта жасы 32 жас. Шын мәнінде, Астана республикамыздағы, керек десеңіз, бүкіл дүние жүзіндегі ең жас астана екені белгілі.
Біз жастар легінің Астанаға ағылып келіп жатқанының куәсі болдық Мұндағы сан алуан жұмыс, жоғары және арнаулы оқу орындары, колледждер, мәдени- тұрмыстық орындар жыл сайын көбйе түсуде.
Иә, Астана- барша қазақстандықтардың жүрек лүпілі. Бақуатты болашаққа бет бұрған оңды ан жылдың іңшінде бұл қала елдің тек әкімшілік-саяси орталығы ғана емес, сондай-ақ, мәуелі мәдениет пен ұлтаралық келісімнің, саяси диалогтың бас ордасына айналды.
Бейбітшіліктің бесігінде қасиетті көк байрағымыз желбірейді.
Астанада тыныштықтың, ізгіліктің, асыл арманның саф самалы мәңгілікке есіп тұр.
Ертегілердегі ғажайып сәби тірізді күн санап, сағат санап өсіп келе жатқан асқақ Астанамыз ғасырға татитын он жылға аяқ басты.
Жасай бер, жасара бер аңыз қала-Астанам...!
Қорытынды сөз. Астана - Қазақстандықтардың мақтанышы.
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдептілік туралы түсінік беру
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге
қамқор бола білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Отбасы мүшелері қамтылған суреттер,баспа
басылымдары.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу,
амандасу.
Жаңа оқу жылымен құттықтау.
2.Сабақтың негізгі бөлімі.
Әдеп, адамшылық – амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда, адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір-біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Адам баласы қашанда тыныш-бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу әдебі. Сондықтан да болса керек, сәлемдесу құдайшылық, имандылық нышаны ретінде түсініліп қабылданған. Сондықтан біздің халықтарымызда, мәселен, қазақтарда бар «сәлемі түзу», «сәлемнен кеткен жоқ» сияқты сөздер татулықты, ағайын арасының бұзылмағанын білдіреді. Соған орай бізде «тәңірдің сәлемін беру», «сәлемін қабыл алды» ұғымдары қалыптасқан. Мұндағы тәңір – құдайдың бір аты. Оның түп төркіні ежелгі заростаризм дінінің құдайы – Тәңірінің есімімен байланысты. «Тәңір жарылқасын!» деген түсініктің өзі сол заманнан біздің кезімізге дейін жетіп, кәдуілгі салт-дәстүрімізге араласып кеткен.
Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп-кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын (ниетін)ұқтыру; бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғандарына қуанып, шүкіршілігін жасау, ниеттерінің ақ-адал, таза екенін білдіру. Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары, барлық мұсылман елдеріндегідей, «Асслаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, оның мағынасы «Сізге тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді. Оған жауап, яғни сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөздері «Сізге де тыныштық тілейміз» дегенді ұқтырады. Содан кейін барып: «Үй- ішіңіз, мал-жаныңыз аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма?» деген сияқты қал-жағдайды білісу, жай, жөн сұрасу рәсімі жалғасады.
Дүние жүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесуі де түрлі-түрлі болып келеді.
Бұрынғы КСРО шаңырағының астында ғұмыр кешкен жылдарда халықтарымыздың әдеп-инабат дәстүрі көз түрткі болып, сәлемдесу әдебімізге де теріс әсерін тигізді, баяғы жарасымды, халық жүрегіне ыстық әрітерең мәнді халықтық ғұрыпқа зор нұқсан келтірілді. Мұның өзі, ең алдымен, адамның алтын басын көзге ілмеуге, қадір-қасиетін елемеуге соқтырып, бірімен-бірі «здраствуй» десіп өте шығатын нәрсіздікке, парықсыздыққа, сақындыққа душар етті. Сөйтіп атам заманнан келе жатқан халықтарымыздың бір-біріне иба көрсетіп, таныған-танымағанына қарамай сәлемдесу, үлкендердің алдынан кесе өтпеу, қос қолдап қол алысу, таңертең ұйқыдан тұрғанда ата-анаға, жасы үлкендерге сәлем беру сияқты аяулы, адамшылық салтымыз «ескіліктің қалдығы» ретінде құсталанып, бәрімізге бірдей міндетті әдеп нормасынан шығып қалды. Мектептердің көпшілігінде оқушылар сәлемдесуді ерен санамай, адамдар арасында жатырқаушылық орын тепті. Әсіресе, қала жағдайында бір ауылда тұрып, күнде дидарласып жүрген ересек адамдардың өзі бетіңе бақшиып қарап сәлемдеспей өте береді, немесе көрсе де көрмегенсиді. Мұның өзі сайып келгенде, адамдардың түрпілігіне, суық жүзділігіне, бір-біріне ілтипатсыз, мейірімсіздігіне, тұрпайылығына әкеп соқты.
Баяғы заманнан бері адамгершілік, парасат белгісі болып келген сәлемдесу дәстүрі жайында қарақалпақ ақыны Ш. Аяпов былайша толғанды:
«Әссалаума әлейкум» деп дидар несіп еткенде,
Қол алысып, көңілденбес жоқ пенде.
Күн нұрындай сәлеміне адамның,
Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе!
Сәлемдесудің түп негізі жылы шырай, кішіпейілділік екенін, оған үлкендер де лайықты жауап қатып: «Көп жаса, балам!», «Өмір жасың ұзақ болсын!» деген сияқты ізгі тілек, ықылас-пейіл көрсетіп отыруы мамыражай көңіл жақындығы, жарастық нышаны болатынын ұмытпаған жөн. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп, кекірею, жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық, тәккапарлық белгісі, оны халық көргенсіздікке санайды. Шынында да, ашық қабақпен, күлімсіреп берген сәлем адамның жан дүниесін жадыратып жібереді.
Мектептегі сәлемдесу әдебінің мәні зор екенін айтып өткен жөн. Шәкірттердің мектепке келген таныс, бейтаныс адамдардың бәрімен қол алысып амандасып шығуы міндетті емес, кейде олай етуге болмайды да. Жай «Сәлеметсіз бе?» деп амандасып, жол беру керек. Дәлізде немесе мектеп айналасында жүрген шәкірттерге «Сәлеметсіңдер ме?» деп есендесіп, олардан «Сәлематсыз ба?» деген жауап алудың да артықтығы жоқ. Ал сыныпқа мұғалім кіргенде, тұрып амандасқанда бір ізгіліктің белгісі.
Сәлем беру - өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
(Өзбек мақалы.)
Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі-келіп-кетіп жүргені
Мақсут Шайхзада.
Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
(Қазақ мақалы.)
Сабақтың тақырыбы: Көргендінің қылығы көңіл марқайтады
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту
ә) білімділік: оқушыларға халықтың әдеп, инабаттылық дәстүріне бойына сіңіре өсуге тәрбиелеу
б) тәрбиелік: оқушыларға күнделікті өмірде адамдармен қарым-қатынаста әдеп шеңберінен шықпауды, өз мініне назар аударуға үйрету
Сабақ әдісі: лекция, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ барысы:
Көргенділік жасынан жақсы тәрбие көріп, халқының әдеп, инабаттылық
дәстүрін бойына сіңірген дегенді білдіреді. Ата-ана тәрбиесін алмаған немесе
қабылдамаған, өз бойына дарытып, өзінің өмір тәжірибесінде іске асырмаған,
соның нәтижесінде әлеуметтік өмірде қабылданған мораль талаптарын бұзып
ала беретін адамдарды көргенсіз деп атайды.
«Атасын көріп, қызыңды бер, анасын көріп, қызын ал» деген мақалдың
меңзеп тұрғаны: «Атасы жақсы болса, ұлы көргенді, анасы жақсы болса, қызы
көргенді» деген ой. «Көргенсіз» деген ауыр айып, ең жаман баға боп табылады.
Ол адамдық жақсы сипаттардан, әдеп-ізеттен жұрдай, мал тақылеттес
дегенді білдіреді. Бұл сөзде әлгі жетесіз, әдепсіз жанның өзіне, жеке басына ғана
емес, оның ата-анасына , яғни әдеп-инабат үлгісін көрсетуге тиісті деген
адамдарға да қатысты кінәлаған мағына бар. Әдетте, «Ата-бабаңа, ата-анаңа,
еліңе сөз келтірме» деген тілекте «көргенсіз болма», «көргенсіздің баласы» деген
сөзді деген талап жатады. Көргенділік – тәрбиеліктің көрсеткіші. Сол себепті
көргенді кісі басқалармен қарым-қатынасында, адамды сыйлап, құрметтеп
қарайды, кішіпейіл, сыпайы, кешірімді болады. Ұсақ-түйекке бола керілдесіп,
керісіп жатқанды бойына мін санайды.
Көргенді адам басқаның еңбегін, өзіне көрсеткен қызметін сыйлайды,
рахметін, алғысын айтуды шын көңілмен өзіне міндет, парыз деп біледі. Ал өз еңбегін, азды-көпті көрсеткен қызмет, міндет етпейді, басқадан иығын асыруға, ерекшеленіп көзге түсуді талпынбайды, өтіріктен, өсектен, жаладан аулақ жүреді. Оған тұрпайылық, ожарлық, мақтаншақтық, менмендік, әулекілік, жылпостық, қулық, сұмдық, т.б ұнамсыз мінездер жат. Көргенді кісі өзіне де, қоғамға да, ел-жұртқа датигізетін зор пайдасы – балаларын әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
Көргенді кісі ұрпағында көргенділікке үйретеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны іледі» деп тәрбие мәселесін бетімен жібермейді.
Көргенді адамның барлық іс қимылы көргенді ұрпақ тәрбиелеуге арналған үлгілі
болуы ол үшін ұдайы және өте мол күш-қайрат жұмсауы тиіс дегенді де
білдіреді. Көргенді кісі өзгенің ісіне араласпайды, ақыл айтуға әуес болмайды, аз
сөйлеп, көп тыңдайды, басқаның сыртынан жамандап, күлкі қылмайды, ұят сөздерді қолданбайды. Қазақта әдеп туралы мақал-мәтелдер өте көп.
Мысалға: Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.
Әдепті әдепсізден үйрен.
Қорытынды сөз:Оқушыларға сөз беріп, пікірімен алмасу. Сұрақ-жауап алмасу.