Ашы? саба? а?иы? а?ын М.Ма?атаев 5сынып


Сабақтың тақырыбы: Ақиық ақын «М.Мақатаев».Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: М. Мақатаев шығармаларын оқыта отырып, оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлықтарын ояту2) дамытушылық: а) Оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру3) тәрбиелік: а) Сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу;ә) Жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе қағаздарСабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, пікірталас, топтап тапсырма беруЖаңа сабақ Қызығушылықты ояту1.Қ Мұқағали кім, қай жылы дүниеге келген?2.Мұқағали неше жасынан өлең жаза бастаған?3.Мұқағали елін, жерін, туған халқын шексіз жақсы көретінін қалай дәлелдеді?Б) «Сіз білесіз бе?» ойыныМұқағали (топтастыру)Міне, балалар, сендер ақиық ақын М.Мақатаев туралы қаншалықты ізденіп келгендеріңді, білімдеріңді көрсетіп отырсыңдар. Ендеше, бүгін біз ақын туралы көптеген мәліметтер айттық.Ой қозғау.«Ақиық» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?Оқушылардың жауабы:Ақиық сөзіне талдау жасату.Ақиық – бүркіт туысына жататын қыран құс. Ауыспалы мағынада асып тұрған дарын иесі, зерек адамды білдіреді. Міне, балалар, Мұқағали ақынды «Ақиық ақын» деп айтуымыздың өзіндік себебі де бар екен. Мұқағали атамыз тірі болса, биыл 85 жасқа толар еді, бірақ ол кісі ортамызда жоқ. Ақынның өзі өлгенмен, өлеңдері ешқашан өлмейдіМұқағали Мақатаев - ақын, аудармашы, прозашы. Өлеңдері, оның жауһар жырлары мәңгілік. Өлеңдері уақыт өткен сайын өзіне шексіз дос - сырлас тауып, Хантәңірідей асқақтап, жыр сүйер қауымның жүрегінен берік орын табуда. Адам баласының жан дүниесіне терең бойлап, ішкі сезім сырларынан, психологиялық жан - күйінен хабар беретін сезімтал, психолог ақын. Мұқағали өлеңдерінде адамның моральдық - этикалық қасиеттері әр қырынан сөз болып, жағымпаз, мақтаншақ, ұрыншақ адамдарды сынға ала, әжуалайды. Ақын осында жан - дүниесі пасық, өзіне де, өзгеге де опа бермей жүргендерге ақылын айтып, қылықтарына реніш білдірсе, болашақта осындай қасиеттерден сақ болуға шақырады.Топтық шығармашылық жұмысІ топ М.Мақатаевтың өлеңдерін атаңдарІІ топ «Ақын аманаты» тақырыбында өлең шығаруҚорытындылау.Поэзия әлеміне самғадың,Әділетті көксеуден еш қалмадыңАқынның ақиығы атанып,Ел ауызында мәңгі қалды жазғаның.
М–МұқағалидыңҰ–ұрпаққаҚ–қалдырғанА–аманатынҒ–ғасырларА–арнасынаЛ–лайық депИ–иіліп , бас иеміз.
Тексерілді 1.02.2016 ж.