Доклад на тему: Развитие научно — исследовательские деятельности учащихся на уроках истории


ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ІЗДЕНУ МЕН ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ТАНЫМ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Шыраева Жанар Зейнуллақызы
Тарих және құқық пәнінің оқытушысы
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі
Өзіндік жұмыс оқу процесінің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты-материалды бекіту, тереңдету, дамытумен қатар оқытушының көмегінсіз оқып-үйрену.
Бүгінгі студент - ертеңгі болашақ маман болғандықтан, студенттер арасында өзіндік жұмыс болашақта өз білімін жетілдіріп отыру үшін қажет. Дұрыс ұйымдастырылған, өз бетімен орындалған жұмыстың тәрбиелік және білімдік мәні бар. Олардың тек өз бетімен орындайтын жұмыс түрлерін төмендегідей топтарға бөлуге болады:
1. Репродуктивтік – өз бетімен жоспар құру, тезис, аннотация, реферат жұмыстарын жазудан тұрады.
2. Шығармашылық жұмыс өз бетімен келелі мәселелерді талдау, жаңа дерек көздерін игеру, оны орындай алудан көрінеді. Қазіргі кезеңде өзіндік жұмыстың екі түрі қолданылады:
- дәстүрлі өзі алған уақытында орындайтын өзіндік жұмыстар.
- сабақ барысында оқытушының бақылауымен орындайтын жұмыстар.
Өзіндік жұмыстарды жоспарланғанда тек қана түрін ғана емес, сонымен қатар студент олардың қандай дәрежеде орындай алатынын да тексеру қажет. Атап айтқанда:
1. Өздігінен кітап, журнал, газет, тарихи деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту:
2. Конспект жаза білуге үйрету;
3. Есте сақтау қабілетін дамытуға;
4. Баяндама, реферат дайындай алуға;
5. Өзін-өзі басқаруға, өз жұмысын ұйымдастыруға дағдыландыру қажет.
Ал оқытушының басты міндеті-басшылық жасай отырып:
1. Берілген тапсырманы қандай мақсатпен, не үшін берілгендігін көрсету.
2. Танымдық тапсырмалардың нақты қойылымы мен мақсатын ашып көрсету.
3. Мамандық бойынша маман кадрдың жеке бас ерекшеліктеріне қойылатын талаппен таныстыру.
4. Болжай алуға, баға беруге, өз еңбегінің нәтижесін көре білуге, саналы түрде білім алуға бағыттау керек.
Өзіндік жұмысты тиімді жүргізу үшін:
Біріншіден студенттердің ойлау қабілетін дамыту үшін оқу процесін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүргізу керек. Атап айтсақ: "Құқық негіздері" пәніндегі заң баптарын рет-ретімен ажырату үшін студенттерге "Бақытты сәт"ойынын ұсынамын. Бұл ойында олар берілген үлестірмелі қағаздар мен фишкаларды, ойынның кезеңдерін пайдалана отырып, заң баптарын дұрыс ажырата біледі.
Ал тарих сабағында тарихи тұлғаларды есіне сақтау үшін әртүрлі тапсырмалар беремін. Солардың бірі - "Жеке тұлғаны тап", "Жеке тұлғаны таны" әдісі.
Екіншіден, сабақтан тыс уақытта өзбетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыру. Мысалы: көркем әдебиетпен, катаолгпен жұмыс, өзбетімен тақырыпқа жоспар құру, конспект жасау, тарихи оқиғаларға байланысты сол кезеңді бейнелейтін суреттер салу, буклет жасау, т.б.
Үшіншіден, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет.
Тарих пәнінде студент міндетті түрде тарихи даталарды жатқа білуге тиісті. Жаттау қабілетін дамыту мақсатында сабақ барысында ойындар қолданамын. Дәріс кезінде студент даталарға өз дәрежесінде толыққанды мән бермеуі мүмкін, ал ойындарды қолданған кезде студент қызыға отырып, жаттайды. Мысалы: "Тарихи оқиғаларға даталарды таңда" ойыны.
Студенттердің өзбетімен білім алу дербестігін дамыту-проблемалық тапсырмаларды орындаған кезде, сол сияқты зерттеу бағытындағы реферат, баяндама жазған кезде жүзеге асады. Студент тапсырманы алған соң жоспар құрып, зерттеу объектісін қарастырады, тақырып бойынша материалдар жинақтайды, оны талдап, қорытынды жасайды. Сол сияқты сабақ кезінде өзіндік жұмыстар арқылыоқушылардың танымдық белсенділігін арыттыруға болады. Танымдық тапсырмаларды топқа немесе жекелеген оқушыларға бере отырып, ойлау қабілетін дамытатындай түрлерін қарастыру қажет.
Студент кез - кезген тапсырманы орындау үшін нені білу керек?
1. Қоғамдық пороцестерді, кезеңдерді нақты салыстыра отырып, қорытынды талдау жасауы;
2. Тарихи заңдар мен заңдылықтарды ашып көрсетуі;
3. Фактіде келтірілген процестердің тарихи заңдар мен заңдылықтарға сәйкес келуін анықтауы қажет.
Әр деңгейдегі тапсырманы орындау кезінде студентке қойылатын талап:
1. Іздену, зерттеу нәтижесінде жоспар құрып, гипотеза, болжам жасайды.
2. Құбылыстарды кезеңге сәйкес талдап, бақылау мен тәжірибелер жасайды, фактілерді салыстырып, талдайды, дәлелдейді, қорытындылайды.
3. Тарихи заңдылықтарға сүйене отырып, проблеманы шешеді.
Студенттің өзіндік ойлау қабілеті мен дербестігін дамыту барысында мынаны ескеру қажет:
1. Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін топқа байланысты алу;
2. Жаңа тақырып өткен кезде проблемалық мәселелер қоя отырып түсіндіру;
3. Проблемалық тапсырмаларды сабақ үрдісінде шешуден бастау;
4. Студенттің дербестігін дамыту қажат.
Енді өзіндік жұмысты жаңа сабақ түсіндіру барысында қалай пайдалануға болатынына тоқталсам.
Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптар:
Тапсырмалар пәнге қызығушылығын арыттыратындай болуы болуы керек.
Бірнеше дерек көздерін пайдалана отырып, орындайтындай дәрежеде болуы шарт.
Берілген тапсырмаларды тиянақты тексеріп, бағалау үшін:
1. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсатын анықтау;
2. Танымдық тапсырмаларды анықтап, жүйелеу;
3. Өзіндік жұмысты орындауға өзін-өзі дайындау;
4. Өзіндік жұмысты орындаудың әдіс-тәсілдерін анықтау;
5. Жұмысты жоспарлау қажет.
Өзіндік жұмыстың мәнін анықтайтын факторлар:
1. Қойылған сұрақ тиянақты терең ізденіске жол ашады.
2. Өмірге деген саяси көзқарасын қалыптастырады.
3. Өзіндік жұмыс арқылы еңбек сүйгіштігі, тәрбиелілігі, белсенділігі, ұйымдастырушылығы, өз бетімен ойлай алу дағдылары қалыптасады. Өз бетімен ізденіп оқуға, білімін толықтыруға мүмкіндік береді.
Өзіндік жұмысты тиімді ұйымдастырғанда төмендегідей нәтижеге аса назар аударуымыз қажет.
1. Өзіндік жұмысты ұйымдастырған кезде барлық психикалық процестердің байланысын қарастыру керек (есте сақтау, айтып бере алу, ойлау қабілеті, т.б.).
2. Өздік жұмысқа деген студенттің ынта-жігерін қалыптастыру.
3. Оқу процесіндегі қиыншылықтар студенттің өз уақытын дұрыс, үнемді пайдалана алмаудан, жеке басының ерекшеліктеріне байланысты болады.
4. Жекелеген студенттердің аналитикалық ойлау қабілетінің жоғары болуы - тез есте сақтау, ойлау, өз бетімен жұмысты ойластыру қабілеттерін ашады.
5. Өзіндік жұмыс іс - әрекет нәтижесі болғандықтан, оның өзіне тән себеп-салдары, әдіс-тәсілдері болады.
Міне осындай әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, менің зерттеу бағыттарым: білім берудің жаңа технологиясын білу, тиімді түрлерін ұтымды пайдалану, педагогикалық және ақпараттық жаңалықтардан хабардар болу; студенттерді өз ісін жете білетін, ұлттық патриотизімге, өзін-өзі басқаруға, бәсекеге қабілетті мамандар етіп тәрбиелеу; жан-жақты, сапалы білім беру, кәсіби шеберлікті қалыптастыру жөнінде болмақ.
Менің зерттеу тәжірибемде жоғарыда аталғандай өзіндік жұмыстарда осы бағыт бойынша көп нәтижеге қол жеткізетіндей болатындығын айтуға болады дер едім. Атап айтар болсам, алдағы келер жылы қазақтың қас батыры, қазақ жерін Қоқан бектерінен, Хиуа хандықтарынан, Патшалы Ресей бодандығынан қорғаған арқалы, аруақты батыр Жанғожа Нұрмұхамедұлының 240 жылдығына орай, студенттерге өзіндік жұмыс ретінде батыр бабамыз туралы тың деректер жинауға, тапсырма беруді алдағы уақыттың еншісіне қойып отырмын. Бұл аталған зерттеу объектіміз бір жағынан өте тың және батыр бабамыздың біреуі өміріне, біреуі жаугершілік замандағы соғысу тәсілдеріне және де бабамыздың бір қасиеті әулиелігі жөнінде өздерінің өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізсе нұр-үстіне нұр болар еді.
Қорыта айтқанда, студенттердің өз бетімен білім алу, шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін шыңдау - қазіргі заман талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кәсіптік мектеп журналы №1 2009 ж.
2. И.Я. Лернер. Развитие мышления учащихся в процессе обучения истории. М.,1982 г.
3. М.В. Короткова, М.Т. Студеникин. Методика обучения истории в схемах, таблицах и описаниях. М., 1999г.
4. Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және ЖОО-да №5-6, 2011 ж.