Компьютерде а?параттарды ?сыну т?сілдері
Күні: 08.09.14 Пәні
Информатика Мұғалім аты-жөні
Орынбеков С 7 - сынып Оқу-ісінің меңгерушісі
________ Д. Сакказиев
Сабақтың тақырыбы: Компьютерде ақпараттардың ұсыну тәсілдері.
Сілтеме: 7-сынып оқулығы;
7-сынып электронды оқулығы;
Стендтер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Ақпарат ұғымы, ақпаратты қабылдау, сақтау және жіберу құралдарын, ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығьш арттыру.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу
Нәтиже: Ақпаратың түрлерімен танысады.
Адам ақпаратты қалай қабылдайды.
Ақпаратты өңдеу құралдарын біледі.
Ақпаратты жөнелту арналарын біледі.
Ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді
Ақпаратты сақтау құралдарын біледі.
Түйінді идеялар: Адам ақпаратпен не істейді.
Ақпарат түрлері.
Ақпаратты жөнелту.
Ақпаратты өңдеу.
Ежелгі және қазіргі уақыттағы ақпарат сақтау және тасымалдаушылар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс: Математика
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сәлемдесу.
Ұйымдастыру.
Топқа бөлу.
Сабақ барысымен таныстыру.
Бағалау парағын таныстыру.
Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру Сәлемдесу
Өздерін ретке келтіру
Топқа бөліну
Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
Ақпарат дегеніміз не?
Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?
Ақпараттың қасиеттерін атаңдар?
Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?
Қандай ақпарат тасығыштар бар?
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
7-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. Оқушылар зейін қойып тыңдайды
Мағынаны тану
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)
ББҮ (2 мин.)
ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және «Мәңгілік ел» суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.
7-сынып оқулығында «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» тақырыбын оқыту.
Әрбір топқа ақпарат сақтау құралдарының суреттері беріледі.
Оқушылар белсене қатысады.
Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.
Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.
Топтағы әрбір оқушы «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» тақырыбын бөліп алып оқиды.
Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді.
Ой толғаныс (4 мин.)
Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері ақырыбында 5 жолды өлең жазу «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» 5 жолды өлең құрастырады
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» тақырыбын оқып келу. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.