Т?рбие са?аты «?ызым — ?ыз?алда?ым, ?лым — ізгі арманым »
Аты жөні: Сарсенова Г.К
Күні: наурыз
Сыныбы: 4
Сабаќтың тақырыбы: Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым
Ќұзіреттілікке жеткізілетін сабақтың мақсат міндеттері:
А) апараттық:
Ә)коммуникативтік:
Б) проблеманы шешу:
оқушылардың қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен байланыстыра білу.
Ұл бала мен қыз баланы бір-бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
Оқушылардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту, талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, яғни эстетикаға тәрбиелеу..алыстырыңдар.риметрин есепте __________________________________________________________________________________________________
Сабақтың типі: Түсіндірмелі, пікірталас
Сабаќтың әдісі: Әңгімелесу,баяндау
Оқыту құралдары: Тақырыпқа сай суреттер
Сабаќтың барысы: Оқытушының ќызметі: Оқушының қызметі: Күтілетін нәтеже:
I. Ұйымдастыру бөлімі: «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі».
«Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю».
Қорытынды Өз бетімен жұмыстануға, жауапты шешім қабылдауға, өз нәтежесін бағалауға дағдыланады. Сабаққа әзірлігі, жұмысқа даярлығы
II. Жаңа материалды түсіндіру Қыз бен ер баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз бен ер баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына, мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа түскен келіндер қайынсіңілілерін, қайындарың атымен атамай, еркелетіп «Еркежан», «Шырайлым», «Төре жігіт» деген сияқты аттар қойған. Жалғыз келе жатқан қызды көрсе оған қорған болып, баратын жеріне шығарып салу әрбір ер адамның парызы болып келген. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» дей отырып, осы қызғалдақтай болып өсіп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. Міне, біздің ата – бабаларымыз осындай тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып келді. Қыз бен ер баланың тәрбиесіне бүкіл ел болып, сонымен бірге ата-анасы да үлкен мән берді. Олар қыздарын тұрмыстық мүліктерді даярлауға үйретіп, жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу т.б өнерді олар бөгде босағаға бармай тұрып- ақ үйреткен. Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын-Көрінер толған айдай жүзі жарқынҮлкеннің алдын орап сөз сөйлемес.Халқының сақтай білген ізгі салтын, - деген өлеңдегідей қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Бұрын оқымаған, тіптен хат та танымайтын қыздарымыз асыл қасиетті, жан дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандықтан, ешқандай байлыққа, асыл мүлік жиһаздарға қызықпағандығын жыр дастандардан көреміз. Қазақ қыздары мен ер балалар махаббат атты асыл сезімді аса бір қастерлеген, аялаған. Әсіресе қыздар мен ер балалар өз ұлтын, ана тілін сүйіп қастерлегенде ғана атадан балаға әлім – сақтан бері мирас болып келе жатқан ізгі қасиеттерді ата – анасы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық, ізеттілік басқа да әдет-ғұрыптар қалыптасары сөзсіз. Ата –бабамыз қыз бен ер бала тәрбиесіне көңіл бөліп, оның үй ішінде өзін ұстауына зор көңіл бөлген. Қыз бен ер бала ізетті, инабатты, асыл жан етіп, ісіне көркі сай шебер етіп тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, оларды айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін арта білген. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді, ана тілінде сөйлейді. Сондықтан бүгінгі қыздарыңызды және ұлдарыңызды тәрбиелеу ананың және әкенің міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни, қыз бала мен ер бала тәрбиесіне тек қана анасы, әкесі жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр. Адам табиғатында өзіне түсініксіз көптеген сұрақтар бар. Ол сұрақтарды кімнен сұрарын білмейді де, көптеген қателіктерге ұрынады.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,Көрінер туған айдай жүзі жарқын.Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,Халқының сақтай білген ізгі салтын-дегендей, біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, әідептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» деген сияқты теңеулер қыз баланың ұқыптылығын , шеберлігін көрсетеді. «Қыз- елдің көркі, гүл – жердің көркі » деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен , жанының нәзіктігінен , әрі іске талапты да алғырлығынан , өнер- білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда , біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі, бүгін отбасында еркелетіп ұстап отырған қыз балаларымыздың күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті.Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген керемет суреттемелер берген.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйікімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттері бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен.Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалық, сыпайылық, әдемілік, ұялшақтық, мығымдық, өнерпаздық, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, махаббат мұратына жетуден талабы, намысы, қайрат-жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыз-келіншектердің бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкен алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші- ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, тағы басқа жанұяның үй жұмысына үйретуде анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Алған білімдерін пысықтай түседі, студенттердің білімдерін есте сақтауға, қабылдауы мен тїсінуі және машықта қолдана білуі.
III Жаңа білімді бекіту Біз қыз бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайлықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.Қызды қандай жақсы қасиеттерге теңеген (сызба көрсетіледі). Қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік белгісі деп білген. Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген. Қызды сән мен әсемдіктің нышаны тұтқан. Қыздар пәк махаббаттың иесі деп білген, оған дәлел кешегі өткен Қыз Жібек, Еңлік, Баян сұлулардың сүйіктілеріне деген махаббаты. Қызды құлпырған әдемі гүлдерге теңеген.Гүл қай заманда да екі ғашықтың арасында емеурін білдіретін , тұспал жасайтын , жүректің сөзін сөйлейтін теңдессіз қызмет атқаратын әдемілік ретінде сұлулықтың символы. Құпия сезім түсініктің құралы кім оны білмейді.Құшағы гүлге толы ару қандай әдемі!Әр гүлдің атыны байланысты өзіне тән мазмұны бар.Астра- бүкпе ойСарғалдақ(анемон)-жалғыздықВалериан- жеңілдікЖасмин- құрметКамелия- тектілікҚоңырау бас-дөрекілікЛандыш- бақыттың оралуыҚызғалдақ – түсінісуҚыздар деген қызыл гүл ғой,Өсіп тұрған бақтағы.Қыздар деген жігіттердің ,Асыл арман, ақ таңы.Қыздар деген әсем ән ғой,Қыздар деген бақыт құсы-Қолға оңай қонбаған.
Оқушылар интерактивті тақтаға бір – бірден шығып сызбаға қазақ қызының жақсы қасиеттерін жазады.
Халық арасында бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген.
Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы- жаманның жөнін біліп тұратын.
Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.
Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
Ажарлы қыз – деген бітімі жинақты, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты.
Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет – әлпеті бал-бұл жанған тәні шымыр.
Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы.Қазақтың жігіттері қандай болу керек?Нағыз жігіт – қорған болар халқына, Нағыз жігіт - берік болар антына.Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді, Адал болар ата-баба салтына – дей келе біз де ұлдар жайлы өз ой –толғаныстарымызды ортаға салсақ деп едік. IV. Қорытынды Бүгінгі тәрибе сағатынан соң кейбір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бүл әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Бүгінгі бозбала –ертеңгі қамқор әке, баланың панасы, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен -ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы. Қыздарымыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмәмдаймыз. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!!! Оқушылар қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым.тақырыбын меңгерді, саралап, пікір білдірді.
Тәрбие сағатынан алған білімдерін машықта қолдануа дағдыланады.
Тақырыбы: « Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым »