Презентация по математике на тему Онды? б?лшектерге амалдар ?олдану (5 класс)
Пәнарамалық сабақТақырыбы : Математикалық поездr
Cабақтың тақырыбы: Математикалық поездСабақтың мақсаты:Білімділігі: Өткен материалдан алған білімдерін оқушы санасына бекіту. Өткен тақырыптар бойынша әртүрлі есептерді шығара білу, ойын элементтерін пайдаланып, оқушылардың білімін жүйелеу, жалпылауДамытушылығы: Іскерліктерін, ойлау қабілеттерін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыруТәрбиелігі: Оқушыларды есеп шығаруда шыдамдылыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Ойын сабақСабақтың әдісі: Кесте, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмаКөрнекілігі: Поезд, киіз үй, топшамалар
Барысы:3. “Математикалық поезд” ойыны; 1.Ұйымдастыру; а) амандасу б) түгендеу 5. Үйге тапсырма; 4. Қорытынды; 2. Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау;
ppt_y
"Математикалық поезд" ойыныОйын шарты: Класс 3 топқа бөлінеді. Математикалық поездбен «Сыйлықтар еліне» жету үшін “Оқып туған”, “Білім қуған” аялдамаларынан өтуіміз керек. Математикалық поездға отыру үшін билет алу ережесі: Кассадан үш есептен тұратын поездға отырғызу билетін аласыздар.
№1 есепАмалдарды орындаңыздар1. (4,23-2,34):21= 2. (7,13+9,25):13=3. (1,85+3,25):34=
Сұрақ-жауап1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз? 2. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөлеміз? 3. Егер бөлінгіштің бүтін бөлігі бөлгіштен аз болса, қалай бөлінеді?
Билет алу үшін орындалатын тапсырмалар
1 билет- жалпы вагонСамал 2,16 кг, ал Айша одан 3 есе аз дәрілік шөп жинады. Айша қанша дәрілік шөп жинайды?
2 билет- купе вагон Азық-түлік қоймасындағы 1503,6 кг күрішті қаптағанда 28 қап болды.Бір қапта неше кг күріш бар?
3 билет- жұмсақ вагонБірінші поезд 4 сағатта 251,6 км, екінші поезд 5 сағатта 298км жол жүрді. Поездардың жылдамдықтарын тауып, саластырыңдар.
Поездға отырғызу аяқталды.Жолдарыңыз болсын!
"Сыйлықтар еліне" тез жету үшін арадағыаялдамалардан өту керек.
"Білім қуған" аялдамасы 1. 0,5х=25 2. 4,2х=8,4 3. 1,2х=3,6
"Оқып туған" аялдамасы1.Глобус қандай фигураны елестетеді?2.Қай айда 28 күн бар?3. Бір тауықтың салмағы 3 кг. Егер тауық бір аяғымен тұрса, салмағы қанша кг.4. 7 тауықтың бір-бірден балапандары бар. Олардың барлығы нешеу?5. Бір жұмыртқаны пісіру үшін 3 мин уақыт кетеді. Бес жұмыртқаны пісіру үшін неше мин. кетеді.
Сонымен біз «Сыйлықтар еліне» келдік. Енді қонақ үйге орналасу керек. Ол үшін орын болма, жоқ па білу үшін мына есептерді шығарайық.
І киіз үй эскизі Шаңырақта: 42а+8, мұндағы а=5 Кереге: 3х+14х, мұндағы х=3 Есікте: 26у-3, мұндағы у=2Өрнектің мәнін тап
Үй тапсырмасыІІ киіз үй эскизі Шаңырақта: 54а+12, мұндағы а=3 Кереге: 15х+32х, мұндағы х=12 Есікте: 36у+14, мұндағы у=2
Бағалау Қорытындылау