Б?рін білгім келеді 1 класс


Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп_______________Мерзiм____________№_5____
Тақырып: Бәрін білгім келеді
Құндылық:_ақиқат_
Қасиеттер:_сыйластық, адамгершілік_
Мұғалiм: Сынып: 1 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Балалардың «білім», «еңбек» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру;
- білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара қарым-қатынастарын дамыту;
- жақсы оқушы болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Ресурстар:

Үй тапсырмасын тексеру.
Н.Айтов «Күзгі қуаныш»
1. Балалар, «оқушы» деп кімді айтамыз?
2. Оқушы не үшін мектепке барады?
3. Мектептегі ең жақын адам кім? Сабақ барысын талқылау:
Әңгiмелеу (сұхбат).
«Білім еліне саяхат» тақырыбында берілген суреттер бойынша әңгімелесу.
1. Мектепке келгенде алғаш сені кім күтіп алады?
2. Жақсы оқушы қандай болу керек?
3. Кітапханаға барып тұрасың ба?
4. Спортқа қаншалықты жақынсың?
Дәйек сөз.
«Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар»
Мақал
Оқушы мектептен оқу арқылы білім, тәлім алады. Оқушы үйренуге, ізденуге, көп білуге, өзін, елін, әлемді тануға құштар болған сайын білімді бола түседі. Сондықтан да «Білімді мыңды жығар» деген сөз бекер айтылмаған.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Қағазға оқу құралдарының суретін салу.
Топпен ән айту
Бақытты балалар әні
Сөзін жазған: Қ. Мүсірепов
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев

Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз, сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап.

Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.
Үй тапсырмасы.
Сурет бойынша өздерінің күнделікті іс – әрекеті туралы әңгімелеп келу.
Бағалау
Оқушыларға рахмет айта отырып,сабақ барысында алған жүрекшелерін есептей келе бағалау.