Сыныптан тыс іс шара ?зірлемесі 7-9 сыныптар арасында


Сыныбы: 7-8 сынып
Тақырыбы: «Қызықты физика» сайысы
Мақсаты :
Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;
Көрнекілігі: ұлы физиктердің портреттері, формулалар, нақыл сөздер, тақырыптық суреттер;
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы сайыскерлеріміз, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары!! Бүгін 7-8 сыныптар аралығында физика пәнінен өткелі тұрған «Қызықты физика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, сайысымыз сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
1-жүргізуші:
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.

2-жүргізуші:
Ғалымдардың патшасы атанғансың
Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – физика атанғансың
2-Жүргізуші:
Бәріңізге бір сәлем
Онда кешті бастайық.
Бәріміз асып-саспайық
Сөз кезегін келесі
Қатысушыларға тастайық.
Кеште өздеріне арналған
Топтар шықса бастайық.
1-Жүргізуші:
Олай болса сайысымызға қатысқалы отырған топтар:
1-топ «Қуат» тобы
2-топ «Күш» тобы
Сайысымыздың турларымен таныс болайық:
Сайыстың барысы:
І тур. «Өткел» - сұрақ –жауап.(әр топқа 20 сұрақ)
ІІ тур «Ойлан тап!» -формула табу.
ІІІ тур «Кім жылдам?»-есептер шығару.
ІV тур «Ол кім, бұл не?» - тапсырмалар орындау
V тур «Үздік тәжірибе» - тәжірибе көрсету.
2-Жүргізуші:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікті шеше біл, - әділқазылармен таныстыру.
Ибраева С.К – мектеп директоры
Нұржан С. – математика пәнінің мұғалімі.
1-жүргізуші:
І тур. «Өткел» - сұрақ-жауап. (Әр топқа 20 сұрақ оқылады)
Әр жауап 1 балл.
1-топ Қуат тобына:
Физика не туралы ғылым? (табиғат)
Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)
Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)
1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)
Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)
Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)
Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)
Табиғат туралы ғылым. физика)
Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)
Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)
Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы (инерция)
Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама (күш)
Дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі (механикалық қозғалыс)
Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді (орын ауыстыру)
Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)
Жер бетіне және ондағы барлық денелерге не әсер етеді?
Дененің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын шама (температура)
1969 жылы айға табан тіреген американдық ғалымдар (Армстронг пен Олдрин)
Ғылыми деректермен негізделген болжам (жорамал – гипотеза)
2-топ «Күш» тобына:
Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы
(жылу мөлшері)
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)
Су неше градуста қайнайды? (100)
Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)
Дененің температурасы артқан сайын, оның ішкі энергиясы (артады)
Жылу берілудің түрлерін ата (жылуөткізгіштік, сәулелену, конвекция)
Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі (балқу)
Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)
Газдың көлемі тұрақты болып, оның температурасы мен қысымы өзгеретін болса, ол процесс қалай аталады? (изохоралық)
Жылу процестерінің қайтымсыздығы (термодинамиканың ІІ заңы)
Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек (электрон)
Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль
Мұз неше градуста ериді?, су неше градуста қатады? (Ноль)
Тізбек бөлігіндегі ток каүші қай заң арқылы өрнектеледі? (Ом)
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда қай шама тұрақты болады? (ток күші)
Қыздыру шамының қылы қандай элемент (вольфрам)
Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы қалай атайды? (меншікті кедергі)

1-Жүргізуші: ІІ тур. «Ойлан тап!» - формулаларды аяқтау. Әр топқа 5 формула беріледі. Берілген формуланы аяқтайды және ненің формуласы екенін айтады. Әр жауап 1 балл.
1-топ «Қуат» тобына
P=FS ρ=mV ϑ=StF=ρgV P=mgh2-топ «Күш» тобына
I=UR U=Aq Q=cmt2-t1P=IU A=I2RtІІІ тур «Кім жылдам?» - есеп шығару. Әр топқа 2 есептен беріледі. Бағалануы: 5,4,3
1-топ «Қуат» тобына
№1
Мұздың ауданы 8 м2, қалыңдығы 25 см. Егер осы мұзда салмағы 600 Н адам тұрса, онда ол толығымен тұщы суға батып кетеп ме еді?
№2
Адам суда 9 м тереңдікке дейін сүңги алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? (теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3)
2-топ «Күш» тобына
№1
Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия шығындалған. Шамдағы ток күші неге тең?
№2
Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс жасағанда, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
2-Жүргізуші:
IV тур. «Ол кім, бұл не?» - тапсырмалар орындау. Топтарға суреттер көрсетіледі. Соған жауап беру. Әр жауап 1 балл.
1-топ «Қуат» тобына:
Блез Паскаль, Галилей, Архимед
Мензурка, манометр, паскаль шары
Ғ, м/с, Па
2-топ «Күш» тобына
Ампер, Геогр Ом, Джейм Джоуль
Амперметр, кілт, аккумулятор
Q, Вт, В
1-жүргізуші:
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста, деп келесі турымыз «Үздік тәжірибе. Әр топ өздерінің өткен тақырыптарын тәжірибе жүзінде көрсеті. Бағалануы: 5,4,3
2-жүргізуші:
Ойын –толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл ойлар әлемді арбап апты
Физика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
Келер ұрпақ Даналарға туса игі
Пифагор, Паскаль, Архимед жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, - дей келе әділқазылардан қорытынды сұраймыз. Марапаттау.
1-жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кезедесерміз біздер әлі
Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Красный Октябрь орта мектебі
«Қызықты физика»