Разработка урока Мені? с?йікті ойыншы?ым


2 «А» - 19.12.14 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып төңірегінде сөйлеу білуге, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде қолдана білуге жетелеу.
Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Төмен деңгейдегі оқушыларды жоғары деңгейге көтеру мақсатында жұмыс жасау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сналы білім алуға және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, тақырыптық суреттер
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ–жауап, әңгімелеу, іздендіру, ойын, практикалық әдістер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) сыныпты түгендеу
Б) Күнді жаздыру
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, оқылық! (Давайте, дети, учится!)
Оқығанды көңілге, (А учиться, так на радость,)
Ықыласпен тоқылық! (Добросовестно, с умом!)
Ы. Алтынсарин
Тілдік жаттығу.
У-у-у-мөлдір су.
Ұлт-ұлт-ұлт-ақша бұлт.
Ұз-ұз-ұз-көкше мұз.
Уа-уа-уа-таза ауа.
Тіл дамыту. Сұрақ – жауап.
- Сенің атың кім?
- Сенің фамилияң кім?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Сен қайда тұрасың?
Өткенді қайталау. Сұрақ – жауап.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз айлары қандай?
3. Қазір қандай ай?
4. Бүгін нешесі?
5. Бүгін ауа райы қандай?
6. Ауаның температурасы қандай?
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
66 беттегі 6 тапсырманы жатқа сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Жаңа сөздер: жақсы көремін – люблю
Сүйікті - любимый
1.Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді. 2.Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. а)Мұғалім мәнерлеп оқиды. ә)Оқушылар дауыстап қайталайды. б)Оқушылар тізбекпен оқиды.
3. Сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру. «Сиқырлы қалпақ» ойыны арқылы сөз тіркесін құрату. Ойын шарты: музыка арқылы қалпақты бір-біріне кигізеді, музыка тоқтаған кезде қалпақ кімде қалса, сол бала сөз тіркесін құрастыру керек.
Не? сұрағымен жұмыс жасату. Не?- что?
Бұл не?
Бұл – қонжық?
Мынау не?
Мынау – машина
Мынау не?
Мынау - текше
1-тапсырма. «Кім тез айтады?» ойынын өткізу.
Ойыншықтардың атауын атап шығулары керек.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ3
Ақылменен хлоп3
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда
Қолымызды бір сілтеп
Басымызды шайқайық
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда
2-тапсырма. Жұппен жұмыс. Диалогты досымен мәнерлеп оқыту.
Сәлем, Женя
Сенің ойыншықтарың бар ма?
Олар қандай ойыншықтар?
Аты кім?
Ол әдемі ме?
3-тапсырма. «Қонжық» сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Қ-дауыссыз
О-дауысты
Н-дауыссыз
Ж-дауыссыз
Ы-дауысты
Қ-дауыссыз
Сабақты қорытындылау:
-Сенің сүйікті ойыншығың не?
Үй тапсырма: 1) сөздік жаттау, қайталау 2) 69 бет 5-тапсырма жаттау.Бағалау