Та?ырыбы: Б.Б?л?ышев «Ана» ?ай?ауыс. «Ата ананы ??рметтеу туралы» ашы? саба?
«Степная орта мектебі» КММ
АШЫҚ САБАҚ
2-4 сынып
Тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана»
Қайқауыс. «Ата ананы құрметтеу туралы»
Орындаған:
Бастауыш сынып мұғалімі Байнакавтова Ж.К.
Сабақтың тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана» сынып
Қайқауыс. «Ата ананы құрметтеу туралы» сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінмен, мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Ана, отбасы сөздерінің мазмұны мен идеясын ашу.
Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
Сабақтың түрі:
1) Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Топтау стратегиясы.
2. Түртіп алу стратегиясы.
3. Бес жолды өлең.
4. Эссе жазу.
5. РАФТ стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Б.Бұлқышев суреті, жазушы туралы анықтама, қанатты сөздер.
Сабақ жоспары:
1) Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Ой-ашар. Жаңа сабақ.
4) Ой қозғау.
- Мәтінді оқу.
- Өзіндік жұмыс.
- Түртіп алу жүйесі.
5) Ой толғаныс.
- Бес жолды өлең.
- Эссе жазу.
- РАФТ құрастыру.
6) Анаға тілек тренингі.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс әрекеті Сынып оқушылардың іс әрекеті Сынып оқушыларының іс әрекеті
Ұйымдастыру Балалар, сабаққа қажетті құралдарды дайындап қойындар. Сабаққа оқулық, дәптерлерін дайындап қояды Сабаққа оқулық, дәптерлерін дайындап қояды
Психологиялық дайындық Балалар, сабағымызды бастамас бұрын,көңілімізді көтеру үшін менімен бірге өлең жолдарын қайталандар. ..................... ..................
Үй тапсырмасын тексеру ............ Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» мәтіні берілді және әжемізге хат жазып келу тапсырылды.
Әжемізге жазып келген хаттарын оқиды (3-5 оқушыдан сұрау)
Әже инабатты, әңгімеге сараң,таза да тәкаппар,жуас. Өзінің жеті атасын дәптеріне жазып келу.
Немене
Шөбшекк
Шөбере
Немере
Әке
Бала
Ата
Ой ашар. Жаңа сабақ «Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.» Балалар, мен оқыған тақпақ кім жайында?
Демек бүгінгі сабақта біз ...сыныппен «Б.Бұлқышевтың Ана» әңгімесімен, ал ... сыныппен «Қайқауыс. Ата ананды құрметтеу туралы» туындылармен танысамыз
Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.
Балалар Ана және Ата ана туралы өз көзқарастарын білдіріп қорытынды жасайды.
Ана , отбасы бұл өмірдегі ең бағалы, ең қасиетті адамдар. Олар біздің тірегіміз. Ана жанұямыздың күн шуағы, нәзік жан.
(топтастыру)
Ой қозғау
Ой толғаны.
Бұл кезде мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқу түртіп алу жүйесімен жұмыс.
Авторың өмір баянымен таныстыру «БББ» стратегиясы арқылы
Білемін
Білмеймін
Мен үшін жаңа
Топпен жұмыс.
.
Балаларға Баубек Бұлқышев туралы әңгімелеу жұмысын жүргізу
(өз беттерінше жұмыс жасайды)
Бірінші топ: Сұрақ-жауап оқулықтағы.
Екінші топ: ана туралы мақал-мәтелдер жазу.
Әр топтан 3-4 оқушыдан айтады
(өз беттерінше ) Шығармашылық тапсырма.
«Ана» тақырыбына эссе жазу. Тірек сөздер: Жақын жан, жұмсақ алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны.
Мәтінмен жұмыс, түртіп алу стратегиясы.
Оқушылар әңгімені өз беттерінше оқып, түсініксіз сөздерді белгілеп алады.
Әңгімелеу жұмысы: оқыған қайқауысты талдау жұмысы.
(өз беттерінше) Ата ана тақырыбына
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
Қорытындылау Балалар енді бәріміз екі топқа бөлініп келесі тапсырманы бірігіп орындаймыз
Өзіндік жұмыс.
Жарайсындар! Әр топ өздерін жақсы көрсетті. Екі топтың арасында достық женді!
Сонымен балалар, бүгінгі сабақта біз не жайында әңгімелестік?
Ана, ата ана, отбасы ұғымдары өмірімізде қандай орын алады?
Мен сендерге жүректерді берем, ал сендер анаға, отбасыға тілек жазып ағашымызға ілесіндер. (Екі сынып екі топқа бөлінеді)
Әр топ РАФТ құрастыру жұмысын жүргізеді.
Рөлім – оқушы
Аудитория – мектеп
Формасы – ұсыныс хат
Тақырып – Аялайық ананы
(балалар тілектерін жазып болған соң оқып, ағашқа апарып іледі)
Үй тапсырмасы Отбасы туралы өлең құрастыру. Сынып жол, ал сынып жол. Үй тапсырмасын күнделікке жазады Үй тапсырмасын күнделікке жазады
Бағалау Оқушыларға белсене қатысқандары үшін жетон беру. Бағаларды қою.
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар қою.
Автордың апасына берілген мінездемесі.
Қандай?
Әңгімеге сараң
Инабатты
Жуас
Таза да
тәкаппар
Автордың балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен?
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда аналар тақырыбына арналады. Бүгін біз Б.Бұлқышевтің «Ана» мәтінін оқимыз.
Жаңа сабаққа көшу.
І. Қызығушылықты ояту.
Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.
Оқушылар жауабы:
Топтастыру
ІІ. Мағынаны тану.
Бұл кезде мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқу түртіп алу жүйесімен жұмыс.
Білемін
Білмеймін
Мен үшін жаңа
Сөздікпен жұмыс.
Топпен жұмыс.
Сұрақ-жауап оқулықтағы.
Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Әр топтан 3-4 оқушыдан айтқызу.
Ойымызды толықтыра түсейік.
ІІІ. Ой толғаныс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
ІV. Шығармашылық тапсырма.
«Ана» тақырыбына эссе жазу.
Тірек сөздер: Жақын жан, жұмсақ алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны.
Оқушылардың жазған эсселері мен өлеңдерін оқыту.
V. Өзіндік жұмыс.
Әр оқушы топта РАФТ құрастыру.
Рөлім – оқушы
Аудитория – депутат
Формасы – ұсыныс хат
Тақырып – Аялайық ананы
VІ. Анаға тілек тренингі.
Әр оқушы анасына тілектерін жазып, топта айту.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?
Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: Мәтінді жаттау. Өлең құрастыру.
Бағалау.