Саба? жоспар циклдік алгоритмдер


Күні: 25.11.16 жыл Сыныбы: 6 “а” Информатика
Тақырыбы Циклдік алгоритмдер
Мақсаты 1.Оқушыларға циклдік алгоритмді құруды,циклдік команданың орындалуын және құрылымын көрсету.
2.Циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп,ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы оқушыларды циклдің мәнін ұғуға тәрбиелеу.
Оқушының сабақ барысындағы мүмкіндіктері: -ортада жайлы әрекеттестікті орнату ,әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;
-өз идеяларын зерделеп,өзара әрекеттестікті орнату;
-оқушылардың белсене қатысуына көмектесу;
Оқытудың нәтижесі Сабақ соңында әр оқушы топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады;
Ортада жайлы әрекеттестік орнатады, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды;
-өз идеяларын зерделеп,өзара әрекеттестікті орнатады;
- оқушылар белсене қатысады;
Күтілетін нәтиже
•Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.
• Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде оқушы топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, топта бірлесе жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
• Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.
Әдіс-тәсілдер сұрақ-жауап, Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, оқытудағы басқару және көшбасшылық.Практикалық жұмыс.
Қолданылған құралдар: А4 парағы, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, плакат,стикер, бағдаршам,смайликтер.
Сабақ барысы
р/с Сабақтың әрекеті Оқушының әрекеті Уақыты
1.
2
Оқушылармен бірге тұрып «Шаттық шеңберін» құру.
Топ құру:
Смайликтер арқылы.
Өткенді пысықтау:
Үйге берілген тақырып арқылы білімдерін тексеру.
              
Сабаққа байланысты бір-біріне ақ тілектерін жеткізу.
Әр смайликтің артындағы сұрақтарға жауап беру.
1.Алгоритмді қалай түсінесің?
2.Алгоритмнің неше түрі бар?
3.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
4.Алгоритм орындаушы дегеніміз не?
5.Кез келген алгоритм қандай сөзбен,бұйрықпен бітеді?
6.Сызықтық алгоитмге мысал келтір.
7.Алгоритмнің басы және соңы қандай фигурада беріледі?
8.Блок-сызбада барлық фигуралар бір-бірімен қалай байланысады?
9.«Егер сағат кешкі 11 болса,онда ұйықтау керек,әйтпесе кітап оқу керек» қандай алгоритм?
10.Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
11.Тармақталу алгоритмінде қандай түйінді сөздер қолданылады?
1 минут
5 минут
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11. Сөзжұмбақ шешу.
Тақырыпты ашу.
Жаңа тақырып:Циклдік алгоритмдер.
Топпен жұмыс: «Ақпарат алу». (Постер әдісі)
Тапсырмалар
Практикалық жұмыс.
Сабақты бекіту
Бағалау.
Кері байланыс
Үйге тапсырма беру. 12.«Ағаш отырғызу» алгоритмін құра.
13.Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсет:
А) жазу үстелі
Б) адам
В) робот
Г) кір жуатын машина
14. Тармақталу алгоритміне мысал келтір
15.Алгоритм қандай формалармен ұсынылады?
1.Шеңбер сызуға арналған оқушы құралы.
2.Ақпаратты өңдеуді,сақтауды,тасымалдауды зерттейтін ғылым.
3.География,тарих сабақтарында жиі қолданылатын құрал.
4.Жылқы сөзінің орысша аудармасы.
5.Баскетбол,волейбол,футбол ойындарын ойнауға арналған құрал.
6.Кімнің?Ненің? сұрақтарына жауап беретін септік.
7.Біз қуануды қандай іс-әрекет арқылы білдіреміз?
(циклдік) сөзі шығу керек.
Көңілді алгоритм. Оқушылар бір парақ қағазды тесік пайда болғанша үйкелейді.
Екі топ та оқулықтағы мәтін арқылы  жаңа тақырыппен танысып шығады. Оқушылартақырыпты оқып, дайындалады. Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы,дизайнер, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ баяндамашысы ортаға шығап, плакатқа салған жұмысын қорғап шығады. Келесі топта өз жұмысын қорғап шығады. Әр топқа тақырыппен танысуға 3 минут, дайындық үшін 4 минут, ал қорғауға 3 минут уақыт беріледі.Оқушылар интерактивті тақтада тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар компьютерде циклдік алгоритмнің блок-схемасын сызады.
«Кубизм» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады:
1.Қандай алгоритмдерді циклдік деп атайды?
2.Шарт қандай фигурада жазылады?
3.Қайсысы алгоритмге жатпайды?
А) сызықтық
Б) бұйрықтық
В) тармақталу
Г) циклдік
4.Циклдік алгоритмге мысал келтір.
5.Блок-сызбада қандай фигуралар қолданылады?
6.Цикл сөзінің мағынасы?
Оқушылардың сұрақтарға жауап беруіне байланысты бағалау.Екі топ бір-бірін бағалайды.
Оқушылар стикерлерді тақтадағы талдың суретіне жапсырады.Қызыл алмалы стикер-сабақты жақсы түсіндім,Көк алмалы стикер-сабақты онша түсінбедім.
§ 11.Циклдік алгоритмдер.
Оқулықтағы 70-71 беттердегі бақылау сұрақтары мен тапсырмаларына,тестке жауап беру. 2 минут
1 минут
10 минут
4 минут
15 минут
4 минут
1 минут
1 минут
1 минут