Урок по информатики Санды?, м?тіндік ж?не графиктік а?параттарды кодтау, кодтан шы?ару. (7 класс)


Атырауская область Курмангазинский район
СШ имени Б. Бегалиева
Муханбетчеева Гульжазира Байдабаевна – учительница информатики

Мерзімі Сыныбы 7
Тақырып Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.
Мақсат Оқушыларға сандық, мәтіндік, графикалық ақпаратты кодтау туралы толық мағлұмат беру
Міндет Оқушыларды екілік жүйеде жұмыс жасауды қарастыру
Күтілетін нәтиже Ақпараттарды кодтау түрлерімен танысып, олармен жұмыс істеу
Негізгі идея Ақпаратты өңдеудің тәсілдерін қарастыру
Сабақ түрі Жаңа сабақ меңгерту
Көрнекілік ДК, экран, проектор
Технология Сын тұрғысынан ойлау
Үй тапсырмасы Жұппен жұмыс жасау. Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Мұғалім оқушы жауабын тыңдайды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.
Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Мысал келтіріңдер.
Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?
Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
Қандай әрекеттермен ақпаратты оңдеуге болады?
Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды?
Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
Білімді өзектендіру
Сұрақтар.
Біз ақпаратты қайда кездестіреміз?
Біз ақпаратпен не істейміз?
Қандай да бір әрекетсіз ақпарат бола ма?
Тест сұрақтарын тексеру.
Білу.
Түсіну.
Қолдану
Талдау

Жинақтау Сандық ақпаратты кодтау
Мәтіндік ақпаратты кодтау
Графикалық ақпаратты кодтау
1.Баяндама
Ақпаратты кодтау – дабылды бір пішіннен екінші пішінге түрлендіру үдерісі. Код – нақты әр хабарламаға қатаң түрде белгілі бір белгілер үйлесімін сәйкестендіру ережесі.Кодтауға қарама – қарсы үдеріс декодтау деп аталады.
Сандық ақпаратты кодтау
Алғашқыда ЭЕМ сандармен жұмыс істеген. Кейінірек компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттың басқа да түрлерін сақтау мен өңдеуге мүмкіндік береді. Біз есептеулердің ондық жүйесін қолданып жүрміз. Бұл есептеулер жүйесінің алфавиті 10 таңбадан тұрады: 0.1.2. ...9 Сандық ақпаратты беру үшін 0,1 деген екі белгіден тұратын алфавиті бар екілік есептеу жүйесі қолданылады.
Мәтіндік ақпаратты кодтау
Сендер білесіңдер екілік кодын сақтау үшін 1 байт =8 бит бөлінгенін білесіңдер. Әр биттің 0 немесе 1 мәнін қабылдай алатындығын ескеріп, оның байттағы үйлесуінің мүмкіндік саны:
28=256- ға тең болады.Демек, 1 байттың көмегімен 256 әртүрлі екілік кодтау үйлесімдер алуға және оларды 256 әртүрлі символдардың көмегімен бейнелеуге болады. Мұндай символдардың саны мәтіндік ақпаратты ұсынуға, орыс және латын алфавитінің бас әріптерін, сандарды, таңбаларды, графикалық символдарды т.б. қоса алғанда жеткілікті. Мәтіндік ақпараттарды байттардың көмегімен кодтау әртүрлі стандарттарға сүйенеді, бірақ барлығының бірінші негіз болған ASCII стандарты . ASCII – American Standard Code for Information Interchange. ASCII жүйесінде кодтаудың екі кестесі бекітілген – негізгі және кеңейтілген. Негізгі кесте кодтардың мәнін 0 – 127 дейін анықтауды, ал кеңейтілген – 128 – 255 аралығындағы символдар.
Графикалық ақпаратты кодтау.
Компьютердің экранында ақпарат нүкте – пиксельдер түрінде беріледі. Пиксельдер – ол компьютер экранындағы суреттің ең кіші элементі.суретте неғұрлым пиксельдер көп болса, сурет сапасы соғұрлым жақсы болады.Пиксельдерді кодтау қажет болғандықтан ақпараттың көлемі суреттің түсіне байланысты болады. Шын мәнінде суретке 8 түрлі түсті және де бірнеш миллиондаған реңкті де қолдануға болады. Сурет салуда түстер қаншама көбірек қолданылса, онда оны сақтауға да соншама жад қажет. Кескінді кодтаған кезде кодтау кестесіндегі нүктелер жиілігін сипаттайтын параметрді кескіннің айыру қабілет деп атайды. Кескіннің ажыратылатын түстер саны кескіннің түстік ажыратылуы деп аталады. Адамның көруі үш түске байланысты. Себебі көз көк, жасыл және қызыл түстерге ерекше сезімтал болып келеді. Осы үш түс туралы ақпаратты кодтаудың негізі болып табылады.
Топтық, жұптық талдау жұмысы.
Ақпаратты декодтау дегенміз не?
Сандық ақпаратты кодтау кестесін 50-ге дейін жалғастыр
Пернетақтаның барлық символдарын кодтауға қажетті сандардың санын анықта
Егер символдарды кодтау үшін 1 байт емес, 2 байт қолданылса, қанша әртүрлі үйлесім алуға болатынын санаңдар.
Қалай ойлайсыңдар, бір пиксельді кодтау үшін қанша ақпарат көлемі қажет болады?
Жалпы сыныппен жұмыс.
Компьютерлік тәжірибелік жұмыс
№1 Калькулятор программасы көмегімен сандарды кодтауды қарау
Калькулятор программасын ашыңдар
Инженерлік түрді таңда (программалаушы)
Кодтау амалдарын ауыстыра отырып (Dec - ондық, Bin - екілік) әртүрлі сандардың екілік кодтарың алыңдар
№2 А деңгей
Төмендегі берілген хабарламада ақпараттың санын символда және байтта анықта.
Тапсырма
Блокнот программасын ашыңдар
Мәтінді енгіз
Жақша ішіндегі мәтінді жұмыс үстелінде сақта
Осы файлдың ақпараттық көлемін компьютер арқылы анықтаңдар (қасиеттер - свойства)
В деңгейі
1 тапсырмадағы мәтінді дыбыстық файл түрінде жазыңдар: іске қосу – программалар – стандартты – дыбыс жазба батырмасын басыңдар және мәтінді микрофонға дауыстап оқыңдар.
Бұл мәтінді жұмыс үстелінде сақтаңдар.
Бұл файлдың ақпараттық көлемін анықтаңдар
Мәтіндік және дыбыстық файлдардың көлемін салыстыр
С деңгейі
Әртүрлі кодтаудағы орыс тіліндегі мәтінді салыстыр.
Программа браузерін аш
Орыс тіліндегі кез келген сайтты жүкте
Кодтауларын өзгертіңдер Бет – кодтау –Қосымша – кириллица
№3 Жұмыс үстелінің бос орнынан контекстік меню шақырып, расширение экрана – қосымша параметрлер – монитор қосымшасында түсберу сапасын көріңіз
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Компьютерде ақпарат қалай беріледі?
Не үшін екілік жүйесі компьютер үшін ыңғайлы?
Компьютерде сандық ақпараттарды кодтаудың ерекшеліктерін сипатта
Ребуста жасырылған сөзді тап
Графикалық ақпарат қалай кодталады?
Кескіннің айыру қабілеті дегеніміз не?
Экранның ең көп таралған айыру қабілетін атап шық
Неліктен адам графикалық ақпаратты мәтіндік ақпаратқа қарағанда жақсы меңгереді?
Фотосурет көбінесе қай пішімде сақталады?
Бағалау Компьютердегі жұмысын тексеру, бағалау
Үйге тапсырма §2-4 оқу. «Өзіңді тексер» тест сұрақтарына жауап беру