Поурочный план по математику на тему Онды? б?лшектерді к?бейту


Сабақтың тақырыбы Ондық бөлшектерді көбейту
5 сынып
Сілтеме Жоспар
Сабақтың мақсаты 1. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту ережесін білу;
2. Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіну;
3. Ережені қолданып есептер шығаруға үйрену;
Күтілетін нәтиже 1. Ондық бөлшектерді көбейту үшін үтірге назар аудармай көбейтіп, көбейткіщке үтір қоюды біледі.
2. Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001; ... разряд бірліктеріне көбейткенде разряд бірліктерінде неше нөл болса сонша цифрға солға қарай жылжытуды түсінеді;
3. Ондық бөлшектерді көбейту ережелерін пайдаланып есептер шығаруды үйренеді.
Негізгі идея Ондық бөлшектерді көбейту үшін: 1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек; 2) көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001 және т.с.с. разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.
Тапсырма 1. 1. Ой қозғау (сұрақ-жауап);
Тапсырма 2. Топтық жұмыс (постер қорғау)
Тапсырма 3. Жұптық жұмыс (математикалық диктант)
Тапсырма 4. Жеке жұмыс (кестенің бос жерін толтыр)
Сабақ бойынша
мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
КІРІСПЕ
6 мин І .Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу .
Диктафондағы өз сөзіммен жазылған есепті қоямын: 1 көбейту 0 қосу 1 көбейту 1. Оқушылар әртүрлі жауап қайтаруы мүмкін өйткені мен 1мен0-дің көбейтіндісін 1мен1-дің көбейтіндісіне қос деп математикалық тілде жеткізіп тұрған жоқпын. Оқушыларға: "көрдіңдер ме оқушылар математикалық тілде сөйлемесе әркім әрқалай қабылдап, қате жауаптарға бой алдырады екен сондықтан дұрыс жеткізуді үйренейік"-деп математика тілімен сөйлеудің маңыздылығын айтылады. Оқушыларды ортаға сурет қиындыларын алуға шақырамын.
Оқушылар сурет қиындылары бойынша 3 топқа бірігеді. Қиындыларды құрастырғанда артында сұрақтар көрсетіліп тұрады.
1 топқа: 63*28=1764 екені белгілі болса, 6,3*2,8=?
2 топқа: 56,1*100=561; 12,32*10=1232; 5,8*1000=58 алдыңғы тақырыпты еске түсіріп, үтір қай жерге қойылатын табыңдар?
3 топқа: 6,3*4,15=26145 үтір қай жерге қойылуы тиіс? Мұғалімнің нұсқаулықтарын тыңдап сабаққа кіріседі.
Әр оқушы партаның үстінен бір қиынды алады. Оқушылар таңдаған қиындыларын құрастыру барысында бір-бірлерімен сөйлеседі, ойланады. Топтасқан соң қағаз қиындыларын құрастырады. Оқушылар ой қозғау мақсатында берілген сұрақтар төңірегінде өз
ой –пікірлерін білдіреді.
Тұсаукесер
2 мин
ІІ. Жаңа білімді меңгерту
Оқушылармен бірлесіп табыс критерийлері тақтаның жанына плакатқа жазылады.
1. Ондық бөлшектерді көбейту ережесін білемін;
2. Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсінемін;
3. Ережені қолданып есептер шығаруға үйренемін; Оқушылар бірлесіп табыс критерийлерін құрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
10 мин
3 мин
6 мин Топтық жұмыс: Постер қорғау
Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Бақылаушыларға бақылау парақтарын үлестіру.
1 топқа –7,32*2,8=20496 үтірі қойып, осы тақырыпқа байланысты ойларыңнан 3 есеп құрастырып шығарыңдар.
2 топқа – мысалдар арқылы ондық бөлшектерді көбейтудің ережесін шығару;
3 топқа – мысалдар арқылы ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001 т.с.с. разрядтар бірліктеріне көбейтудің ережесін шығару;
Бақылаушылар өз бақылаған жұмысын оқиды.
Топтардың бірін-бірі сағат тілімен «Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалау. Сабақта оқушыларды топтық жұмысқа белсенді қатыстыру үшін топ оқушылары рөлдерге бөлінеді. ( көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы). Бақылаушы бағалау парағын толтырады.
Топтарға тапсырмалар таратылып беріледі, оқып талқылайды және ережесін шығарады.
Баяндамашылар өз постерлерін қорғайды.
«Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
7 мин
Жұптық жұмыс (математикалық диктант)
Теңдіктері дұрыспа? (ия, жоқ)
1) 6,3×1,8=11,34
2) 0,3×0,1=30
3) 5,81×1,5=8,715
Осыны ұялы телефон арқылы 5 Г сынып конференциясына жіберемін. Оқушылардан смс толық келген соң дұрыс жауабын оқимын. Бағдаршам арқылы 3не дұрыс жауап берген жасыл, 2-не жауап берген сары 1-не жауап берген кызыл түсті көтереді. Дұрыс келген смстің алғашқы 3-уін атап, мадақтаймын. Оқушылар математикалық диктантты ойланады, жауапты ұялы телефон арқылы жібереді. Бағдаршам арқылы оқушылар жауаптарын жұптарда бағалайды.
ҚОРЫТЫНДЫ 7 мин
4 мин Жеке жұмыс (Кестенің бос жерін толтыр)
0,37× 1,5 =
6,371× =0,6371
16,03× 0,6 =
16,03× =0,1603

Рефлексия
Сіз бүгін сабақта не үйрендіңіз?
Сізге бүгінгі сабақтағы қай тапсырмалар қиын болды?
Сізге бүгінгі сабақтағы қай жұмыс түрінде белсенділік таныттыңыз? (1-5 балл)
Топтық жұмыс Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс
Ұйымдастыру кезеңіндегі жұмыс Оқушылар
Кестенің бос жерін толтыру арқылы танымдық дағдысы қалыптасады, өзін-өзі реттеуге үйренеді.
Дайын үлгі жауап арқылы
өз-өздерін бағалайды.
Табыс критерийін пайдаланып өздерін бағалау арқылы сабақ рефлексиясын жазады.
Сабақтың жабдықтары Интерактивті тақта
Постер, маркер, стикерлер, ақ қағаздар, ұялы телефон.
Кейінгі тапсырмалар №1071, №1072, №1087