Ашы? саба?. Таным білім беру саласы. та?ырыбы Тура, кері санау


Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы.
Топ: Қыран Тәрбиеші: Сатыбалдина М
Күні: 26 .01.2017 жыл
Білім беру саласы: Таным Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 5 саны мен цифры. Тура , кері санау
Мақсаты: : Балаларды 5саны мен цифрымен таныстыру. Тура және кері санауды үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Қос тілділік компонент: бес-пять-favе
Іс- әрект кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн. Балалар бірге айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденушілік Сайқымазақ кіреді.
Сәлеметсіңдерме, балалар.
Бір өнерін көрсетеді.
-Балалар мен сендерге сыйлық алып келдім. Сандығының кілтін таба алмайды.
-Балалар сайқымазаққа кілтін табуға көмектесейікпе.
Қайдан іздесек екен.
Ұшақ ұшып келеді. Онда тапсырма болады.
Тапсырма.
Тақтадағы суреттерді сана.
Саны 4 тура, кері санату.
Оған тағы біреуін әкеп қосса нешеу болады. 5
-Ендеше 5 санымен танысайық. 5санымен таныстыру. Жұмсақ ойыншықтар арқылы, кубиктер арқылы түсіндіру.
-Балалар біз тапсырманы орындадық.
-Сендер тапсырманы орындасаңдарда, мен кілтімді таппадым.
Дауыс шығады. Ендігі жолды құрастырғыштар салынған шелектегі хаттан табасыңдар.
Шелектен хатты алып оқиды.
Мына тапсырманы орындасаңдар кілітке бір қадам жақындайсыңдар.
-Балалар тапсырманы орындамас бұрын бір сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Тапсырма.
Ауызша есептер. Қосындысы 5 болатындай. Сандарға байланысты тақпақтар айтқызу.
Ойын: «Кім алғыр?»
Доппен ойнату. Допты жерге соғу арқылы қанша соққанын санату.
-Балалар сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Кілт Кітаптар дүкеніндегі “Шынашақ” ертегісінің артында тұр.
Кілтті алып келу.
-Ой, мен асығып тұрмын. Тәрбиеші апайларың сендерге өзі сандықты ашып, менің сыйлығымды береді. Сау болыңдар. Балалар сайқымазақпен амандасады.
Сайқымазаққа кілтін табуға көмектеседі.
Балалар тапсырмаларды орындайды.
5 саны мен цифрымен танысады. Тура, кері санайды
Дауыс шыққанға елеңдейді.
Шелектен хат тапқандарына қуанады.
Сергіту сәтін жасайды.
Есептерді шығарып, сандарға байланысты тақпақтарын айтады.
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Кілтті тауып алғандарына қуанады.
Рефлексивті- тұзетушілік Қорытындылау.
Тақтадағы суреттерді санату. Бес санын үш тілде айтқызу.
Сандықты ашу. Сандықтағы жұлдызшаларды балаларға таратып беру. Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: 4-ке дейінгі сандарды
Нені игереді: 5 саны мен цифрымен танысады. Тура, кері санайды.
Нені біледі: 4-ке дейінгі сандарды. Санай алады.