?ажайып физика ?лемі сыныптан тыс шара
«Ғажайып физика әлемі» интеллектуалдық ойын
Қатысушылар:7 сыныптар
Уақыты:17 қаңтар,2016
Ойыншыларды бағалайтын әділ-қазылар:
Ойын барысы:
І.Тұлғаны таны
1.Әбу Насыр әл-Фараби
2.М.В.Ломоносов
3.А.Айымбетов
4.В.Франклин
5.И.Ньютон
6.Н.Танигути-1974ж жапон ғалымы Нанотехнология терминін енгізді
7.Н.Коперник
8.Г.Галилей-инерция
9.Р.Гук
10.Әбу Райхан әл-Бируни-Жер глобусын жасаған
ІI. Физикалық домино (Оқушылар құрастырады)
Физикалық ұғымдар, Материя, дене, зат,
Атом ядросындағы энергия,лазер,кибернетика,ғарыш
Бір жыл,Т.Әубәкіров,Г.Галилей,Хрусталь шар,Әлем
Ұлықбек,Әл-Фараби,Аристотель,Геродот,күнтізбе,Ғылымдар тізбесі
Эксперимент,ұқыптылық,жауапкершілік,дәлдік,ғылыми болжам,жұмыстың тақырыбы,эксперимент нәтижелері
Кило,милли, «Барлық уақытта,барлық халықтар үшін!»,Өлшемдердің метрлік жүйесі,қарыс,елі,шақырым
Демокрит,атом,электрондық микроскоптар,шаң-тозаң,графит,нейтрон,электрон,фуллерен
Қатты,сұйық,газ,аморф денелер,шыны,кристалдық тор,пішіні мен көлемін сақтау,аққыштық,тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды.
Аңырақай,Қоңырқай,Есекқырған, Болпан,Ергежейлі планета,Тұңғиық ғалам кереметтері
Жол,жылдамдық,уақыт,орын ауыстыру,масса,тығыздық,күш,көлем
ІІІ.Суреттер сырын ашайық (суретті сөйлету,физикалық құбылыстар)
1.Инерция құбылысы
2.Диффузия құбылысы
3.Тартылыс құбылысы
4.Деформация
5.Денелердің өзара әрекеттесуі
6.Планеталар қозғалысы
7.Заттың агрегаттық күйлері
8.Нанотехнология
9.Броундық қозғалыс
10.Табиғат құбылыстары (күн тұтылуы,жаңбыр жаууы)
ІV. Формуланы білеміз бе?(сұрақ-жауап ретінде)
1.Жылдамдық
2.Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
3.Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде алатын жылдамдықтары әрекеттесетін денелердің массаларын байланысты болатыны
4.Заттың тығыздығы
5.Гук заңы
6.Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
7.Ауырлық күші
8.Дененің салмағы
9.Үйкеліс күші
V. Ұшқыр ой
1.Физика және техника
2.Физика және медицина
3.Физика және тұрмыс
4.Физика және табиғат
5.Физика және астрономия
VІ. Кім тапқыр?
Сәйкестендіру
Сөзжұмбақ
Мақал-мәтелдерді физикалық тұрғыдан мағынасын ашу және 5 мақал айту
Физикалық диктант
Адасқан әріптер
1.Сәйкестендіру:физикалық шамалар,олардың өлшем бірліктер мен белгіленуі
Температура бірлігі- градус Т,t
Масса- кг m
Салмақ- Н P
Күш- Н F
Жол- км S
Жылдамдық- м/с V
Заттың тығыздығы- кг/м3 p
Қатаңдық коэффициенті- Н\м k
Ауырлық күші- Н FaҮйкеліс күші- Н Fүйк
Уақыт- с t
2.Сөзжұмбақ
Сұрақтары мен жауаптары:
1.ХХ ғасыр ғажайыптарының бірі-лазер
2.Күн құрамындағы газ-гелий
3.Жаңа астрономиялық таблицалар атты көлемді ңылыми еңбекті кім жазды-Ұлықбек
4.Физикалық аспап-Сызғыш
5.Мегаәлемнің құрылымын зерттейтін ең негізгі құрал-Телескоп
6.Кез келген атом үш түрлі элементар бөлшектердің жиынынан тұрады.Соның бірі-протон
7.Әлемдегі заттардың 99пайызы ең жеңіл екі элементтен тұрады.Соның бірі-сутек
8.Әртүрлі заттардан нелер құралады-денелер
9.Өркениеттің өрлеуіне тың жол ашатын мүлдем жаңа технология-нанотехнология
10.Барлық денелерге,табиғаттағы нәрселердің бәріне,бүкіл материялық дүниеге тән қасиет?-қозғалыс
11.Жер орбитасының сыртында орналасқан жоғары планеталардың бірі-Сатурн
12.Пішінннің өзгеруі,бұрмалану-Деформация
3. Мақал-мәтел физикалық мағынасын айту және физикамен байланысты 5 мақал айту
1......ішкен құдығыңа түкірме
2.Бұлақ көрсең ...... аш
3.Дүниенің кіндігі-......,Күн .......айналады.Аристотель
4.Көптің ....-бірлікте
5.Білегі .....бірді жығады,білімі ......мыңды жығады
4.Физикалық диктант
1.Тұғырдан суға секіргенде,әртүрлі аттракциондарда,батутта жоғары қарай секірген кездеріңде бір сәт болсын ...................(1)күйін кешесіңдер.
2.Ғарышкер кеме ішінде еркін «..........................»(2)
3.Жер мен Айдың өзара тартылысы ......................мен ...............(3) тудырады.Мухиттар мен теңіздерде тәулігіне .................(4)судың орасан зор массалары бірнеше метрге дейін көтеріледі.
4.Серпімділік күші денені ......................................................(5)пайда болады
5.Мысалы,..................................................................................................(6)массаларын өлшеуге арналған таразылар жоқ.
6.Килограмның халықаралық үлгісі ..............................................(7)сақтаулы.
7.Мысалы.адам ауыр шкафты орнынан қозғалтпақ болып итерген кезде,ол ...............................................................(8)
8.Біз қарастырған мысалдардағы .....................-пойыздың,.............-автомобильдердің, ..................................-ұшақтың,..........................-жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді(9).
9.Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш дұрыс түсінген ......................ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «..................................» (10)деген жобаны теріске шығарды.
10.Сендер Жер бетіндегі жыл мезгілдерінің ауысып отыруы мындай үш себептен болатынын білесіңдер, олар:.......................................................қозғалуы, .................................... көлбеу болатыны және ...................................қозғалғанда оның осінің өзіне-өзі ......................(11)қалпын сақтауы
Физикалық диктант жауаптары:
1.Салмақсыздық
2.жүзіп жүреді
3.судың тасуы мен қайтуын
4.екі рет
5.қысқанда,созғанда,майыстырғанда
6.планета,жұлдыз секілді алып денелер мен өте кішкентай бөлшектердің
7.Париж қаласының жанындағы Севр қаласындағы эталондар мұражайында
8.Жермен және шкафпен өзара әрекеттеседі.
9.пойыз жүретін темір жол,тас жол(шоссе),ұшақ артындағы қалған тұманды із,соқпақ жол
10.Н.Коперник,Жер қозғалмайды
11.Жердің Күнді айнала қозғалуы,Жердің айналу осінің орбита жазықтығына көлбеу болатыны және Жер Күнді айнала қозғалғанда,,,,,,параллель қалпын сақтауы
5. Адасқан әріптер
1.үйкеліс коэффициенті
2.салмақсыздық
3.теңәрекетті күштер
4.қол динамометрі
5.пластикалық деформация
6.өзара әрекеттесу
7.инерттілік
8.инерция құбылысы
9.траектория
10.гелиоцентрлік жүйе
Көрермендермен ойын
Физикалық жұмбақ
1 .Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де,жаяу да,
саралайсың,таңдайсың. (жол)
2.Көп болса,асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (уақыт)
3.Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (жылдамдық)
4.Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді
Өлшемдерін қарасаң
Ньютонға ол келеді (күш)
5.Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән
Әртүрлі затта болады әртүрлі
Өлшеуге болады дәл. (масса)
Ой-сергек“Сөздерден әңгіме құрастыру”
Ойынның тақырыбы
Бүгінгі ойын барысы
Мұғалім аты-жөні
Топтағы балалардың аты
Алған әсерлеріңіз
Көңіл-күйлеріңіз