Тіл дамыту Ерке т?лдер (развитие речи)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Сәби» тобы 17.10.2016 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ерке төлдер (жануарлардың суреттері бойынша әңгіме құрастыру).
Мақсаты: а) Тәрбиешінің көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауды үйрету (бота, ботақандар, құлыншақ, құлыншақтар т.б).
ә)Сұрақ - жауап арқылы балалардың ауыз еке сөйлеу тілін дамыту.
б)Үй жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: №7 демонстрациялық материал (үй жануарларының төлдерімен суреттері)
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Үй жануарлары» ойынын ойнату.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары, түйе, бота, жылқы, құлыншақ, сиыр, бұзау.
Билингвальді компонент: үй жануарлары -домашние животные, түйе - верблюд, бота - верблюжонок, жылқы - лошадь, құлыншақ - жеребенок.
Оқу іс-әрекет
кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шөре, шөре лағым
Тентек болма шырағым.
Секендемей, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың, деп нені айтамыз?
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Лақты.
Ұйымдастырушы
лық-ізденістікСендер қандай үй жануарларың білесіңдер?
Неге үй жануарлары деп айтамыз?
Қолда ұстайтың, адам күтіп бағатын жануарларды үй жануарлары деп атайды.
Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні, терісі киім Естеріне түсіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атаймыз?
Үй жануарларын атайды.
Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді.
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалардың іс-әрекетін бағалау.
-Қандай үй жануарларының төлдерін білесіңдер?
-Үйлерінде қандай үй жануарлар бар? Лақ, бота бұзау,қошақан.
Сиыр,жылқы, Ешкі, қойКүтілетін нәтиже:
Орындайды:үй жануарларының төлдерін дұрыс атап, олар туралы білетіндерін әңгімелеуді;
Түсінеді; есте сақтау қабілетін жетілдіріп, дыбыстарды дұрыс айту керектігін;
Қолданды;үй құстары мен жануарларға қамқорлық жасауды.