Саба?ты? та?ырыбы: «Ерте темір д?уіріндегі ?аза?стан айма?тары» тарауын ?орытындылау
Сабақтың тақырыбы: «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары» тарауын қорытындылауСабақтың мақсаты:
1.Білімділік Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, пысықтау, нақтылау, қорытындылау.
2. Дамытушылық Қазақстан аймақтары бойынша темір дәуіріндегі тарихи ескерткіштерді есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік Білімділікке, ізденімпаздыққа, бәсекеге барынша қабілетті ете отырып өз елінің тарихын, тарихи жәдігерлерін құрметтеуге және оны сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Шағын бейнетаспа, слайд, карта сызба-нұсқалар
Пән аралық байланыс: География
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ әдіс-тәсілдері: СТО, ой қозғау, өзін-өзі басқару, топтық жұмыс,
Күтілетін нәтиже: Қазақстан аймақтарын картадан көрсетіп сипаттайды, мәдениеті мен ескерткіштері туралы мағлұмат береді, тапқырлық танытып топтық жұмыс арқылы ұйымшыл болады.
Термин: Дромос, Саркофсы
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Сабақ барысы.
1. Қызығушылығын ояту
2. топқа бөлу
3.Сәйкестендіру
4.Тест
3. Ой толғаныс.
III.Үйге тапсырма беру.
Тарауға байланысты «Ерте темір дәуірі» сөзіне сөзжұмбақ дайындап келу
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының әрекеті1. Қызығушылығын ояту:
v Психологиялық тренинг өткізуv Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысадыСабағымызды бастар алдында интербелсенді тақтаға назар аударайық.
Шағын бейнетаспа Шілікті қорғаны туралы.
Мұқият қараңдар, өйткені көргендеріне байланысты мен сұрақтар қоямын. Оқушылар слайдтар қарап , келесі сұрақтарға жауап береді.
1.Бұл слайдтардан не көрдіңдер? /обалардан табылған бұйымдар/
2.Көргендерін қай дәуірдің бұйымдары? /темір/
Темір дәуіріне байланысты Қазақ жерінің қандай аймақтарымен таныстыңдар?
3.Жалпы бүгінгі сабақта не тұралы айтпақпыз деп ойлайсыңдар?
Топқа бөліну
Топтың аты
-топтың басшысы
-топтың ұраны, мақсаты.
Туған мезгілдеріне қарай 4 топқа бөлу.
«Оңтүстік» тобының ұраны:«Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз»
Мақсаты: «Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емеспе тілегі елдің»
«Солтүстік» тобының ұраны: «Күш-білімде!» Мақсаты: «Туған жерді сүю парыз Сүю үшін білу парыз»
«Шығыс» тобының ұраны:«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар »
Мақсаты: «Алғыр ұрпақ-болашақ кепілі»
«Батыс» тобының ұраны: «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар»
Мақсаты: «Толған ел тарихын таспен жазады Тозған ел тарихын жаспен жазады»
-Топтың аты
-топтың басшысы
-топтың ұраны, мақсаты.
-топпен жұмыс
топпен жұмыс
Топқа тапсырма.
Сақтардың мәдени мұралары қай өзен, тау бөктерлерінде кездеседі
Топқа тапсырма.
«Алтын киімді адам» оның ерекшелігін сипатта.
Топқа тапсырма.
Сарыарқа Қазақстанның қай бөлігін алып жатыр.
Топқа тапсырма.
Солтүстік Қазақстан табиғат ерекшелігімен географиялық орнын айтып, түсіндіріп бер.
Сәйкестендіру Тест Ой толғаныс. оқушылар білімін бекіту
Семантикалық карта
Солтүстік ҚазақстанОрталық ҚазақстанШығыс Қазақстан1 Сарыарқа +
2. 13 жирен жылқы +
3. Берел қорымы +
4. «Патша қорғандары» +
5. Есіл өзенінің оң жағалауындағы ескерткіш+
6. «мұртты обаның» 4 түрі +
7. Аргипейлер, исседондар, аримаспылар +
8. Ұлыбай—Тасмола мәдениеті+
Рефлексия Сабақтан алған әсерін жазады
Бағалау. Өзін-өзі бағалау
Тест
Оңтүстік Қазақстандағы Сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері
а) Түгіскен мен Үйқарақ
ә) Мұртты қорғандар
б) Ұлыбай, Ақтау
2. Қызылордадан 300 шақырым орналасқан қала.
а) Бәбіш-Молда
ә) Бесшатыр қорымы
б) Шірік-Рабат
3. 31 обадан тұратын қорым
а) Бесшатыр
ә) Шілікті
б) Берел қорымы
4. Бәбіш-Молда қаласының орнын анықта
а) Сырдарияның көне арнасы Жаңадария бойында
ә) Іле өзенінің оң жағалауында
б) Қызылорда маңайында
5. Есік обасынан табылған «Алтын киімді адам» жас шамасы
а) 17-18 жас шамасы
ә) 18-20 жас шамасында
б) 20-22 жас шамасында
6. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері қалай аталады?
а) Тасмола
ә) Ақтау
б) Бәйте, Терең
7. Мұртты обалардың неше түрі болған
а) 4
ә) 3
б) 6
8. Солтүстік Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауыса бастаған кезеңі
а) Б.з.б. 1 мың жылдықта
ә) Б.з.б. 3 мың жылдықта
б) Б.з.б. 6 мың жылдықта
9. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа
а) исседондар
ә) Аримаспылар
б) дайлар
10. шілікті жазығында қанша ескерткіштер орналасқан
а) 200-дей
ә) 50-ден астам
б) 150-дей
3.«Сәйкестендіру»
Шілікті Ескерткішін алғаш зерттеген кім
З. Самашев
Берел Қорымын зерттеген ғалым С. Черников
Шілікті қорымындағы №1 обаны ашқан К. Ақышев
Есік обасынан «алтын киімді адамды тапқан» ғалым Ә. Төлеубаев
Шілкті қорғанының биіктігі 9 метр
Берен қорымының ең биік нүктесі 8 метр
Сарыарқаның солтүстік батысында Исседондар
Сарыарқаның орталығында Аргиппейлер
Сарыарқаның шығысында Аримаспылар
Солтүстік ҚазақстанОрталық ҚазақстанШығыс Қазақстан1 Сарыарқа
2. 13 жирен жылқы 3. Берел қорымы 4. «Патша қорғандары» 5. Есіл өзенінің оң жағалауындағы ескерткіш
6. «мұртты обаның» 4 түрі
7. Аргипейлер, исседондар, аримаспылар
8. Ұлыбай—Тасмола мәдениеті
Оқушыларды бағалау парағы
№ Топтар Топпен жұмыс
(Кортошкалық тапсырма) Сәйкестендіру Тест Ой толғаныс (сементикалық карта)
1 Солтүстік (қоңыр) түс
2 Оңтүстік (жасыл) түс
3 Шығыс (сары) түс
4 Батыс (қызыл) түс
1 дұрыс жауап 10 балл