Таби?ат ??былысын с?збен ?рнектеген а?ын. М.Ж?мабаев ?ле?деріндегі символикалы? ??былыс.


Зерттеу жұмысының тақырыбы: Табиғат құбылысын көркем иіріммен өрнектеу (М. Жұмабаев өлеңдеріндегі «жел» сөзінің көркемдік иірімге түсуі)КіріспеЗерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев, қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының бірі ғана емес, бірегейі де. Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын.Мағжан – түрікшіл, санашыл, дарашыл, уайымшыл, өзімшіл ақын.Мағжан Абай үлгісімен өзінің шығармашылық ортасында ақындық шеберлігін шыңдады. Ақындық өнерін де, азаматтық өмірін де тек қана туған халқының азаттық туының астына өрбітіп, еркіндік-теңдік жолына бағыштайды. Мұның өзі Мағжанның талғамай талпыну, оқу, үйрену арқылы жеткен білім деңгейі, кеңіген ой-өрісі, сезім, сыр қалыптастырған көзқарас көкжиегі болатын. Оның өз ортасынан оза шабуы да осындай білімдарлығына байланысты. Сөз өнері арқылы рухани мол мұра қалдырған М. Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу, зерделеу, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.Зерттеу жұмысының нысаны: адам бойындағы сезімдерді еркін тыныспен сыртқа шығарып, сұлу да сырлы жырға айналдырған сыршыл ақын қазақ лирикасына тағы да бір жан тебірентерлік жаңа, таза ағыс әкеп қосқандай. Мағжанның әр түрлі буынды өлшеммен өрілген өлеңі қазақ поэзиясының тосын өрнек кестесін алып келді. Сол сияқты ұйқас түрлеріне енгізген жаңалықтары – өз алдына бір төбе. Ақын поэзиясының қазақтың қарапайым сөздері көркем кесте сияқты өлең ұйқастарының да өзінен бұрынғы поэтикалық формалық дәстүрмен жазылған және жаңашылдық жақтары да бар. Мағжан Жұмабаев ХХ ғасырдағы басқа қаламдастардан осыларымен ерекшеленеді.Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – М. Жұмабаевтың өлеңдерінде кездесетін жел сөзінің көркемдігін талдауЗерттеу жұмысының осы мақсатынан туындайтын мынадай негізгі міндеттер жүйелі түрде қарастырылады:• Ақын шығармашылығын жүйелеу, саралау;• Мағжан поэзиясының көркемдік қуатын анықтау;Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды..Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу жұмысында жасалынған тұжырымдар мен нәтижелерді орта білім беретін мектептерде қазақ әдебиеті сабағында және оқушы үшін де тиімді пайдалануға болады.Зерттеу жұмысының құрылымы.Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Зерттеу барысында артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңіндегі жел сөзіне талдау жасалынған.І. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінің тақырыптық-идеялық негізіКеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", Қазағым", т. б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол:Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,Кілтін өнер-білім ашып жатыр,– дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенедіМағжан поэзиясының құдіреттілігі сол – ол оқырмандарына көтеріңкі көңіл – күй, бойға рух, жанға жігер береді. Өлеңдерінің құдіреттілігі сол – жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейтеді, отаншылдық сезімін арттырады. Оларды жаужүрек батырлыққа тәрбиелейді. Мағжан өлеңдері жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелейді, өлеңдерін жастарды тәрбиелейтін құралы ретінде пайдалану керектігі содан. Мұның бәрі Мағжан тума дарын екендігін аңғартса, екіншіден өзіне дейінгі ақындардан оқу-үйрену нәтижесінде жеткен. Ол тек қана қоғамдық саяси ойлар айтумен шектеліп қалмаған, қазақ әдебиетін бүкіл ел танитын әлемдік дәрежеге шығаруды да мақсат еткен.Дегенмен, Мағжанның ойлары мұнымен шектелмейді. Бір ұлттың өз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның "Пайғамбар", "Күншығыс", "Түркістан", От" тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық сәулесі ғана талқандамақ. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі айқын көрінеді. Мағжан өз халқының бойындағы биік рухқа сенген, сол рух қайта бір дүр сілкінсе, армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне қайта қосылуға болады деп үміттенген. Мағжан ақынның кез келген өлеңдерінен оның қазақ халқына, жалпы түркі жұртына деген асқан сүйіспеншілігі байқалып тұрады.Бәрінен қымбаты түркі дәстүр, нанымын болашақ ұрпаққа поэзияға орап тарту етті.Мұндайда Мағжан ақын көркемдік өрнек, тәсілді әсіресе образды сөздерді ешкімге айтпаған тапқырлықпен жаңаша түрлендіріп,өңдеп, оқырман көңіл күйіне қона қалатындай «іші алтын» қалыпқа түсірді.Ақын көбіне символ ретінде алып жүрген бір ғана «Жел» сөзінің өзіне қарасақ, соны түрлі образбен, бейнелі сөзбен береді.
Мысалы; «Жел» атты өлеңінде
Жел- бір тентек бала
Жан сүйгені -сар дала
Дамыл таппай жүгірер,
Ерні өтірік қыбырлап,
Сыр айтқан боп сыбырлап,
Кейде өгіз боп өкірер,- деген өлеңіде желді тентек балаға теңеп, желге жан бітіре суреттейді.Осы өлең ішінде жүйрік жел, ерке жел деген тіркестер бар және өлеңді Жел емеспін мен неге? деген сөйлеммен аяқтайды.
«Қысқы жол» өлеңінде «жел» сөзі үлкен суретте көрінеді:
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі.
Тіпті, «Батыр Баян» поэмасында «Жел» тарихи ролге түсіп кетеді:
Жүрегі тас болса да шыдай алмай,
Қамығып, қайғы басып, күрсінді жер.
Молайтып минут сайын қасірет жырын Жанында өксіп-өксіп жылады желЕрлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ақын өлеңдерінде «жел бір тентек бала», «жүйрік жел», «жалқау жел», «жібек жел», «ызғарлы жел долданып», «жел маужырап бұлданар», «жел сипайды», «жел аза боп өртеніп», «жел мінезді ессіз жан», «күбірлеп жылы жел жүрер», «жел жалығып, хал жиып», «ақын жел есер,гулер, жүйрік желдей», «желдей зулап ескен жүйрік жасжүрек», «желге айналған мен екенін білгейсің», «жел жалды,долы дауыл ұрып тұр», «кешкі ескен жылы жібек жел сұлу», «жел сөзбен шабақ аулайды ойлаған», «жел өндірді у жібін», «сол арада сайтандай ебелеңдеп жел кірді», «желмен кетсек қанатты көбелектей күйерміз», «көкте бұлт, жерде желмін гулеген», «жер еркесі желдің жөнін кім сұрар», «жел тимей кірсіз тұрған кезің еді», «жылы жел қара бұлтты тербеп айдап», «есіл жастық ескен желдей гуілдеп». Бір ғана «жел» сөзінің поэзия әлемінде осыншалық астарлы образға айналуы ақынның рухани әлемінің қат қабатында астарлы күйде тұнып жатқан жандүние байлығымен астасып жатқанда, сондай бір сырлы әлемнен бастау құрауында дей аламыз.Міне,сондықтан осы бір жел сөзі Мағжан өлеңдерінде мың құлпырып,мың түрленіп, ақынның сезім сырларын сыртқа құбылта ақтарады.Жел сөзі бұрын қазақ поэзиясында бұндай иірімлі тіркес болып жан жақты суреттелу болмаған еді.Енді Мағжан ақын арқылы үлкен жаңалық болып келді.Ақынның сезім дүниесіне әсер еткен қлттық әдебиет әлеміндегі мұндай жанданған жаңа тіркестер Мағжан поэзиясында тұнып тұр.
Мағжан лирикасындағы мың түрлі тіркеске айналған «жел» бірде тентек бала, енді бірде жылаған,долданған жан мінезін танытса, тағы бірде «жүйрік жел», «жалқау жел», «жібек жел» болып сан қырлы сипатқа ие болған. Ақынның көңіл күйіне, жан дүниесіндегі сезім құбылысына орай «жел» сөзі оның өз басының мінезін, образын ашатын шеберлік құралына айналған.
«Ақын жел, есер, гулер, жүйрік желдей», «желге айналған мен екенін білгейсің», «көкте бұлт, жерде желмін гулеген» деген тіркестер ақынның ешкімге ұқсамайтын жел сияқты еркіндігін, ешкімге тәуелді болып бой ұрғысы келмейтін дара қасиетін әйгілейді.
Демек, осы бір ғана «Жел» сөзіне байланысты туған тың ой, оралымдар Мағжанның жазу стилін ғана емес, мінез әрекетін,образ жасау тәсілін,суреткерлік ерекшелігін де айқындайды. «Жел» сөзіне байланысты туған жаңа тіркестер Мағжанның өмірді тануға деген эстетикалық жан сұлулығын да көрсетеді.Эстетикалық жансұлулық бұл адам баласының өнер әлеміне енген кездегі ерекше сұлулық құбысты сезіне білуі,ерекше эмоцияны бастан кешіруіжағдайы. Ендеше Мағжанның эстетика әлемін сезініп тануы «жел» сөзін табиғаттың бір бөлшегі деп танып, оған түрлі ұғымда жан бітіруі ақынның табиғат құбылысн ерекше иіріммен суреттеуі деп түсінемін.Ақын өз басындағы жағдайды жеткізуде осылай жанды жансыз баламалар арқылы «жел»сөзіне жаңаша мазмұн береді, жаңа тіркес арқылы шебер суреткер болады.
ҚорытындыМағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы.Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын -Мағжан Жұмабаев.  Кезінде Ж.Аймауытов «Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да ізденген,Абай да сөздің ішкі мәнерін тонын сқлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет салуда сөздің сыртқы түрін әдемілеуге Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ»деп баға берген екен.Бүгінгі ұрпақ үшін Мағжан өлеңдерінің сөзбен иірімдеп әкеліп суреттеуін үйренуіміз керек.Тек үйреніп қоймай, сөз өнеріне қолдана білуді үйретсек, қазақ жастарынан көптеген шебер ақындар шығар еді.Ақын Маралтай Райымбек айтқандай « Мағжан да – сондай тылсым жаратылған жан. Дегенмен Мағжанды түсінуге деген талпыныстар бар. Мен үшін Мағжан – сұлулықтың символы. Ең маңыздысы, адамның сырт болмысы жан дүниесінен алыстап кетпейді. Негізі, адам кез келген нәрсеге өз дүниетанымы, қабылдауы, түйсігі арқылы келеді ғой. Қарап тұрсаңыз, Мағжан – гауһар тас сияқты сан қырлы ақын. Іздеген адам Мағжан поэзиясынан бәрін табады. Бір сөзбен айтқанда, Мағжан – құбылыс. Ешқашан зерттеліп бітпейтін құбылыс.».Осылай, зерттеуімді қорытындысы : «Мағжан өлеңдері» әлі де зерттеле береді деп аяқтаймын.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі1. «Аңыз адам» № 1 саны 2012ж2. Қазақ әдебиеті 8-сынып. «Мектеп» баспасы. 2013ж3. Мағжан Жұмабаев «Сүй жан сәулем» Атамұра4. Қазақ тілі мен әдебиеті 12/ 2014ж5. Президент және Халық №50 2013ж