Математикалы? сайыс Ж?лдызды с?т
Тақырыбы: Жұлдызды сәтМақсаты: Бастауыш 3 сыныптар арасында топтық сайыс өткізу. Оқушылардың қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Озық ойлы оқушыларды анықтау. Оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: техникалық құралдар, қанатты сөздер, геометриялық фигуралар.Барысы:Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, ұстаздар!Жер үстінде адам өмір өткізер,Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар, - деп бүгінгі біздің 3 сынып дарынды оқушылары арасында өткізгелі отырған «Жұлдызды сәт» атты топтық сайысымызға қош келдіңіздер!Жарыста озып шығар жүйріктерді,Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.Қанекей, өрендерім, сайысқа шық,Таң қалдыр біліміңмен көрерменді, - деп бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарды таныстырып өтейін. 1-топ. «Алғырлар», 2-топ «Жүйріктер», 3-топ «Тапқырлар».Кім жеңеді жарыста, үміт алда,Қобалжу бар, жүректе күдік бар да.Әділқазы алқасы атыңды ақта,Жүйріктерге арман мен бақыт жолда, - деп бүгінгі әділқазы алқасымен таныстырып өтейік.Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық,Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық, - дегендей, бүгінгі біздің жарысымыз 5 бөлімнен тұрады.1. Таныстыру. 2. Қас-қағым сәт ішінде (логикалық сұрақтар)3. Әзіл есеп4. Математика мақал-мәтелдерде5. «Кім тапқыр» (математикалық жұмбақтар)1. Таныстыру. Қазекем мақтанады ұрпағымен,Көрінсін ұландарым бар қырымен.Танытсын кім екенін мына көпке,Аты-жөнін ата-баба салтыменен, - деп топ басшылары өз топтарын таныстырып өтеді. Бұл кезеңнің шарты бойынша топ таныстыруы 5 ұпай көлемінде бағаланады.2. Қас-қағым сәт ішінде (логикалық сұрақтар)Бұл кезеңнің шарты бойынша әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай беріледі.Сырлары көп білімнің,Шешілмеген әлі де.Тереңдігі білімнің,Керек екен бәріне, - дей отырып, топтарға логикалық сұрақтар береміз, кімнің қас-қағым сәтте жауап таба аларын білейік.1-сұрақ. Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(Жауабы: бесбұрыш)2-сұрақ. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг. тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша болады? (Жауабы: 3 кг.)3-сұрақ. «К» әрпімен басталатын математикалық сөздерді ата. (Жауабы: көбейткіш, көбейгіш, көбейтінді, т.б.)4-сұрақ. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (Жауабы: нөл)5-сұрақ. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, бір уақытта салынған 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (Жауабы 3 минутта)6-сұрақ. Айқасқан екі таяқ.Тұрады жоқты сұрап. (Жауабы: икс)7-сұрақ. Төрт қойдың неше аяғы бар? (Жауабы: 16)8-сұрақ. Бір санды 9 есе арттырғаннан 27 шығады. Ол қандай сан. (Жауабы: 3)9-сұрақ. Аспанда бес үйрек ұшып барады. Біреуін атып түсірсе нешеуі қалады. (Жауабы: біреуі, қалғаны ұшып кетті)10-сұрақ.Бір көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма? (Жауабы: үш көйлек)11-сұрақ. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (Жауабы: 3)12-сұрақ. Үш сызықтан пайда болған фигура(Жауабы: үшбұрыш)3. Әзіл есеп.Бұл кезеңнің шарты бойынша әр есептің дұрыс жауабына 1 ұпай беріледі.Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,Сөз кезегін есепшіге берелік.Арамызда тапқыр достар көп екен,Соларға енді есеп беріп көрелік, - деп ендігі кезекте әр топқа әзіл есептер ұсынамыз.1- есеп. Құмырсқаның туған күні болады. Бірінші жыбырлап екі қоңыз келеді. Асығып екі көбелек ұшып келіп есік қағады. Секіріп екі шегіртке келді. Шай ішіп отырғанда кешігіп жұлдызқұрт келіп, дастарханға жайғасады.Сұрақ: Құмырсқаның туған күніне неше қонақ келді. (жауабы: 7)2- есеп. Сауысқан ормандағы жануарларға:- Асығыңдар, аралар бәріңе бал таратады, - дейді.Бірінші бөшкені көтеріп аю келеді. Екінші кесе алып ақ тиін келеді.Үшінші келген қоян табақ көтеріп келеді.Төртінші түлкі құмыра әкеледі.Бесінші қасқыр кастрөл көтеріп келеді.Сұрақ: 1.Қоян нешінші болып келді? 2.Ең кіші ыдыс кімдікі? 3. Ең үлкен ыдыс кімдікі?(Жауабы: қоян үшінші келді. Ең кіші ыдыс ақ тиіндікі, ең үлкен ыдыс аюдікі)3- есеп. Ормандағы бір үйшікте тату-тәтті аңдар тұрып жатты. Сендер олардың атын сипаттамасына қарай тауып көріңдер.- Өзі – қу, жүрген жері – шу (түлкі)- Көзі – қитар, құлағы – ұзын және қорқақ. (қоян)- Кішкене ғана бойы бар, домаланған түрі бар, үнемі арқасында тасып жүрген инесі бар. (кірпі)- Түсі сұр, тістері ақсиған, сондай қорқынышты (қасқыр)- Қорбаңдаған, епсіз, өзі балды сондай жақсы көреді (аю)Үйшіктегі достар қанша? (Жауабы: 5)4- есеп. Орманға Данияр мен Дана жидек теруге келеді. Олар шырша түбінен бүлдірген тапты. Қайың жанынан қарақат терді. Терек ағашының түбінде итмұрын өсіп тұр екен.Сұрақ: Балалар жидектің неше түрін кездестірді? (Жауабы: 3)5- есеп. Қарақаттың туған күніне Дана тоты құс сыйлады. Досжан табиғат суретін, Жансая үлкен қуыршақ сыйлады. Сұрақ: Қарақатқа неше сыйлық әкелінді? Қанша досы келді?(Жауабы: 3 сыйлық, 3 дос)6- есеп: Елік теледидар сатып алыпты. Барлық дос аңдарды «Балапан» бағдарламасын көруге шақырады. Бірақ үйлерінде екі-ақ орындық бар екен. Үлкеніне аю мен түлкі отырыпты. Кішіге ақтиін, кірпі, қоян, тышқан, борсық отырады.Сұрақ: 1. Теледидар көруге неше аң келді. 2. Қай орындыққа көбі отырды.3. Неліктен?Жауабы: 7 аң, кіші орындыққа, кішкене4. Математика мақал-мәтелдердеБұл кезеңнің шарты бойынша 1-топ мақал-мәтелдерді бастайды, жалғасын тапқан топ келесі мақалды бастайды, әр мақалдың жалғасын тапқан топқа 1 ұпай беріледі. 1. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)2. Бес бармақ жиналса, (жұдырық болады)3. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)4. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)5. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл)6. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)7. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)8. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)9. Қонақ бір күн қоса – құт, (екі күн қонса – жұт)5. «Кім тапқыр». (Математикалық жұмбақтар)Бұл кезеңде әр топқа үш жұмбақтан беріледі, жұмбақтың дұрыс шешімін тапқанға 1 ұпайдан беріледі.Білім деген биік шың,Бақытқа сені жеткізер,Білім деген ақылшың,Қиындықтан өткізер, - дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегі математикалық жұмбақтарға көшеміз.1-жұмбақ. Менің екі ағам бар, олардың әрқайсысының екі ағалары бар, ол ағалардың да әрқайсысында екі ағадан бар. Бірақ бірінде де қарындас жоқ. Отбасында неше бала бар.(Жауабы: 3 ұл)2-жұмбақ. Бір әкеден «Неше балаң бар?» деп сұраған екен. Ол: «Төрт ұлым бар, әрқайсының туған әпкелері бар» деп жауап беріпті. Әкейдің неше баласы бар?(Жауабы: 5 баласы бар)3-жұмбақ. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,Ұзындығы жазулы тұр бойында.(Жауабы: сызғыш).4-жұмбақ. Доп емес, дөңгелек емес,Ұқсас, бірақ достарым.Фигура ол ең негізі,Дәл жауапты қостадым.(Жауабы: шеңбер)5-жұмбақ. Ұлпа жүніні қыздырып,Күн шуақта бір күшік.Отыр еді маңына,Келді тағы бір күшік.Нешеу болды сен сана?(жауабы: 2)Қанша кісі? Атам, әжем, ағаммен, Әкем, інім және мен, Анам және енесі,Енесінің бөлесі,Отыр едік шәй ішіп,Жеңгем келді майысып,Арқасында кіші інім,Саны қанша айта ғой,Үйдегі бар кісінің?(Жауабы: 11)7- жұмбақ: Бір көжекке бір көжек,Келе қалды қонаққа.5 сәбізден бірден жеп,Тойып алды тамаққа.Айтыңдаршы балаларҚанша сәбіз барлығы?(Жауабы: 10)8-жұмбақ. Үлкен, кіші сандар арасына Таңбаларды қойған кездеАлынады қандай өрнекБілейікші оны бізде(Жауабы:теңсіздік)9-жұмбақ: Нүктеден, екі сәуледен Фигура ол құралды.Айтыңдаршы канекіҚалай ғана аталды?(Жауабы:бұрыш)Қорытынды: Қазылар орнықтырақ әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл шықты.Білім мен тапқырлықтың жарысында,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.Ендеше, әділқазылар алқасына сөз береміз.Марапаттау. Барына риза болып, көрермендер,Үйретті білмегенге, білімділер.Осымен бұл сайысты тәмамдасақ,Тағы да жүздесерміз, белестерде білім деген, - дей отырып, өздерңізбен қоштасамыз.