Сыныптан тыс шара физика п?нінен Болаша? физиктер (10-11 сыныптар)


Күні: 26.02.2016 жыл Сыныбы: 10 – 11 Пәні: Физика
Пән мұғалімі: Сейпулла Айымгүл
Тақырыбы: «Болашақ физиктер» атты сайыс
Мақсаты: оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
Түрі: Интелектуалдық сайыс
Әдісі: Сыни тұрғысына ойлау, топтық, сұрақ - жауап
Қолданылатын көрнекіліктер: Қанатты сөздер, шарлар, сұрақтар, стикерлер
және «Болашақ физиктер» тақырыбы.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Оқушыларға психологиялық дайындық жүргізу
Сайыстың жоспарымен таныстыру
Интелектуалдық сайыстың жоспары:
1 – тур. Сәлемдесу /топтың атын, ұранын, төсбелгісін таныстыру/
Үй тапсырмасы /тақырып түсіндіру/
2 – тур. «Сен білесің бе?» /блиц - турнир/
«Кім көп біледі» /сөздер құрау/
3 – тур. «Тәжірибе алмасу» /зертхана жасау/
Қорытындылау «Жоба қорғау»
І. Мұғалім сөзі:
Қайырлы күн қадірменді оқушылар, ұстаздар! Баршаңызда бүгінгі «Болашақ физиктер» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер.
Басталық ақыл – ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Физика ғылымына ұмтылғандар
Сен егер кім екенін білгің келсе.
Бүгін біз физиканың жұмбақты да тартымды әлемінің қызықты әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізу үшін, «Болашақ физиктер» атты көңілді тапқырлар сайысын бастаймыз. Сайысқа қатысушы топтарды таныстырып, оларды ортаға шақырайық.
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске – деп 2 топты ортаға шақырамыз.
«_____________________» құрама тобы 10 сынып
«_____________________» құрама тобы 11 сынып
ІІ. Мұғалім сөзі:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтардың білімі мен тапқырлығын бағалар қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
ІІІ. Мұғалім сөзі:
Уа жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар.
Бәріңе жар салайық,
Көңілді ойын жасайық.
Асықпайық, саспайық.
Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық!
1 – тур. Сәлемдесу /топтың атын, ұранын, төсбелгісін таныстыру/
Топтың атын, ұранын, төсбелгісін қорғау 5 балдық жүйемен бағаланады. Сахна төріне «____________________» құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.
Келесі «____________________» құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.
ІV. Мұғалім сөзі:
Үй тапсырмасы /тақырып түсіндіру/
V. Мұғалім сөзі:
– тур. «Сен білесің бе?» /блиц - турнир/
1. «_____________________» құрама тобы 10 сынып
Күн жүйесінде неше планета бар және атап шығыңдар? (9)
Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы қалай аталады? (қату, кристалдану)
Қазіргі орын ауыстыру бірлігі киолиметрді ата – бабамыз қалай атаған? (шақырым)
Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)
Еркін түсу үдеуі нешеге тең? (g = 9,8 м/с2)
Күшті өлшейтін физикалық аспап? (динамометр)
«Физика» гректің қай сөзінен шыққан? (табиғат)
Астрономиядағы ең негізгі зерттейтін құрал? (телескоп)
Сандық мәнімен бірге бағыты да көрсетілген физикалық шаманы ата? (күш)
Ғылыми деректермен негізделген жорамал қалай аталады? (болжам)
2. «_____________________» құрама тобы 11 сынып
1. Бұрынғы уақытта, уақыттың өлшем бірлігі «Секунд» қалай аталған? (қас – қағым сәт)
2. Заттың агрегаттық күйлері? (қатты, сұйық, газ)
3. Жылдамдық қандай аспаппен өлшенеді? (спидометр)
4. Радионың атасы кім? (Александр Сергеевич Попов)
5. Молекулалардың бей – берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі? (газ)
6. Дене молекулалары бір – біріне жанасқан кезде өз – өзінен бір – біріне ену құбылысы
қалай аталады? (дифуузия)
7. Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп атайды? (Галактика)
8. Физикада «бірінше ұстаз» атанған ғалым? (Аристотель)
9. Жылдамдықтың өлшем бірлігі? (м/с)
10. Атом қандай бөлшектерден тұрады? (электрон, протон, нейтрон)
РАДАФ
АТТВ
ЕЛЬВИНК
ПЕРКОНИК
ПКИРОЕНК
ЦНЯРИЕИ
РМТАНЕМО
РЕМПА
УСӘЕЛ
ДФРАА
ШЗӨІГКІТ
ЦЛНЕ
МХРАДИЕ
ЛАЬКПАС
«Кім көп біледі» /сөздер құрау/
Сергіту сәті. Жанкүйерлермен ойын
Оймен қане теңізді кешіңдер,
Зейін салып жұмбақтарды шешіңдер.
Бір бұлбұл отырады салып әнге,
Жүруге аяғы жоқ, емес жанды
Өнері қандай асқан деп ойладым,
Бір демде жер түбінен хабар алдым /радио/
Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала – шаға ұсағын,
Бауырына қысады. /магнит/
Тар шеңбер айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды. /сағат/
Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не? /тоқ/
3 – тур. «Тәжірибе алмасу» /зертхана жасау/
Қорытындылау «Жоба қорғау»
Бүгінгі кештен алған әсерлеріңді қағаз бетіне түсіріңіздер. Әділ қазыларға сөз береміз.
Бесті сыйға бергенім,
Білімді бол дегенім.
Өнер білім жарыста,
Жүлделі бол дегенім.
Гирді берген себебім,
Жетістігің тонналап,
Өсе берсін дегенім.
Өкпе назы біздерге,
Бір грамда болмасын.
Жас достарым
Мұны жақсы ұғалық
Физика құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіміз дүние кілті әлі де.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер – деп сайысымызды аяқтаймыз.