«Жары?ты? ша?ылу ж?не сыну за?ы»
Сабақтың тақырыбы: «Жарықтың шағылу және сыну заңы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жарықтың табиғаты мен таралуы туралы көзқарасты ғылыми тұрғыдан дәлелдей отырып,жарықтың сыну, шағылу құбылыстарымен танысу; Гюйгенс принципі негізінде сыну заңын қорыту; оқушылардың табиғат құбылыстарына деген материалдық көзқарастарын қалыптастыру, ғылыми білімдер мен заңдар негізінде құбылыстарды түсіндіру.
Дамытушылық:дидактикалық әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер, түрлі танымдық ойындар арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымы мен талғамын өсіру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, жылдам ой қорыта білуге дағдыландыру, топпен жұмыс істей білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, деңгейлік тапсырмалар, физикалық құрал-жабдықтар: лазерлік-оптикалық прибор, призма, жартылай цилиндр, айналар, «Жарықтың сыну мен шағылуы» презентациясы, суы бар стақан, қасық, түйреуіщ, суы бар ыдыс, пробка,тиын
Сабақтың түрі: топтық сайыс сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, топтастыру,ой қозғау,СТО элементтері,оқыту үдерісінде «үшөлшемді әдістемелік жүйесі»педагогикалық технологиясын пайдалану.
Пәнаралық байланыс: геометрия, философия, қазақ әдебиеті,математика
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың құрал- жабдықтарын алып,сабақты бастауға дайындық жасау.
1. Оқушыларды 2 топқа бөліп,әр топ өз командаларының аты менэмблемаларын таныстырып өтеді.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.(сұрақ- жауап арқылы)
а)Қоржыннан шыққан құпиялар(қоржындағы нөмірленген асықтарды алу арқылы оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді)
Оптика тарауы нені зерттейді?
Жарық табиғаты туралы қандай көзқарастар қалыптасты?
Жарық дегеніміз не?
Жарық көзі деп нені айтамыз, олар нешеге бөлінеді?
Ағылшын ғалымы Максвеллдің дәлелдемесі ?
Жарық жылдамдығы неге тең ?
(Дұрыс жауап берген оқушыларға бір асықтан таратылады)
ә) Жазбаша сұрау.
Балалардың өз бетімен үйден орындап келген шығармашылық жұмыстарын тексеру
(2 топтың топ басшылары оқиды.Жақсы, мәнді жазылған жұмысқа қызылмен боялған асық беріледі)
б) Ш.Құдайбердіұлының «Тау басындағы ой» өлеңінен үзінді оқып, «Жарық» тақырыбымен қандай байланысы барын сұрап, өтілген тақырыпты қорытындылау.
Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,
Сегіз минут шерікте жерге барып
Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.
Бұл дүние жылу жоқ нұрсыз болса,
Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?
Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса,
Көлеңке орнығады қайда барып?...
ІІІ Жаңа білімді меңгерту.
Физикалық құрал-жабдықтар: лазерлік-оптикалық прибор, призма, жартылай цилиндр, айна және т.б ; электронды оқулық пен интерактивті тақтаны пайдалану арқылы «Геометриялық оптика» бөлімін түсіндіру.
Балалар, біз өткен сабақта Оптиканың негізгі 3 бөлімі болатынын атап өттік. Олай болса, бүгінгі сабақта геометриялық оптика бөлімі бойынша
Жарықтың шағылу және сыну заңдарына тоқталамыз.
Геометриялық оптика дегеніміз-жарықтың табиғатын қарастырмай оның тек таралуын ғана зерттейтін оптиканың бөлімі. Геометриялық оптика-тек геометрияның заңдарына ғана сүйенетін абстракты оптика.
Геометриялық оптиканың негізгі түсініктерінің бірі-жарық сәулесі ұғымы.
Жарық сәулесі дегеніміз-бойымен жарық таралатын немесе толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсететін сызық. Геометриялық оптикада жарықтың таралуын түсіндіретін негізгі төрт заң бар.
Жарықтың түзу сызықты таралу заңы: жарық сәулесі біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады.( тақтаға сызып көрсету)
Жарықтың тәуелсіз таралу заңы; жарық сәулелері бір-бірімен кездескенде әрқайсысының әрі қарай таралуына әсер етпейді.
Жарықтың шағылу заңы: 1)түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. 2) түсу бұрышы шағылу бұрышына тең.(слайд, сызба нұсқалар)
Жарықтың сыну заңы: 1) түскен сәуле, сынған сәуле, орталарды бөлетін шекарада сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; 2) түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына өқатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болады да, бірінші ортаның екінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші деп аталады,
Екі ортаның шекарасында жарық өзінің тарлу бағытын өзгертеді. Жарық энергиясының бір бөлігі бірінші ортаға қайтып келеді, яғни жарық шағылады. Егер екінші орта мөлдір болса, онда жарық орталардың шекарасы арқылыжарым-жартылай өте алады, мұнда да әдеттегідей таралу бағытын өзгертіп отырады. Бұл құбылыс жарықтың сыну деп аталады. Сыну салдарынан нәрселердің пішіндері, олардың орындары мен өлшемдері өзгерген сияқты болып көрінеді. Бұл құбылыстар екі ортаның шекарасында сәуленің бағыты өзгеретіндігімен, жарықтың сынатындығымен түсіндіріледі.
Сыну заңы: Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышының синусының қатынасы екі орта үшін де тұрақты шама болады.Жарықтың сыну заңына енетін тұрақты шама сынудың салыстырмалы көрсеткіші деп аталады. (слайдтар көрсетіледі)
IV.Тәжірибе жасау алаңы.
Жарықтың сыну құбылысына бірнеше тәжірибе жасалып, түсіндіріледі. (дұрыс түсіндіріп берген топ оқушыларына асықтар таратылып беріп отырады)
1.Суы бар стаканға қасық салайық.Қырынан қарағанда суы бар стакандағы қасық сынған сияқты болып көрінеді.Неге?
2. Бос стаканға тиын салып үстінен сыздықтатып су құямыз. Қандай өзгерістер байқалды?
V Есептер шығару.Кім шапшаң?(есепті дұрыс әрі шапшаң шығарған топ оқушыларына асықтар таратылып беріп отырады)
Есеп №1
Шағылған және түскен сәулелер арасындағы бұрыш 600-қа тең болу үшін сәуле жазық айнаға қандай бұрышпен түсуі керек?
Есеп №2
Шағылған жарық сәулесі түскен сәулемен 500-ты құрайды. Түсу бұрышын табыңыз?
Есеп №3
Жарық Күннен Жерге қанша уақытта жетеді ?(жарықтың таралу жылдамдығы мен күннен жерге дейінгі ара қашықтық кестеде көрсетілген)
VІ Жаңа білімді бекіту.
Әр топ оқушыларының жинаған асық саны есептеліп, бағаланады.
Сабақта оқытушы жарықтың шағылу және сыну заңдарын оқушыларға қорытындылай келе, Венн диаграммасын толтыртады.
шағылу
сыну
VІІ. Үйге тапсырма.
Физика оқулығы 11 класс . «Жарықтың шағылу және сыну заңы,толық шағылу»