Презентация. ??лпынайды? адам а?засына пайдасы ?ылыми жоба 32 бет
Құлпынайдың адам ағзасына пайдасы
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе …...............................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Құлпынай жидегіне сипаттама.......................................................6
2. 2 Құлпынайдың адам ағзасына пайдасы .......................................7
2. 3 Құлпынай жидегін пайдалану жолдары......................................12
2. 4 Құлпынай – махаббат, сұлулық, жастық жемісі.......................16
2. 5 Құлпынайдан ас дайындау ............................................................21
2. 6 Құлпынай өсірудің қыры мен сырлары... ..................................28
ІІІ. Қорытынды ......................................................................................30
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................32
Кіріспе
Өсімдік – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Адамның тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты. Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі көзі өсімдіктер болып саналады.
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
Жаз мезгілі иммунитетті жоғарылатып, дәрумендерді молынан пайдаланатын науқан. Бұл кезеңде дәрумендерге бай жеміс-жидектердің піседі. Сондықтан ас мәзіріне жеміс-жидектерді енгізіп, күнделікті пайдаланған жөн.
Табиғатта кездесетін өсімдіктердің кейбіреуі таптырмас ем ретінде қолданылса, кейбіреуі улы болып келеді. Сондықтан, табиғаттың заңына бағына отырып, өсімдіктерді өз пайдаңызға жаратқан жөн. Бау-бақшаларда кездесетін құлпынайдың дәмі тәтті әрі тосап қайнатуға болатынын көбісіміз білеміз, ал денсаулыққа келтірер пайдасы жайлы хабарыңыз бар ма?!
Құлпынай – бүлдіргендер тобы, раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Өскен кезде пайда болатын мұртшалары арқылы көлденең жайылады. Оның 5-12 күлтелі гүлдері жапырақтарының үстіңгі бетінде орналасады. Жидегі қызыл түсті, хош иісті болады. Құлпынайдың жабайы түрін тек Еуропадан кездестіре аласыз. Ерте көктемде, жазда, күзде жеміс беретін сұрыптары бар.
Құлпынайдың адам ағзасына келтірер пайдасы:
Құлпынай С дәруменіне өте бай.
Құрамында минералдар мен микроэлементтер көп кездеседі: темір, магний, калий, кальций, мыс, йод, фосфор, цинк, марганец т.б.
Аталмыш дәрумендер, минералдар мен микроэлементтерсіз адам ағзасы дұрыс жұмыс істей алмайтынын ескерген жөн.
Авитминоз кезінде құлпынайды көптеп жеген абзал.
Зәр мен терді денеден айдау арқылы ағзаны тазартады.
Құрамындағы антиоксиданттар қартаю үрдісін тежейді.
Иммунитетті жоғарылатады.
Микробқа қарсы қасиеті бар.
Асқазан ауруы кезінде таптырмайтын көмек.
Қатерлі ісіктің алдын алады.
Жөтел және өкпе аурулары кезінде жапырақтарын қайнатып ішу керек.
Адам ағзасына келтірер пайдасынан өзге салада да қолданысқа ие. Мәселен, сән әлемінде парфюмерия жасау барысында пайдаланылса, тағам өндірісінде десерт, шырын, тосап, джем жасауға болады.
Құлпынайдың шипалық қасиеттері халқымыздың денінің сау болуына оң әсерін тигізері хақ.
Зерттеудің мақсаты: Құлпынай жидегінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Құлпынайдан дайындалатын сусындар мен ем-домдардың жасалу жолдарына зерттеп танып-білу.
Міндеттері:
- Құлпынай жидегіне сипаттама беру;
- Құлпынайдың адам ағзасына пайдасын айқындау;
- Құлпынай жидегін пайдалану жолдарын танып-білу;
- Құлпынай – махаббат, сұлулық, жастық жемісі ретінде орнын анықтау;
- Құлпынайдан ас дайындау жолдарын зерттеу;
- Құлпынай өсірудің қыры мен сырларын танып-білу.
Негізгі бөлім
1 Құлпынай жидегіне сипаттама
Құлпынай (Fragarіa moschata) – HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A0%D0%B0%D1%83%D1%88%D0%B0%D0%BD%D0%B3%D2%AF%D0%BB&action=edit&redlink=1" \o "Раушангүл (мұндай бет жоқ)" раушангүл тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейбір мәліметтер бойынша құлпынай бүлдіргеннің екі түрінің буданы болып саналады. Биіктігі 30 – 35 см, жапырағы үш тармақты, ірі, ашық жасыл, қалың түпті. Гүл сабақтары жапырақтардан биік орналасады, гүлі ақ, дара жынысты. Жемісі – жидек, тәтті, хош иісті. Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Құлпынай суыққа төзімді, бірақ ұзақ уақыт болатын суықта, әсіресе, қарсыз жылдары түптері үсіп кетеді. Құрғақшылыққа төзімсіз, көлеңкелеу жерде жақсы өседі. Жеміс беруі бүлдіргенге қарағанда төмен. Құлпынайдың Шпанка, Миланская, Гүлжан, т.б. сорттары бар. Жабайы құлпынай HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F" \o "Испания" Испания, Италия, т.б. еуропа елдері аумақтарында кездеседі.
Гүлсағақтары қысқа. Жидегі қызыл түсті, хош иісті. Жидегінің сыртқы қабатында орналасатын тұқымдарының саны 200-ге дейін жетеді. Құлпынай – жарықсүйгіш өсімдік. Құлпынайдың табиғи түрі тек HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%95%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%B0%D0%B4%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Еуропада (мұндай бет жоқ)" Еуропада өседі. Бізде екпе түрлері ғана өседі. Сұрпына қарай ерте көктемде, жазда, күзде жеміс береді. Сонымен қатар жаз бойы, күздің суық күндеріне дейін жеміс беретін сұрыптары бар.
Құлпынай — латынның «fragaria vesca» сөзінен аударғанда «жұпар» деген мағынаны білдіреді. Жемістің бұл түрі Азия елдеріне ХІІІ ғасырда тарап, адамзаттың сүйікті асына айналған. Құлпынайды қаламайтын жан жоқ. Жас та, кәрі де сүйіп жейтін маусымдық жеміс. Маусым демекші, Сіз пайдасы мол бұл жидекті қысқы маусымға дайындап, жарата білдіңіз бе? Ендеше кеш қалмаудың қамына кірісейік.
2 Құлпынайдың адам ағзасына пайдасы
Құлпынай – жарықсүйгіш өсімдік. Жидегі қызыл түсті, хош иісті болып келеді. Сұрпына қарай ерте көктемде, жазда, күзде жеміс береді. Құлпынай – дәрумендерге өте бай. Құрамында ағзаға аса пайдалы С дәрумені көп. Оның құрамында темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс пен йод та бар. Қыс бойы дәрумен жетіспей әлсіреп шығатын ағзаға аса пайдалы. Құрамындағы көміртектер қан құрамындағы қантты көтермейтіндіктен, сахар диабетіне шалдыққан адамдарға жеуге рұқсат берілген. Жуырда құлпынайдың рак клеткаларының өсуін баяулататындығы анықталды.
Құлпынайдың пайдалары:
Дәрумен жетіспеушілікке өте пайдалы.
Тамырдың бітелуін алдын алады және холестеринді түсіреді.
Ағзаны тазартып, зәрді және терді айдайды.
Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді.
Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі.
Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы.
Жүрек қан-тамырлар жүйесін қорғайды.
Шек құрттарын кетіреді.
Қанды тазартады, денеден улы заттарды шығарады.
Тіс еттерін қуаттандырады, ауыз иісін кетіреді.
Тынышталдырады, күйзелісті азайтады.
Қан қысымын түсіреді, дене қызуын басады.
Ревматизм, бүйрек ауруларына пайдалы.
Түрін көргеннен балғын дәмі тілімізге келіп, сілекей шұбыртатын жидектің бірі – HYPERLINK "http://www.massaget.kz/kyizdarga/krasota/30619/" \t "_blank" құлпынай. Ал құлпынай сүйгіштер сүйікті жидегінің шаш етектен келер пайдасынан хабар бар ма екен?
Құлпынай дәрумендерге аса бай. Құрамындағы HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D8%B3" \o "س" С дәруменінің мөлшері HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A6%D0%B8%D1%82%D1%80%D1%83%D1%81" \o "Цитрус" цитрус өсімдіктеріне қарағанда анағұрлым көп. Сонымен қатар HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80" \o "Минералдар" минералдар менмикроэлементтері декөп: темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс, йод, пектин, эфир майлары және С дәрумені бар. Құлпынай дәрумен жетіспеушілікке өте пайдалы. Ағзаны тазартып, зәрді және терді айдайды. Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді. Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі. Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы. Темекі шегетіндерде қатерлі ісік пайда болуы ықтимал, сондықтан құлпынайды көп жеу керек. Жөтел және өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру және организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.
Құлпынай ағзадағы ас қорыту жүйесін жақсартып, ішек шырышының қабынуынан сақтайды. Сіңір тартылу, қан аздығы, жүйке жүйесі мен онкологиялық аурулардың алдын алады. Ми жұмысы мен есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы қан қысымын бір қалыпты ұстап, тұз мөлшерінің тепе-теңдігін сақтайды. Алайда, аллергиясы бар жандар құлпынайды пайдаланбағаны абзал. Тістерім маржандай аппақ болсын десеңіз, құлпынайдан дәм татыңыз.
Түскі астан жарты сағаттан соң құлпынай жесеңіз ерте егде тартуға жоқ дейсіз. Құрамындағы антиоксидант қартаю үдерісін баяулатын қасиетке ие.
Жүрек-тамыр ауруларымен күресетін нөмірі бірінші құрал, оны ескерусіз қалдыруға болмайды. Құрамында холестерин мөлшерін реттіп тұратын қышқыл бар. Сонымен бірге қан тамырларын, артерияны нығайтатын С дәруменіне бай.
Құлпынай көз көруін жақсартып, көз айналасындағы қара дақтардан арылтады.
Бала күтіп жүрген болашақ ана болсаңыз, құрсақтағы балаңыз HYPERLINK "http://www.massaget.kz/kyizdarga/shayra/11183/" \t "_blank" құлпынайға мұқтаж. Баланың өсіп жетілуіне бірден бір жәрдемші осы жидек.
Аллергия мен демікпеге қарсы дәрі-дәрмек қабылдаудан шаршаған болсаңыз, енді HYPERLINK "http://www.massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/19154/" \t "_blank" басқа нұсқаларды қарастыратын уақыт жетті. Құлпынай тұмау, көз қышуы, демікпе секілді ауруларға ем болады.
Құлпынайдың тұқымы безеуге қарсы қолданылады. Бет терісіне бөртпе мен безеу шығып мазаңызды алса, бетіңізге құлпынай тұқымынан маска жасаңыз. Қорытындысына таңдай қағатын боласыз. Мұный да құпиясы антиоксидантта.
Құлпынай мойны секпілді ағартуға көмектеседі. Оны лимон шырынмен, қаймақпен бірге пайдалансаңыз, нәтижесі күштірек болады.
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!
Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіре аласыз!