Ерте темір д?уіріндегі ?аза?стан
Күні:10.12.2013ж
Пәні:Ежелгі Қазақстан тарихыСыныбы:6 «ә»
Сабақтың тақырыбы: «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан»
12. Көшпелі мал шаруашылығы
Мақсаты: Темір дәуіріндегі Қазақстанның тарихын,мал шаруашылығы жайлы толық мағлұмат беріп толықтыру.
Білімділік: Темір дәуіріндегі тұрғындардың отрықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы,тебіндік жайылым,төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып,оқушылардың білімін арттыруДамытушылық:Оқушылардың ой өрісін,қабілетін дамыта отырып,жаңа тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Жаңа білімді игертуКөрнекілігі: интерактивті тақтаСабақтың барысыІ.Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
Б) оқушылардың зейінін аударуІІ.Үй тапсырмасыҚола дәуіріндегі Қазақстан
1.Өндіріске металл құрал – саймандардың енуі2.Қола дәуірінің ерекшеліктері, негізгі сипаттамасы3.Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі
Қола дәуірінің ерекшеліктері Тірек сызбамен жұмыс
Металл өңдеу игерілдіМал бағудың көшпелі түріне көшу
Жер өңдеудің қарапайым түрі,теселі егіншілік дамыдыАндрон мәдениеті. Тірек сызбамен жұмыс
Егін шаруашылығы
Мал шаруашылығы
Қолөнер
Беғазы –Дәндібай мәдениет. Тірек сызбамен жұмыс
Егін шаруашылығы
Мал шаруашылығы
Қолөнер
Кім жылдам….
Сұрақ- жауапҚола дәуіріндегі адамдар қандай әшекей бұйымдарын таққан?
Андрондықтар бойтұмары неден жасалды және неүшін тақты?
Адамдарды қалай жерлеген?
Қола дәуіріндегі адамдардың қайтыс болған адамдар туралы діни көзқарастары қандай?
Қайтыс болған адамның қасына не үшин еңбек құралдарын қоса көмген?
Абыз кім және оның коғамдағы рөлі кандай?
Қола дәуіріндегі адамдар неге табынған?
Қазақстан жерінде қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым?
Суретпен жұмыс. Қола дәуіріндегі қыш ыдыстар қоладан жасалған құмыралар тақырыбы:
Суретпен жұмыс. Бұл кім?Ол туралы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
12 . Көшпелі мал шаруашылығы
Жоспары:
Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.
Отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуТебіндік жайылымТөрт түлік мал
12 . Көшпелі мал шаруашылығы
Адамзат дамуының тарихи үш кезеңі
Тас дәуірі Қола дәуірі Темір дәуірі
Б.з.б 5мыңжылдықта жаңа тас ғасыры неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратуды, тегістеуді үйренді. Еңбек құралдарының жаңа түрлерін үккіш келі, балта, қайланы т.б ойлап тапты. Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді темір дәуірі деп атайды.
Ерте темір дәуірі б.з.б8 ғасырдан б.з-дың 5 ғасырына дейінгі аралықты қамтиды.
Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді
дүниеге әкелген жаңа кезең. Темір берік әрі салмақты металл.
Үрлеу әдісімен шикі темір қорытатын қазандық (суретКөшпелі мал шаруашылығы
СебептеріТабиғатта құрғақшылық бел алып, жауын шашыназайды.егіншілікпен шұғылдану қиындады
Ат абзелдерін жетілдіру жылқыныкөлік ретінде пайдалануға мүмкіндік бердіМал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет еттіКөшпелілік –тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық мәдени әлеуметтік жүйе
Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы –терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.
Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Тебіндеп жайылуына икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлуді қажет етеді.
Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.
Олар суық пен ыстыққа төзімді.
Жаңа сабақты бекіту.Ой қорыту
Сәйкестігін тап:
Түйелер Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.
Олар суық пен ыстыққа төзімді
Қойлар Тебіндеп жайылуңа икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлуді қажет етеді.
Жылқылар Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
СиырларСуыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады.
Тарихи диктант
1……………..берік әрі салмақты металл
2……………..еңбек өнімділігі өсті.
3 Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірі…………………
аралықты қамтыды
5 ………………………. киіз үйін, киім кешегін,тұрмыстық
заттарын артты.
Тест тапсырмасы1.Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі
А) б.з.б 4мыңжылдық
Ә) б.з.б 5-3 мыңжылдық аралығы
Б)б.з.б 1 мыңжылдықтың соңы
в) б.з.б 8 ғасыр
2.Ертедегі темір өңдірудің қарапайым тәсілі
А) домна пешіӘ) пеш көрік
Б) қазандық
в) мартен пеші
3 Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебіА) көрші халықтардың ықпалымен
Ә) климаттың өзгеруіненБ) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынанв) ежелгі Қазақстан тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен айналыспады.
Батыс Қазақстанның шөлді аумақтарында өсірілетін түлік
А) сиырӘ )жылқыкБ) түйе
в) ешкі
Тебіндеп жайылуға икемсіз, жемшөп әзірлейтін түлік
А) сиырӘ )жылқыкБ) түйе
в) ешкіВенн диаграммасы
ІҮ. Үйге тапсырма12 . Көшпелі мал шаруашылығы
Үрлеу әдісімен шикі темір қорытатын қазандық.Суретке әңгіме құрастыру
Ү.Оқушыларды бағалау
Сабақ: 6ә сыныбы
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихыТақырып: Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімдік – оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен пайда болу себебін, малшылардың ғасырлар бойы мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, үзбей көшіп жүруін және баспаналары туралы ашып айтып, жаңа сабақты меңгерту.
Дамытушылық – оқушыларды тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениеттікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады. Жаңа білімді игереді. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті туралы қажетті білім алып, оны өзіндік жұмыс кезінде іске асыра алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, ізденіс, өзара оқыту, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қазақстан Республикасының картасы, тақырыпқа байланысты суреттер, сызбалар, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгендеу.Б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
В) Сыныптың сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Кім жүйрік?
Тарихта ең ұзаққа созылған дәуір қалай аталады? (Тас дәуірі)
Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл. (Қола)
Жеке меншік қалыптасқан кезең. (Қола дәуірі)
Темір дәуірі.
— Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді қалай атайды?
(Темір дәуірі)
— Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі. (Пеш-көрік)
— Темір дәуірі қай ғасырларды қамтыды? (Б.з.б. 8 ғасыр мен б.з-дың 6 ғасыр)
— Дала тұрғындары шаруашылықтың қандай жаңа тәсілін ойлап тапты?
(Көшпелі мал шаруашылығы)
— Көшпелілік дегеніміз….. (Тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық-мәдени,
әлеуметтік жүйе)ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон.
Көшпелілердің баспанасы.
Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, қыста – қыстауға үзбей көшіп жүрген.
Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтаймен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.
Көшпелі сақтар бұдан екі жарым-үш мың жыл бұрын өмір сүргендігі белгілі. Көшпелі сақтарда үлкен арбаның үстіне тіккен (орнатқан) киіз жамылғылы баспанасы және жиналмалы шошақ үйлері болған. Б.з.д. I мыңжылдықтың соңында Қазақстан жерін жайлаған ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр.
Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.
Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.
Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады.
Сықырлауық — киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды.
Тапсырмалар.
1-тапсырма. Кім шапшаң? Математикалық есептер.
2-тапсырма. Ойланып көр:
Мал өсіруде көшпелілер үшін жануарлардың қандай қасиеттері маңызды болды, яғни олардың қандай артықшылықтарына қарап таңдау жасады?
3-тапсырма.
Жануарлардың қай түрі көшпелі, қай түрі отырықшы мал шаруашылығында көп өсіріледі?
Көшпелі мал
шаруашылығы Отырықшы мал шаруашылығы
4-Тапсырма. Дәстүрлі (көшпелі) шаруашылық үшін маңыздылығы тұрғысынан мал түрлерінің орнын анықтап, логикалық тізбек құр.
1-жылқы 3-түйе
2-мүйізді ірі қара 4-қой
5-тапсырма. Анаграмманы шеше отырып, көшпелілердің негізгі баспанасын және оның бөліктерін ата.
К И І З Ү Й
Қ А Ң Қ А К Е РЕ Г Е У ЫҚ Т А РША Ң ЫРА Қ
Й К З И Ү І
Қ А Ң А Қ
Е Р Е Г Е К
Р А Т Қ Ы У
А Ң Ы Қ Р Ш А
IV. Бекіту.
Сөз табыңдар.
Сөз әріптерден тұрады. Бірнеше әріптен бірнеше сөз құрауға болады. Мысалы, Тарих сөзімен АР, ХАТ, ТАР, ХИТ, ТИР сөздерін жасауға болады. КӨШПЕЛІ сөзінің құрамындағы әріптерден бірнеше сөз құрап көріңдер.
Бүгінгі сабағымызға қатысты сөздерді тауып, қоржынға салу керек.
Қола, киіз үй, жайлау, қыстау, мезолит, шаңырақ, андрон, көшпелі мал шаруашылығы.
Үй тапсырмасы: 13 тақырыпты оқу, мазмұндау. Кестені толтыру.
Қола дәуірі мен темір дәуірінің жаңалықтары
Қола дәуірі Темір дәуірі
VІ. Бағалау.
V. Көшпелілер нені білуге тиіс еді1 Қоршаған табиғатты түсіну білуі тиіс еді2 Қиын жағдайда қалмау үшін жылдың қай мезгілінде судың таситынын білуі керек3 Көшудің қысқа - да әр түрлі жолдарын білуі керекСабақты бекітуМәтін мен жұмыс1 Қазақстан далаларында шамамен б з б 2 мың ж – ың соңына қарай....................шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды3 Көшпелі мал шаруашылығы артық.................... алуға................ мүмкіндік берді2 Дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілі -....................................... ойлап тапты.4 Дегенмен - де табиғаты ежелден егіншілік пен отырықшылыққа қолайлы............................. аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге отырықшы өмір салты.................... қатар дамыды5 Көшпелілердің өздері................. өндірді6 Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында...................... маңызы аса зор болды. Мұнда............. аз ұсталды. Ал оңтүстігі........... өсіруге тиімді едіСергіту сәтіҚазақтардың негізгі төрт түліктен алған өнімдерін ата1. Қой ------------------------------------------------------- ЖылқыТөлі қозы ------------------------------------------------- Төлі құлынПірі шопан ата ------------------------------------------- Пірі Қамбар атаАзық - түлік өнімдері ет, бұжы --------------------- Азық - түлік өнімдері: ет, қымызКиім - кешек және т. б бұйымдар ----------------- Киім - кешек және т. б бұйымдарШұлық жемпір бас киім тон2. Сиыр ------------------------------------------------------ ТүйеТөлі бұзау --------------------------------------------------- Төлі ботаПірі Зеңгібаба ---------------------------------------------- Пірі ОйсылқараАзық - түлік өнімдері ет, қатық айран -------------- Азық - түлік өнімдері ет шұбат құртКиім - кешек және т. б бұйымдар етік сөмке ----- Киім - кешек және т. б бұйымдар көрпе тон ішік, ----------------------------------------------------------------------жемпір, күртешеКиіз үйдің құрылысы1 кереге2 уық3 шаңырақ4 сықырлауық5 табалдырық6 маңдайша7 таянышКөшпелілердің жаңалықтарыСандар сөйлейдіВенн диаграмасыКиіз үй мен қазіргі үйді салыстыруҰқсастығы жылы адамдар тұрады есігі бар ішінде жиһаз боладыАйырмашылығы көшпелі түндік жиналады құрадыЖарық терезе еден бұрыш қабырға төбеБағалауҮйге тапсырма: «Көшпелі өмір салты» тақырыбында әңгіме құрастыр
«Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы. Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі»
автор: HYPERLINK "http://ustazuni.kz/user/Aigul/" Aigul
категория: Қоғамдық / Тарих11-10-2015, 23:21қарау саны: 1091
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгертуСабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, кестелер, іскерлік жұмыстар, ойтолғау, шығармашылық тапсырма, интерактивті тақтамен жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта. Жарты шарлар. Қазақстанның саяси карталары.Пәнаралық байланыс: Ежелгі дүниежүзі тарихы, Физикалық география, қазақ әдебиеті, музыка, өзін-өзі тану, бейнелеу.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.Оқушылар, орнымыздан тұрып бір-бірімізбен амандасып шаттық шеңберін құрып, қол ұстаса қоялық. -Бір-біріміздің қолымыздан ұстағанда нені сеземіз?- Жылылықты. - Бір-бірімізге күлімдеп қарайықшы. Енді нені байқадық?- Жақсы көңіл-қүйді, қуанышты көріп тұрмыз.- Жарайсыңдар, балалар, сендердің жадыраңқы көңіл-күйлерің маған да қуаныш сыйлап тұр, рахмет. Бүгінгі сабағымызда үй тапсырмасына даярлықтарыңды тексеру үшін қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Ханталапай» ойынын ойнаймыз. Орталарыңа асық тастаймын. Қызыл түсті асық «хан». Сұрағы күрделірек. Нақты жауап берген оқушы жоғары балға ие болады. Ұлттық ойын асықтың бүк, шік, тәйкі түсуіне қарай атып, есепке, дәлдікке, мергендікке жүгініп ойналса, біз асықта белгіленген номер бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы білімімізді саралаймыз.2. Үй тапсырмасын сұрау: «Ханталапай» ұлттық ойыны.1. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары неден жасалды?2. Питекантроптың қаңқасы алғаш табылған жер?3. Жер бетінің күрт суи бастауы?4. Туысқан адамдар ұжымының атауы?5. Ең бірінші қолданған металл?6. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы?7. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы?8. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі9. Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі? 10. Жеке меншік қалыптасқан кезең?11. Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің баспаналарына ұқсатады?12. Темір дәуірі дегеніміз не?13. Темір дәуірінің ерекшеліктерін ата.14. Темір дәуірі қандай ғасырларды қамтыды?15. Темір дәуірінің маңызы?16. Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл.«Ханталапай» ойынын қортындылау.Ой қозғау. «Таңбалы тастар» суреттері. Слайд. (мал, дөңгелекті арба т.б.)Таңдалы тас суреттері – қола дәуірінен бастап орта ғасырға дейін қазақ жерін мекендеген қауымдардың таным-түсінігінен хабар беретін аса көрнекті археологиялық ескерткіш екендігі сіздерге өте таныс. Оқушылар, тақтадағы суреттер арқылы қандай мағлұматтар ала аламыз? - Көшпелі мал шаруашылығы- Бүгінгі жаңа сабағымызда көшпелі мал шаруашылығымен жете танысамыз. Мал шаруашылығының негізі-төрт түлік мал пірлерінің атауымен «Зеңгі баба», «Қамбар ата», «Ойсылқара», «Шопан ата» аталып, оқушыларды 4 топқа бөлуіміздің және оны қорғау мақсатында топ атауына байланысты реферат жазуға тапсырма берілуі де жаңа сабаққа байланысты.3. Жаңа сабақ «Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы. Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі»Жоспар:1. Мал шаруашылығының түрлері.2. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының себептері.3. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон.4. Көшпелілердің баспанасы.Қазақ жері – мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары – қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі – арқар, ал ешкінікі – таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8-7 мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Я, мал өсіру, оны күту қазақ халқына ғана тән ата-бабамыздың қола дәуірінен бастау алып, темір дәуірінде көшпелі мал шаруашылығына ұласып, тіршілік көзіне айналғандығын білдік.Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының себептеріСендердің алдарыңда біздің заманнан бұрынғы Ү ғасырдағы Дала. Көз алдымызға елестетіп көрелік. Бұдан 2 жарым мың жыл бұрынғы Қазақстанның тұрғындары, олар көшпелі өмір салтын ұстанған. Біз көшіп жүрген ауылдың біріне тап болдық. Көкпеңбек аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Күн енді ғана шығып келеді. Ыстық болатын түрі бар. Табыншылар жылқыларды шығара бастады. Шопандар қойларды айдауда. Жүк артқан түйелер дем алып жатыр. Көшпелі ауылдың тұрғындары ретінде сезініп, қай мезгілдегі көш екендігін анықтайық. Көшпелі ауылға ойша ауысып, малшылардың тұрған ауылын тастап, жаңа орынға көшуге мәжбүр болған себебін сипаттап түсіндіріңдер. Енді сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Бір үйде бұрыш жоқ,Жалқауға пейіш жұмыс жоқ.Даладан табасың осындай,Ерекше бір тұрғынжай. Шешуі: Киіз үй. Слайд арқылы киіз үй туралы білімдерін толықтырамыз.Қорытынды:Қазақ жерінде айдауда болған поляк Бронислав Залесскийдің суреттемесі дыбыстық жазудан жіберіледі:- «Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде, мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер төгіп тіккен шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы оның соңынан ереді... Атты, атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең алдымен көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ертұрман олар үшін барлықтың, байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын көбіне күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендердің асыл тас орнататындары да болды. Жүген өмірлік, құйысқан-бәрі де шебер өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі». ХХ ғасырдағы Еуропа ғалымдары Рацель, Тойнби: - «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді деген тұжырым айтты. Сіздер келісесіздер ме?Кейінгі кезде көшпелі қоғамның ежелгі замандағы, орта ғасырлардағы мәдени, әлеуметтік, саяси оңды жақтары, артықшылықтары мойындалып келеді. Көшпелі өркениеттің адамзат тарихындағы заңды құбылыс, шаруашылықтың, мәдениеттің, өнер тұрмысының ерекше бірі екендігін көпшілік ғалымдар мойындай бастады.Қайратты Қиыншылыққа төзімдіОй-қиялы жүйрік Құбылмалы табиғат Ақынжанды табиғат жағдайына тез икемделгішАт үстінде алыс сапарлардықайыспай көтереді Жан-жақты жетілгенАдамның күрделі географиялық жағдайларға бейімделу түріЖануарлар мен қор- Қалыптасқан шаруашылық, шаған дүние турал мәдени әлеуметтік жүйе білімдердің қосындысы Өндіріс процесін ұйымдастырудыңұтымды әдістерінің жиынтығыБекіту тапсырмалары:1 топқа. Семантикалық картаЖылы орындары бар тұрақты орын Ауыл-ауылда құрт қай-натып, май шайқаған, ірімшік жасап, қысқа азық-түлік әзірлегенСуы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шір-кейі аз қоныс Қыстауға жақын жайылым Малдың жүдеу шыққан кезі «Наурыз» мерекесінің тойланатын кезі Малды алысқа ұзатып жаятын жайылымКөктеу Жайлау Күзеу Қыстау 2 топқа. Дискуссиялық өрнекМазмұны Келісемін КеліспеймінТабиғаттың дайын өнімдерін падаланған аңшы-терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндіреді. Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Көне Қытайда «көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Көшпелі халықтардың рухани өмірі мен дүниетанымы жүйесіз. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. 3 топқа. Ой толғаныс.1. «Малым жанымның садағасы,Жаным арымның садағасы». Мақалды талда2. «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз». Сөйлемдегі ойды сипатта. 4 топқа. Ой толғаныс.1. Сенің егін егетін құралдарың жоқ, қажетті бидайды сатып алуға қаражатың жетпейді. Жағдайды шеш.2.Сенің қораңда отар қой тұр. Үйге сен танымайтын құдайы қонақ келді. Сенің іс - әрекетің.Үйге тапсырма: «Бақташы қазақтың бір күні» тақырыбында шағын әңгіме жазу.Бүгінгі таңда ел ордасы Астананы – көшпелілер өркениетінің айнасыдеп атап жүр. Олай дейтін себебіміз «ХХІ ғасыр ғажабы» саналатын елордада дәстүрге айналған шараның бірі – «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестивалі 2008 жылдан бері жыл сайын өткізіледі. Фестивальдің басты мақсаты – ата-баба дәстүрі көшпелілердің тұрмыс салтын көрсетіп, қазақтың ұлттық мәдениетін қадірлеп-қастерлеуге негізделген. Осы көріністі дүниеге әкелген Астаналық саябақ үш күнге бұрынғы жылдары, бүгінгі жылдары орналасқан Бұзоқ қалшығының көшірмесіне айналады. Саябақтың ішіне жағалай киіз үй тігіле ауылдар қоныстанады. Фестивальге келген қонақтар мен қала тұрғындары көшпелі мәдениеттің туындыларымен, ұлттық бұйымдарымен танысып, саятшылық өнердің қыр-сырына үңіліп әрі цирк әртістерінің қойылымдарын тамашалай алады. (Слайдтар. )Біз де осы дәстүрдің жалғастырушысы болайық