Дауыссыз дыбыстарды? т?рлері ашы? саба?


808544-97773
«Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Копбосынова Жанар Жомартқызы

Күні 20.02.2017 ж.
Пән атауы қазақ тілі
Сыныбы 5-сынып
Сабақтың тақырыбы Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың мақсаты Дауыссыз дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беремін
Тілдік мақсат Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы мағұлмат бере отырып, тілдің қатысына қарай қатаң, ұяң,үнді дыбыстарды ажырата білуге үйрету
Міндеттері: Сыни ойлауға ,нақты жауап беруге дағдыландыру.
-оқушылардың топ ішінде белсенділігін арттыру арқылы сөйлеу тілін жетілдіру;
-оқушылардың білімін бақылау арқылы шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже Дауыссыз дыбыстардың түрлерімен танысып, талдауды үйренеді
Қолданылатын модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялық
іс-әрекеттер «Стоп - кадр» әдісі, «Домино» әдісі, «Адасқан сөздер» әдісі,
«Автобус аялдамасы» әдісі, «Айналмалы бекет» әдісі
Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Блум технологиясы Мұғалім
іс - әрекеті Оқушы іс - әрекеті
2 мин Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Шаттық шеңбері. Тәтті кәмпиттер арқылы топқа бөлу. 1.Интербелсенді тақтадан балалардың көңілін көтеретін,
мадақтау сөздерге назар аударту.
1.Оқушылардың жүрегіне жылу ұялатып, сабаққа деген қызығушы-
лықтары арта түседі. 3 топқа бөлу
Қатаң
Ұяң
Үнді
5 мин Үй тапсырмасын сұрау. Білу Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын өлең шумақтарын жазып келгенін тексеру Әр топтан оқушылар үйге берілген тапсырманы оқиды
10 мин Үй тапсырмасын пысықтау.
1.«Домино» әдісі
-19050-6985
2. «Жасырынған әріптер» әдісі 1.Оқушыларға «Домино» әдісі бойынша сұрақ-жауап жазылған қағаз қиындыларын үлестіру. Доминоны құрап болған соң, топ оқушыларынан сұрақтардың жауабын пысықтап сұрау.
2. Жасырынған әріптерді алфавит бойынша орына қою арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
1.Оқушылар қағаз қиындыларын ретімен қойып, сұрақтарды пысықтап айтады. Әр топтағы оқушылар жауаптары дұрыс болмаса келесі топтардан оқушылар қатені түзетіп, ой ұшқырлығын, шапшандығын байқатады.
қағаз қиындылары

2. Әліпбидегі әріптерін ретіне қою арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
10 мин Жаңа сабақ.
«Автобус аялдамасы» әдісі. Түсіну Мұғалім әдістің шартын түсіндіріп, оқулықтан жаңа сабақпен танысуға
3 минут уақыт береді.
Ерте ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде «Қазақ тілі» елінде «Фонетика» патшалығында «Дыбыс» деген қарт өмір сүріпті. Қарттың екі баласы болыпты. Үлкен ұлы дауысты дыбыс, кенже баласы дауыссыз дыбыс. Біз алдыңғы сабақта үлкен баласы дауысты дыбыстардың қасиетімен және оның ұрпақтарымен танысқамыз. Ал бүгін кене баласы дауыссыз дыбыстардың қасиетімен және оның ұрпақтарымен танысамыз.
Әр топтан бір оқушы шығып, келесі топтарға кезегімен аялдап, дауыссыз дыбыстардың түрлері бойынша түсінік береді. Жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастырып, қай топ жолаушысының түсіндіргенін айтады.
Бір – бірін бағалайды.
Топтық жұмыс жасайды.
5 мин «Айналмалы бекет» әдісі
262 – жаттығу.
263 – жаттығу
(ауызша) Қолдану Топтарға үшбұрыш түріндегі парақтар үлестіріледі.
Оқушылар жаттығу шарты бойынша дәптерлерге сөздердің түсіп қалған әріптерін жазып, бір – бірімен парақты алмастырады.
Топтық жұмыс жасайды
Бір сөзге математикалық дыбыстық талдау жасайды
2мин Сергіту сәті Әзіл жұмбақ
Фонетикалық екі ұғым
Бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі – айтылады да естіледі,
Екіншісі – жазылады а көрінеді. (Дыбыс, әріп)
****
Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар,
Жалпы қарауындағы әріптері
Құрамындағыдан алты есе көп. (Алфавит)
****
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді
Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар) Оқушылар әзіл жұмбақты шешіп, сергіп қалды
3 мин «Кім тауып оқи алады?» әдісі
Талдау
І-ІІ топ
ІІІ топ
Оқушылар берілген тапсырманы орындап мақал-мәтелдерді шешіп, бір сөзге фонетикалық талдау жасайды
Топтық жұмыс Жинақтау 1 топ

2 топ
Дауысты дыбыстар
Венн диаграмма
Ортақ қасиеті
Екеуі де хан бұйрығын орындадыЕкеуі де тапқырЕкеуі де ақылды
Дауыссыз дыбыс
тар

3 топ
Басқы және соңғы дыбыстары бірдей, қай жағынан оқысаң да бірдей сөздерді табу. Үлгі: қазақ, мақам, тарат, қырық, ана, ата, т.б.
3 мин Үй тапсырмасын беру Бірдей дауыссыздан басталатын сөйлем құрау, Мысалы:Таңшолпан таңқурай терді. Таудың табиғаты тамаша. Күнделікке жазып алады.
5 мин Оқушыларды бағалау.
Оқушыларды кретериалды бойынша бағалау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс жасау Рефлексия. Сыныбыма «Дауыссыз дыбыстардың түрлері»тақырыбында сабағымды өткіздім.Сабағымның кіріспе бөлімін мәртебесі төмен сұрақтар яғни алдыңғы сабақтан өткен тақырыптар бойынша қою арқылы аштым.Сабағымның мақсатына сәйкес оқушы жеке топпен жұмыс жасап,жұмыстарын қорғап,өз ойларын ортаға салып түсіндірді.Топта жұмыс істеу ережесін естен шығармай,әрдайым жадында сақтап отыруы ескертілді.Оқушы топта ұйымшылдықпен жұмыстанып,бірін-бірі тыңдай білді.Топпен жұмыстану кезінде әр топ құрамынан көшбасшыларды байқалып отырды. .Жаңа білім беру сабағын сұрақ-жауап,өзіндік ізденіс,мәселе қоя іздендіру, топтастыру,жұптық әдістері арқылы жүргіздім. Суреттер,кеспе қағаздарын көрнекілік ретінде пайдаландым. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Жұптық,топтық тапсырмаларды орындау арқылы дауыссыз дыбыстар,оның түрлерін меңгерді.