К?мірсутектерді? таби?и к?здері туралы м?лімет 11 сынып
Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайғасерік газдар.Олардың құрамы, қолданылуы. Мұнайдыөңдеу әдістері.
Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайға серік газдар.Олардың құрамы, қолданылуы. Мұнайды өңдеу әдістері.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға табиғи газ, мұнай, мұнайға серік газдар. Мұнайды өңдеу әдістері және өнімдері туралы мағлұматтар беру.Қазақтың қара алтыны атанған мұнайдың құрамы мен жер қыртысында таралуына тоқталу,туған өлкедегі қазба байлықтар мекенін таныстыру.Қазақстанның мұнай өндіретін орындарымен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың бұрынғы өтілген материалды жаңа тақырыппен байланыстыра алу қабілетін, ой-өрісін, ойлай қабілеттерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу. Мұнайдың маңызын, әлем кеңістігіндегі рөлін түсіндіру.
Сабақтың әдісі:
1. Баяндау2. Интерактивті3. Түсіндірмелі - иллюстративтіСабақтың түрі: кіріктірілген сабақПәнаралық байланыс: география, физика, биология
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд-презентациялар, үлестірмелі қағаздар,лабараториялық мұнай құймасы,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, жинақталып, мұқият сабаққа қатысуларын сұрауҮй тапсырмасын тексеру:
Сандар сөйлейді...
1865ж **** Хлоропренді каучук алды****М.Фарадей1932ж**** Бензолдың құрылымдық формуласын ұсынды****Н.Д.Зелинский1825ж****Бензолды алды**** А.КекулеТерминологиялық қобдишаБерілген терминдердің мәнін ашу.
Сөзден іске...
Бірқатар реакция теңдеулерін жазу:1.Бензолдың галогендену реакциясының теңдеуін жазыңыз2. Бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңыз.
Жаңа сабақты түсіндіруМиға шабуыл: Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау.
Органикалық қосылыстар тегіне байланысты табиғи және синтездік болып екіге бөлінеді. Табиғи органикалық заттарға: табиғи газ, мұнай,көмір, шымтезек(торф), тақтатас т.б жатады.
Синтездік: органикалық синтез арқылы жасанды жолмен алынады.(полимерлер, дәрі-дәрмектер, каучук,жасанды синтездік талшықтар)
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы анықталды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: : Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайға серік газдар.Олардың құрамы, қолданылуы. Мұнайды өңдеу әдістері.
Тақырыбымызға сай екі топқа бөлінеміз. 1-топ: Мұнай, 2-топ: Газ
Көмірсутектердің табиғи көздері (география пәні мұғалімі – Р.Т.Жумагулова түсіндіреді)
Слайд-1,2
Табиғи газ және мұнайдың кездесетін жерлері 2.Табиғи газ, мұнайдың құрамы: (Химия пәні мұғалімі түсіндіреді)
Слайд-3
Табиғи газ
азот Метан 90-98% күкіртсутек Басқа да көмірсутектер инертті газдар Су буы Көмірқышқыл газы
Мұнайдың құрамы
Қаныққан көмірсутектер аромат көмірсутектері
циклопарафиндер Сонымен қатар органикалық қышқылдар,күкіртсутек, күкірт органикалық қосылыстар болады.
Мұнайға серік газдарды үш фракцияға бөледі:
Құрғақ газ (СН4, С2Н6)
Пропан –бутан қоспасы (С3Н8, С4Н10)
Газды бензин (С5Н12, С6Н14)
3.Мұнайдың физикалық қасиеттерін анықтау үшін екі топ оқушыларына мұнай құйылған лабораториялық құтылар таратылады.
Оқушылар түрі, түсі, агрегаттық күйі, тығыздығы туралы қорытынды жасайды.
Соңынан мұғалім толықтырады. Слайд-4:
Мұнайдың физикалық қасиеттері:
Жанғыш;
Қара,қоңыр түсті;
Май тәрізді;
Судан жеңіл;
Қоймалжың, сұйық зат;
Өзіне тән иісі бар;
Суда ерімейді;
Органикалық еріткіштерде ериді;
Тығыздығы- 0,73-098 г/см
Мұнайды өңдеу әдістері (химия пәні мұғалімі) слайд-7
Физикалық әдіс: мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу. Ол мұнайды айдау деп аталады.
Химиялық әдіс: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі және көмірсутектерді ароматтандыру немесе риформинг процесі.
Мұнайды өңдеуге арналған қондырғы 2 бөліктен тұрады: мұнайды қыздыруға арналған түтікті пеш және ректификациялық мұнара.
Мұнай өнімдерін крекингілеу. Слайд-8
Мұнайды айдағанда алынатын бензиннің мөлшері жанармайға деген сұранысты өтей алмайды, сондықтан көмірсутектердің ірі молекулаларын айырып,бензин фракциясына сәйкес келетін кіші молекулалы көмірсутектер алады. Мұнай өнімдерін 4000-тан жоғары қыздырғанда, ауыр көмірсутектер айырыла бастайды. Оларды 400-4200 С температураға дейін қыздырып, буға айналдырған күйі екінші ректификациялық мұнарада фракцияларға бөледі. Бензиннен басқа:
2300-2500 С аралығында -ұршық майы,
2600-3050 С аралығында –машина майы3150-3250 С аралығында – жеңіл цилиндр майы3500-3700 аралығында – ауыр цилиндр майы бөлінеді. Ең соңында гудрон қалдық түрінде қалады.
Мұнай өнімдерін белгілі бір қысымда үлкен молекулалы көмірсутектерді қайта өңдеу арқылы бензинді құрайтын кіші молекулаларға айналдыруды крекинг деп атайды. Крекинг процесін алғаш орыс ғалымы Шухов ұсынды.
Топтарға арналған шығармашылық тапсырма:
1.«Мұнай» тобына: Мұнай және мұнай өнімдерінің қолданылуы жөнінде сызбанұсқа құру, талдау.
«Газ» тобына: Табиғи және мұнайға серік газдардың қолданылуы туралы сызба құру, түсіндіру.
2.Есептер шығару:
«Мұнай» тобына: 0,5 моль этанды дегидрлегенде түзілген этиленнің көлемін тап.
«Газ» тобына: 112 л метан жанғанда түзілген күйенің (С) зат мөлшерін тап.
Білімді тиянақтауМұнайға серік газдарТабиғи газдың негізгі құрамыМұнайдың құрамыМұнайды өндіру әдістеріМұнайды айдау қондырғысыМұнай фракциясыМұнайға серік газдарды бөлуКрекинг дегеніміз не?
Сабақты қорытындылап, білім ағашына өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы пікрлерін іледі.
Бағалау: Сабаққа қатысқан жекелеген оқушылар және жақсы қатысқан топ бағаланады.
Үйге тапсырма беру: &7.2 ; 7.3 Есеп №7
«Табиғи газ бен мұнайдың әлем кеңістігінде алатын орны» шағын эссе жазу.
Мұнай өнімдерінен туындайтын экологиялық про