Т?рбие са?аты Адамны? бір ?ызы?ы бала деген


Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: „Адамның бір қызығы бала деген”Мақсаты: Ата - ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Отбасының мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу..Кіріспе сөз: Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да: «Ана – үйдің берекесі, Бала үйдің – мерекесі. Бұтағымен ағаш сымбатты, Ұрпағымен адам қымбатты. Бала болсаң балғындай бол. Айналаңа қорғандай бол» -деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнермен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле-өлгенше соны таныр қиядан. Өнер – білім берем дасең басыннан, Бер оқуға балаларды жасынан, Жақсы-жаман болса, бала – соларда», – деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше. Отбасынадағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі.
1. Жүргізуші: Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ата - аналар ұстаздар.Сәлем ана алтын күнСәлем қартты халқымныңБақытты болсын балаларАшық болсын күніңізЖайнай берсін жүзіңіз - дей келіп бүгінгі«Адамның бір қызығы бала деген» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз
Самғат: Бала деген бал екенБал дегеніміз бала екенБалалардың бойындаБір тәттілік бар екенЖанерке: Туған балаң жанға сәнДемесең де жат бөтенНағыз балаң ойласаңНемере деген тәтті екен
Диляра: Ұстаз деген қасиетті адам барБіле білсең сенің де екі анаң барБірі сенің туған анаң бар егерЕкінші анаң ұстаз деген данаң барАйназ: Туған анаң болмаса ойнамас ең күлмес еңЖарық дүние нұр сәулесін көрмес еңҰстаз ана болмаса сен өмірдіңМәні менен мағынасын білмесең
Ариназ: Ата анаға көз қуанышАлдына алған еркесіКөкірегіне көп жұбанышГүлденіп ой өлкесі
Украин халық әні «Ехал казак за Дунай» орындайтын Ертай Самғат2. Жүргізуші Жақсы тәлім көрмегенӘдепсіз деп саналарЖеті атасын білмегенЖетесіз деп танылар депжеті атасын білу бұл ата әжелерімізден алған тәрбиеміз деп есептейміз1 жүргізуші:«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп ендігі кезекті көрініске берейік.
В. Калинниковтын әні «Тень-Тень» орындайтын Есбосынова Аружан2. жүргізуші: Қалатын болсын бір ізіңМирас болып артыңаЕш аянбай күн ұзынҚызмет ет халқыңаБолады ау әсте талай сынАта баба даңқынаАл ата ана қалайсың -Ұлттық дәстүр салтыңа дегендей келесі бөліміміздің тақырыбы «Ата баба дәстүрі асыл қазына» дегендей мына конверттегі сұрақтарға ата-анамызбен жауап беріп көрейікші1. Үш жұрт (өз жұтың қайын жұрт нағашы жұрт)2. Үш би (Төле би Қазыбек би Әйтеке би)3. Қазақтың киелі сандары(3 7 9)4. Қазақтың музыкалық аспаптары (Домбыра, Қобыз, Жетіген)5.Жеті күн(дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі Жексенбі)6. Үш арсыз (ұйқы күлкі тамақ)7. Төрт құбыла(Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс.)8. Екі ақынның өнер сайысы (Айтыс)9. Бала өмірге келгенде болатын той(Шілдехана)Б. Ғизатовтың әні «Біз өмірдің гүліміз» орындайтын Сағынтай Ариназ1жүргізуші: Елді көркем көрсетерТөрелігі әділ данасыЕрді көркем көрсетерБілім мен өнер санасыӨнерлі өрге жүзедіСөз маржаны халықтаАсыл сөздің түйінімақалды үйрен жалықпа - деп халқымыз айтқандай келесі бөлімімізді „Аталар айтқан асыл сөз” мына конверттегі мақалдың ізін жалғастырайық.Анасын сүйгенніңБаласын сүй.  Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Бала —Ананың бауыр еті, көз нұры.  Ананың сүті—бал, Баланың тілі — бал.Әзілің жарасса,Атаңмен ойна.  Ата балаға сыншы.Атаңа не қылсаң,Алдыңа сол келер.   Баланың бас ұстазы — ата-ана. Әкесі бардың ырысы бар,Інісі бардың тынысы бар. Баласынан айрылған әке Таяғына сүйенер. Тісі шыққан балаға,Шайнап берген ас болмас. Балалы үй — базар,Баласыз үй — қу мазар. Балалы үйдің ұрлығы жатпас. Өз балаң,Өзекке тепсең де кетпейді;Кісі баласы,Кісендесең де тұрмайды.   Қарға баласын «аппағым» дейді, Кірпі баласын «жұмсағым» дейді. Бала жетіге келгеншеЖерден таяқ жейді.  Бала — қымбат, Немере — ыстық. Орыстың халық әні «Как со горки» орындайтын Амангелдина Диляра2 - жүргізуші: Біліммен өнер санасыБолады ау әсте талай сынАл оқушылар қалайсыңСұрақ жауап беріп көрейікЖерден ауыр не бар?Судан терең не бар?Оттан ыстық не бар?Көктен биік не бар?
Айназ: Жерден ауыр дегенім - ақыл білімСудан терең дегенім – оқу ғылымОттан ыстық дегенім - адамның өміріКөктен биік дегенім - тәкәппардың көңілі1 - жүргізуші: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?Самғат: Ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақәHYPERLINK "http://bilimsite.kz/tarbie-sagaty/3164-bala-tarbiesi-barshaga-ortak.html" \t "_blank"кенің жүрегі қатты2 - жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім?Ариназ: Тату болса - ағайын жақынАқылшы болса - апайың жақынБауырмал болса - інің жақынИнабатты болса - келінің жақынАлдыңа тартқан адал асыңҚимас жақын қарындасың1 - жүргізуші: Дүниеде не қымбат?Диляра: Алтын ұяң - отан қымбатҚұт береке - атаң қымбатАймалайтын - анаң қымбатМейірімді - апаң қымбатАсқар тауың - әкең қымбатБәрінен де ұят пенен ар қымбат
Жүргізуші: Үйдегі алтын қазық кім?
Жанерке: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке - қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әHYPERLINK "http://collegy.ucoz.ru/publ/45-1-0-3894" \t "_blank"кені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде,ақылы сөзінде. Жүргізуші:ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ. Отбасында адам бойындағы асыл  қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
  Н.Ә.Назарбаев
Жүргізуші:Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке. Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты. Баланың жақсысы-ата-ананың абыройы,ары, аманы. Қайғысы, азап- соры. (В.Сухомлинский). Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады. Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.
Перзентсіз өмір – бірде-бір сөз жазылмаған бос кітап сияқты. Уақыт, шіркін, үңілмейді, тек парақтайды.
Бала қателігіне себеп іздегенде әуелі өзің берген тәрбиенің осал тұсын қарау қажет.
Әйел бақыты баламен.
Өмір – перзентпен тәтті.
Анаға перзенті –мәңгілік сәби.
Перзентінің көз жасы – Ана жүрегінің сырқаты.
Бала – байланыстырушы, бала – бақыт.
Мәңгілік дос – Ана.
Тәрбие – балаға, жемісі – ата-анаға.
Ата-ананың ой-өрісі баламен бірге өседі.
Тауқымет баланы да есейтіп жібереді-ау.
Бала – сезімтал психолог, баланың интуициясынан ата-ана еш нәрсе жасыра алмаса керек.
Ең ауыр жаза – өзіңді-өзің кінәлау десек, бұның ауырлығы әсіресе, перзент алдындағы айыбыңды сезінгенде жаныңа қатты батады.
Ана – үйдің берекесі, Бала үйдің – мерекесі. Бұтағымен ағаш сымбатты, Ұрпағымен адам қымбатты. Бала болсаң балғындай бол. Айналаңа қорғандай бол» -деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. 2 - жүргізуші:„Бала тәрбиесі1 - жүргізуші: баршаға ортақ”
Ансамбль: Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа»Қорытынды:Мұғалім: «Адамның бір қызығы бала деген» әрбір ата - ана қажет етсін етпесін ол тәрбиеші. Бала тәрбиесі бүгінгі күні бір ғана жанұяның немесе мектептің жеке ісі емес, ол бүкіл қоғам шұғылданатын істің бір тұтас бөлігіне айналып отыр. Мектепте, ата - ана да, баланың ортасыда тәрбие тұтқасы. Міне, балалар сендер тәлім тәрбие аларлықтай атадан қалған асыл сөздер мен таныстыңдар. Сондықтанда үлкендердің әр сөзіне зер салып астарына мән беріп қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата әжелеріміздің ата - аналарымыздың әр сөзін ұғып, ақылын, өсиетін есте сақтан. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталады. Қош сау болыңыз!
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі
«Адамның бір қызығы – бала деген»
атты ашық тәрбие сағаты
Өткізген: Ыбрашева Г
2015-2016 оқу жылы