Солт?стік Америка таби?ат зоналары, Кордильердегі биіктік белдеулері (7-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка табиғат зоналары, Кордильердегі биіктік белдеулері (7-сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Солтүстік Американың табиғат зоналары, таралу ерекшеліктері, биіктік белдеулері жөнінде түсіндіру.
Сабақтың әдіс, тәсілдері: сұрақ –жауап, кестемен жұмыс, СТО.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, кескін карта, атлас карта.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын сұрау.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Тест тапсырмалары
 ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:
1.Мәтінмен жұмыс.Солтүстік Америкада табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстігінде табиғат зоналары батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында жүреді.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Солтүстік Американың табиғат зоналарын түсіндіру.
 Арктикалық шөлМатериктің солтүстігіндегі Гренландия аралы мен Канаданың Арктикалық архипелагының мұздан бос жерлерін алып жатыр.
 Тундра Материктің солтүстік жағалық бөлігі мен Гудзон шығанағының оңтүстігін, Лабрадор түбегін қамтиды.
 Тайга Кордильераның шығыс беткейінен басталып, Атлант мұхитына дейінгі кең алапты алып жатыр.
 Аралас және жалпақ жапырақты, ауыспалы ылғалды ормандарМатериктің климаты анағұрлым ылғалды, жұмсақ болып келетін шығыс бөлігін бойлай, оңтүстікте Мексика шығанағы жағалауына дейін таралған.
Орманды дала, дала Шығыстағы ормандардан Кордильераға жүрген сайын ылғалдың біртіндеп кеми беру салдарынан қалыптасады.
 Шөлейт, Субтропиктік шөлдерКордильераның ішкі аудандарындағы қара жусан мен алабота басым өсетін шөлейттер Мексика таулы қыратында субтропикті шөлдерге ауысады.
Саванна, ылғалды мәңгі жасыл ормандарОрталық Америка мен Кариб теңізі аралдарында таралған.
3.Термин сөздермен жұмыс:
1.«Прерий» француз тілінен аударғанда «шалғын» деген сөз.
2.Суккулент латыншадан аударғанда «шырынды» деген сөз.
ІV.Бекіту тапсырмасы:
1. Солтүстік Американың табиғат зоналары?
2. Прерий дегеніміз не ?3. Солтүстік Американың ерекше қорғалатын аймақтары?
4. Адам әрекеті әсерінен табиғат зоналарының өзгеруі?
V.Қорынтынды.Бағалау
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу, кескін картаға табиғат зоналарын бейнелеу