Ы.Алтынсарин ?нер-білім бар ж?рттар


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ы.Алтынсарин Өнер-білім бар жұрттар
Мақсаты Білімділік: Білім алушыларға Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне тоқталып, мағынасын ашып, негізгі идеясын түсіндіру;
Дамытушылық: Білім алушыларды бір - бірімен ауызекі тілде сөйлесуге, қазақ тілінде сауатты жаза білуге, тілдік қорларын дамытуға, негізгі ойды табуға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Білім алушыларды Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері, әңгімелері арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Оза оқыту, СТО технологиясының стратегиясын, АКТ элементтерін пайдалану арқылы түсіндіру
Күтілетін нәтиже +Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын баяндау.Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс - қазақ мектебіне жаздырып қойды. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі - Ыбырай болған. Ыбырай сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы “өте жақсы” деген бағамен бітіреді.1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Ол кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В. В Григорьевпен жақсы танысады. Атасы Балқожаны жақсы сыйлатын Григорьев Ыбырайға аса жақсы ќарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға рұқсат берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының шығармаларының, орыс және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін ұлы адамдардың өмірі жайлы кітаптарды көп оқыған. 1860 қазақтар үшін 4 бастауыш мектеп ашылған кезде, Торғай мектебіне мұғалім болуға сұранып рұқсат алады. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды, сол себептен Ыбырай біраз балаларды өз үйіне әкеліп, оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс
Өнер-білім бар жұрттарӨнер-білім бар жұрттар  Тастан салай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге, Күн жарымда барғызды. Адамды құстай ұшырды; Мал істейтін жұмысты От пен суға түсірді; Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай, Білгендерге осылар Бәрі-дағы анықтай, Білмегенде танықтай;Біз де бекер жатпалық, Осыларға таныспай; Ат өнері білінбес Бәйгеге түсіп жарыспай; Желкілдеп шыққан көк шөптей Жаңа өспірім достарым, Қатарың кетті-ау алысқа-ай, Ұмтылыңыз, қалыспай. Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды. Өнер – жігіт көркі деп Ескермедік мақалды... Біз болмасақ  сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды. 
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.1. «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»«Оренбурский листок» газетінен2. Ы. Алтынсаринды неге «Балалар әдебиетінің атасы» деп атаған?3. Ыбырай атама хат.
Үйге тапсырма Үй тапсырмасы: Ы. Алтынсарин әңгімелерін талдау.І топ «Асыл шөп»ІІ топ «Дүние қалай етсең табылады?»ІІІ топ «Бай баласы мен жарлы баласы» Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау күлегеш балақайларын кері байланыс парқшаларына жабыстыру Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады