Ашы? т?рбие са?аты Тіл м?ртебесі-ел м?ртебесі
Күні:28.02.17
Сынып: 1
Қатысқандар саны: 10
Қатыспағандар саны:0
Арсакова Жадыра Ансагановна
«Привольное орта мектебі» КММ
Сабақтың тақырыбы «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу, сауатты жазып, оқу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Қазақ тілінен орыс тіліне аудара алады, жануарлар дыбыстарын ажыратады
Көбі:Жетекші сұрақтарды қоя алады, шатасқан әріптерден сөз құрай алады
Кейбірі: Сөздерді үш тілде атай алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Әр ұлттың тілдерін құрметтеу Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Көркем еңбек, сауат ашу, дүниетану сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.,видеожазба
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Шаттық шеңбері:
Күлейік, бірге күлейік
Күліп өмір сүрейік
Досыңа қарап күлімдеп,
Сабақты қане бастайық
(Бір-біріне қарап күлімдейді)
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
3 топқа бөліну. Оқушыларға 3 түсті текше беріледі (қызыл, көк, сары)
Дайындық жұмысы.
-Қане мына түстерді үш тілде атайықшы
-Жасыл, зеленый, green
-сары, желтый, yellow
-Көк, синий, blue
Шаттық шебері
Түрлі-түсті текшелер
Сабақтың ортасы
8 минут
1 минут
12 минут
1 минут
10 минут
1 минут
3 минут
2 минут
«Білгір» сайысы:
Балалар сендердің алдарыңда сандық тұр, бұл сандыққа үлкен қолтырауын жануарларды жемекші болып, қамап қойыпты . Егер сендер оның дыбысынан танып, қандай жануар екенін тапсаңдар және үш тілде атасаңдар , оны қолтырауыннан құтқарып аласыңдар
Жасыл текше тобы
-Мысық
-Үш тілде атаңдар
Мысық, кошка, cat
Сары текше тобы :
-Ит
-Үш тілде атаңдар
Ит, собака, dog
Қызыл текше тобы :
-Балық
-Үш тілде атаңдар
Балық, рыба, fish
(Сиыр, жылқы, қой, тауық, қасқыр, түлкі)
Ұпай алу
Жақсы, айтылған дұрыс жауаптарың үшін әліпбиден бір әріп алып отырасыңдар, әріпті өздерің таңдап алыңдар.
«Шапшаңдық» сайысы:
Балалар сендерге бүгін қонаққа Томпақ келді (өзге ғаламшардан келген)
Экранға назар аударамыз!
Томпақ сөйлейді:
Шатасқан әріптерді орнына қойып тез атап шығу және оны үш тілде атау
А, қ, л, с, а, м, у, т, ы, а. Қаламсауыт, пенал,
А, л, қ, а, м Қалам, ручка, pen
Т, а, п, і, к Кітап, книга, book
Ә, е, т, р, д, п Дәптер, тетрадь, copybook
А. Қ, т, а, т Тақта, доска, blackboard
Ұпай алу
Айтылған дұрыс жауаптарың үшін әліпбиден бір әріп таңдап алыңдар, әріптің артында ұпай саны бар.
Сергіту сәті. Музыка қосылып тұрады, ортада ойыншықтар ы бар қорап тұрады. Оқушылар шеңбермен айналып жүреді, музыка өшкен кезде, жүгіріп қораптан бір затты суырып алып, сол затқа сөйлем құрайды.
«Көп ұлттар» сайысы:
Тақтада үш түс ілулі. Оқушылар бір түсті таңдап алады. Оның артында сұрақтар жасырылған.
Жасыл текше тобынан үш оқушы шығып, бір оқушы сұрақты оқиды, екінші оқушы орыс тіліне аударады, үшінші оқушы ағылшын тіліне аударады.
-Сенің атың кім?
-Как тебя зовут?
- What is your name?
-Сенің жасың нешеде?
-Сколько тебе лет?
- How old are you?
-Сен қайда тұрасың?
-Где ты живешь?
-Where are you from?
Басқа топ сол топтың сұрағына үш тілде жауап береді.
Ұпай алу
Сергіту сәті:
Үш, екі бір
Қолды көтер бір,
Үш, екі бір
Қолды көтер бір,
Айналып шық бір,
Отыр тұр, отыр тұр
Қаламыңды көтер бір! (Кім қаламын бірінші көтереді сол жеңімпаз атанады)
-Әріптің артында жасырылған ұпай санын есептеңдер
Әр топ жинаған әріптерінен сөз құрайды.
Таныстырылым,
Жануарлар дыбысы, сандық
Қима суреттер
Артында ұпай жасырылған әріптер
АКТ, томпақ
Артында ұпай жасырылған әріптер
Үш түрлі текше
Қалам
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді смайликтер арқылы бағалау.
Смайликтер